Оқу жылына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен №1 межелік бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата16.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#124244
1   2   3   4   5   6   7
Тарихи маңызы
-
Тактикалық әдіс түрінде Орбұлақ шайқасы күштерді біріктіре білгендікті 
көрсетті. Қазақ хандығының әскери өнерінің тарихында тұңғыш рет оқпана қазып соғысу тәсілі
қолданылды. Қазақ шежірелерінде және халық аңыздарында соғыс жоңғар Алатауында, 
Орбұлақ деген жерде болған.
45.
"Белгісіз жылдар". Сайрам соғысы 1652-1680 жж.
Сайрам шайқасы –
қазақ
-
жоңғар арасындағы 1684 жылы болған шайқас.Қазақ хандығында 
қалыптасқан
ауыр жағдайды пайдаланып, 1681 жылы жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошигт 
қалың қолменЖетісуға басып кіреді. Шу, Талас арқылыАрысқа жеткен жоңғарлар қазақ 
жасақтарын жеңіліске ұшыратып, Сайрам қамалын қоршады. Бірақ, Сайрам қамалы 


берілмейді. Жоңғар әскері
қысқа қарай кері шегініп, Іленің жағасына кетіп, күш жинады. 1682 –
83 жылдары соғыс Сайрамның түбінде жүрді. Екі жақ бір
-
біріне алдырмады. Ақыры, 1684 
жылы жазда Қалданның інісі Севан Рабдан Сайрамды басып алды. Жоңғарлар мыңдаған 
тұтқындарды, қисапсыз олжаны қолға түсірді. Сайрам шайқасынан кейін Жетісу өлкесі 
жоңғарлардың билігіне көшті.
46.
Қазақ хандығын нығайту жолындағы Тәуке ханның жүргізген саясаты. «Жеті-Жарғы». 
47.
Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясы: Мауераннахрмен 
48.
(шайбанидтер, аштарханидтер), Иранмен, Осман империясымен байланыс орнату 
әрекеттері, қазақ-орыс қарым-қатынасы Айзат
49.
XIV–XVIII ғғ. басындағы қазақ мәдениеті. 
50.
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси 
жағдайы. 
51.
Жоңғар шапқыншылығы. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Жанерке
52.
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі. Бұланты, 
Аңырақай шайқасының тарихи маңызы. Не понятка
53.
Қазақстандағы отаршылдық саясаттың басталуы. 
XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы 
өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс 
мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен 
шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары 
өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға 
және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді. 
Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнатып, оны дамыту 
үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы 
мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. 
Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 
1714 жылғы 22 мамырда «Святая Наталья» галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы 
экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды. 1715 жылдың шілдесінде, өз 
құрамында 2797 адамнан тұратын И.Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты. 
1715 жылғы бірінші қазанда И.Д. Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті, сол жерде 
Ямышевск деп аталатын бекініс салды. 


Жоңғарлар қоршау кезінде (3-ай) қиратып тастаған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, 
Бухцольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 
жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады. 
Бухгольц Петербурге кеткеннен кейін толық қожайын болып алып, енді өз қалауы бойынша 
әрекет етуге уәкілдік алған Сібірдің бірінші губернаторы М.П. Гагарин Ертіс бойында жаңа 
бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жібереді. 1717 
жылдың жазында П. Северскийдің отряды – Железинск, В. Чередовтың отряды – Қолбасин 
бекіністерін салды. В.Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс- Семипалатинск (Семей) бекінісін 
1718 жылы салды. 
Көп кешікпей патшаның өз өкімімен майор И.М.Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда 
дайындалды, оған көлді (Зайсан) толығырақ зерттеу, сондай-ақ оған И.Д.Бухгольңтің 
экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егыжей-тегжейін білу тапсырылды. 
Экспедицияның келе жатқан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғарлар И.М.Лихаревтің 
солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге, мәжбүр етті, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған 
И.М.Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды. Нақты сол жылы тағы да 
бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск 
форттарын салып, 3 әскери- саяси шеп-Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз қалады. 
Абакан Острогімен (1707 ж.), Бикатун бекінісімен (1709 ж.) қатар, жақсы машықтандырылған 
гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер 
жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ертіс өзендерінің аралығын Россия 
иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды 
қамтамасыз етті. 
XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Еділ бойы, Орал, Сібір мен 
Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын жақсартуға және жаңа 
шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Жайық казактарының күшімен 14 қамал: 
Переволоцк, Чернорегенск, Татищев, Нижнеозерная, Расыпная, Елек қалашығы, Жайық, 
Сахарная, Калмыкова, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 
1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса 
қазақтар мен қоныс аударған шаруалар бар 15000-ға жуық адам тұрды. 
1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды. XVIII ғ. 30-40-шы жылдары Жоғарғы 
Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған үй шебін құру 
аяқталды. 
1752 жылы 9 қамал мен 53 редуттан тұратын әскери бекіністердің Ново-Ишим шебін салу 
аяқталды. Бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск шебін Ертіс шебімен жалғастырды. Ново-
Ишим шебінде 2518 башқұрт, 2 драгун полкі, 800 казак, тұрақты әскерлердің, эскадроны болды. 
XVIII ғ. 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Семей, Омбы, Железинск, 
Петропавл, Өскемен, Ямышев қалалары) салу аяқталды. 
Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің отарлауына 
кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез 
көбейді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.
54.
Абылай ханның сыртқы саясаты мен дипломатиясы. 


Орта жүз бен Ұлы жүздегі жағдай аз уақыт турақталғаннан кейін XVIII ғасырдың 40-
жылдарының аяғына қарай тағыда шиелініске бастады. Қойтайшы Калдан –Церен қайтыс 
болған соң Жоңғарғарияда орын алған өзара қырқыс осы құдіретті державаның әлсіресеуіне 
және бүкіл аумақтағы саяси жағдайдың шиеленісуіне әкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды 
пайдаланған қазақ даласының билеушіері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің істеріні 
белсене араласа бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Әбілмәмбет болып қалғанына 
қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды султан Абылайдың қолына жинақтала берді, ол 
қазақ – жоңғар соғыстарының барысында қалыптасқан батырлар мен билердің үлкен қолдауын 
сүйенетін. 
Абылай хан 1711 жылы қанішер Абылай ханның баласы Уәли султанның шаңырағында дүниеге 
келген. Оның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр болатын. Жоңғарлар Түркестанды алып, 
Уәли султанды өлтірген кезде, 13 жасар бала мүлде панасыз қалады да, Әбілмансұр Ораз дейтін 
құлының арқасында жан сақтап, бұғанасы бекиді. Ұйпа – тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны 
Сабалақ деп атап кеткен. Болашақ хан Әбілмансұр 1730 жылы ауыл адамдарымен бірге 
жоңғарларға қарсы шайқасқа қатынасып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі. 
Сөйтіп, Абылай 30-жылдардың аяғынан бастап, елдің саяси өмірінде тағдырлы соғыс және 
бейбітшілік проблемаларын шешкен көрнекті тұлғаға айналды. Сол арқылы Абылай бүкіл күш- 
қарайтын жоғарғы билікті нығайтуға және қазақ хандығын ұзаққа созылған саяси дағдырыстан 
шығаруға бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуы оның Жоңғарияға қарсы 
белсенді де нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті. 
Цин агрессиясына тойтарыс беру және Қазақстанның шығысындағы жерлердің қайтарылуы 
Орта жүзде ғана емес, Ұлы жүзде де Кіші жүзде Абылай султанның билігін нығайтты. 1752 
жылы Барақ султан қайтыс болғаннан кейін ол іс жүзінде қазақ жерлеріндегі бірден - бір толық 
құқығы билеушіге айналды. 
Әбілмамбеттің мәртөбесі 2 жақты болды. Бір жағынан, ол жоғарғы хан деп есептеле берді және 
Ұлы жүз бен Орта жүз қоңыстарын тексеру сапарына жиі шығып тұрды. Екінші жағынан 
Әбілмамбет Абылайсыз бірде – бір елеулі шешім қабылдамайтын. Мәселен, 1763 жылы Орталық 
Азия елдерінің циндерге қарсы одағына қосылуға шақырып, өзіне жолданған хатты ол Абылайға 
жіберген . 
Орта жүзде Абылай билігінің нығайюына елдің оңтүстік шекараларын нығайту жөніндегі 
белсенді қызметі себепші болды. 50-60 жылдардың басында қазақтардың қырғыздармен 
қатынастары ерекше шиеленісіп кетті. Алатаудың солтүстік жағындағы, Жоңғария құлағыннан 
кейін қазақтар да, қырғыздар да көз тіккен Жетісу жайылымдары дау нысанасына айналды. 50 
жылдардың аяғында бұл жерлерге Ұлы жүздің қауымдары берік орнығып алған еді, алайда 60-
жылдардың басында жер дауы ашық соғысқа ұласты. 1760 жылы қырғыздар дулат және қоңырат 
руларының қоңыстарына шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Абылай едәуір әскер жинап, 
тамыз айында Талас қырғыздарын жеңіліске ұшыратты. Алайда, қазақтардың жеңіске жеткеніне 
қарамастан, 60 жылдарда жанжал шешілген жоқ. Бұған Қазақстанның халықаралық аренадағы 
күрделі жағдайын, қытайлардың басып кіру қауіпінің сақталуы, сондай-ақ күшейіп келе жатқан 
Қоқан мемлекеті тарапынан қауіп тууы себебі болған еді. Дегенмен, 60-жылдардың аяғында 
Абылай Қазақстанның онтүстігінде де өз жағдайын нығайтып алды. Ұлы жүздің қазақтары 
әділетті түрде оны өз мүдделерін қорғаушы деп біле бастады. Сонымен, 60-жылдардың аяғына 
қарай Абылай султан Қазақстанның көпшілігі бөлігінде жоғарғы билікті нығайтып алды. Орта 
жүз бен Ұлы жүз оған толық бағынды, Кіші жүздің көптеген билеушілерімен ол әулеттік қыз 
алысып, қыз берісу арқылы туыстық жағынан байланысты болды. Батыр хан мен Ералы султан 
оның одақтастары еді, тіпті Нуралы хан онымен санасуға мәжбүр болды. Әбден қартайған 
Әбілмәмбет ресми түрде жоғарғы билеуші болып қалғанымен, сол кезеңнің өзінде-ақ Абылай 
ресми хат алысқанда хан деп атала бастайды. Әбілмамбет қайтыс болғаннан кейін ғана Абылай 


1771 жылы жалпы қазақ ханы болып жарияланды. Бұл бір тутас тәуелсіз қазақ хандығын 
сақтауға жасалған соңғы әрекет еді. 
Абылай ханның сыртқы саясаты. 
Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның 
Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен 
қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте 
жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз 
иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша 
икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің 
адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына 
әлдеқайда ынталықпен..., ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты 
қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» 
отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша 
қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол 
Россиядан өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. 
Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған әскер бөлуден бас 
тартты. 
Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан 
да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми 
түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта 
түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 
жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол 
қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай 
Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына 
қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді. 
Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы 
арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса 
берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы 
жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен 
және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен 
Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің 
бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына 
жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған 
емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген 
саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және 
қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде 
себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек 
кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, 
көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен 
біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 
жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи 
кесенесіне жерленді.
55.
Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері XVIII ғасырдың аяғында. 
XVIII-XX ғасырлардағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет