Оқу жылына талапкерлерді қабылдау тәртібіндегі өзгерістер



Дата16.05.2022
өлшемі13,67 Kb.
#34571
Байланысты:
Колледждердің болашақ студенттері үшін тамаша жаңалық


2022-2023 оқу жылына талапкерлерді қабылдау тәртібіндегі өзгерістер

Биыл колледждерде білім алу үшін гранттар саны 45 мыңға артады, ал барлығы 125 мың грант бөлінеді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арнайы гранттар қарастырылған, ол үшін «Білім туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, енді көп балалы отбасылардан шыққан балаларға – гранттардың 5%, толық емес отбасылардан шыққан балаларға - 1%, физикалық мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылардан шыққан балаларға-1% бөлінуі көзделген.

Квоталар 9 санат бойынша қарастырылады. Көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін 5%, мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балаларға 1%, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін 1% квота қосылды. Балдар тең болған жағдайда квоталық санат және аттестаттың орташа балы ескеріледі

Өткен жылы колледждерге қабылдау 10 мыңға артып, 166 мың адамды құрады, оның ішінде 93 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыс бойынша (тегін оқуға) түсті, соның ішінен 67%-ы квоталық санаттар бойынша өтті (61,9 мың адам).

Бүгін біз техникалық мамандықтарға сұраныстың артып келе жатқанын көріп отырмыз, бұл туралы Мемлекет басшысы да айтты, сондықтан 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70%-ын (қазір 45%) металлургия, IT, құрылыс, инженерия және қызмет көрсету сияқты бағыттар құрайтын болады.

Бүгінде әкімдіктер жанындағы арнайы комиссиялар өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар тізімін жасап жатыр. 30 сәуірден бастап облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының сайттарында мемлекеттік тапсырыс көзделген мамандықтар туралы ақпаратпен танысуға болады.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАҚСАТТЫ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША МАМАНДАР ДАЯРЛАНАДЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты оқытуды енгізіп жатыр. Мұндай мемлекеттік тапсырыстың артықшылығы бар. Яғни студент колледжді бітіргеннен кейін тапсырыс берушінің кәсіпорнына жұмысқа орналасады. Биыл кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр.

«Мұндай ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын жаңартуға және еңбек нарығының сұранысына сай кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Яғни белгілі бір мамандарға өтінім беру арқылы кәсіпорын өз өндірісіне сай дайындалған кадрларды алуға мүмкіндігі болады. Кәсіпорын колледж-студент-кәсіпорын үшжақты келісімшартына отырғаннан кейін оқуын аяқтаған студентті жұмысқа орналастыруға міндетті болатынын айта кетейін», - деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, мұндай ынтымақтастық тек студенттер үшін ғана емес, сондай-ақ мұғалімдер үшін де тиімді. Өйткені келісімшарт жасалғаннан кейін педагогтер серіктес кәсіпорын базасында тағылымдамадан өте алады. Оқу нәтижесі бойынша кәсіпорын студенттерден қорытынды емтихан қабылдайды.



Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де нысаналы тапсырыс беріледі. Оларға мамандықтар тізімі бөлініп, түлектердің оқу мүмкіндіктеріне сәйкес жеке, бейімдеу бағдарламалары әзірленеді.

Қызылорда облысы бойынша колледждерге 1600 орын республикалық бюджеттен бөлінген биыл. Сосын жылда бөлінетін жергілікті бюджеттен 3180 орын бар. Жалпы 4780 орын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет