Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында өлкеміздегі киелі орындарға мән беру, олардың картасын жасауды көздейтін жоба
Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында өлкеміздегі киелі орындарға мән беру, олардың картасын жасауды көздейтін жоба:
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасының үшінші басым бағыты:
Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылға Қазақстан халқына Жолдауы (2020, қыркүйек): Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерле-ріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бей-жай қал-маған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіз-дер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер.Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын
Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты мін-дет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орында-рын және халықтың табысын сақтап қалу.Мемлекет тарапынан әлеу-меттік саладағы және эконо-миканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орын-далатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион тең-ге бөлінуде. Әлеуметтік төлем-дерді индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.Біз қазіргі қиындықты міндетті түрде еңсереміз. Де-генмен, еліміздің жаңа геоса-яси ахуалдағы ұзақ мерзімді дамуын естен шығармауымыз керек.Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет. Дей тұрғанмен, болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осын-дай дағдарыстар мен іргелі өз-герістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс.Тұңғыш Президент – Ел-басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты-ның арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қалан-ды, әлемдік аренада абырой-бе-делге ие болдық