Қазақ билері —
ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған. Билер
өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып
отырған.
Батырлар көбіне әлеуметтік жіктің өкілдері арасынан шықты. Олардың бар өмірі елдің
қонысын кеңейту, халықты жаудан қорғау жолындағы жорықтарда өткен. Ел үшін жанын қиған
Батырлардың есімі ел ұранына айналып, халық олардың аруақтарына табынған. Ата
-
бабаларынан бері қарай Батыр атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс даласын
тастамағандар қара Батыр не қара берен Батыр, қауіп
-
қатерді елемей, ұрысқа жалғыз кіріп
ерлік көрсеткен адам жеке Батыр атанған
44.
Жәңгір хан және «Орбұлақ шайқасының» нәтижесі, тарихи маңызы.
.Жәңгір хан (1610
–
1652)
—
1643
–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім ханның ұлы. Ол
хан тағына Есім хан өмірден өткен соң отырды
Орбұлақ шайқасың нәтижесі. - Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында
үш ірі шайқас болған:
бірінші шайқас —
1635 жылы
екіншісі —
1643-
1644 жылдары
үшіншісі
—
1652 жылы
Екінші ірі шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл жасауынан
басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды
тұтқынға түсіреді. Жәңгір хан жоңғарларға тойтарыс беру үшін 600 сарбазымен Орбұлақ
өзенінің
бойына беттейді. Осы жерде әйгілі Орбұлақ шайқасы өтеді. Жәңгір ханға көмекке 20
мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының
көмегі арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр
болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады.