Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет16/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   127
Ресурстар
Мұғалімдерге қолдау көрсету үшін ҚР МЖМБС-2015, оқу бағдарламалары

және оқу жоспарлары (ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері), критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік-нұсқаулық материалдар, сандық білім беру ресурстары ұсынылатын болады. Мұғалімдерді Зияткерлік мектептердің ресурстық орталықтары, онлайн-консультативтік жүйесі арқылы оқыту жүзеге асырылатын болады. Академияда мұғалімдер үшін әдістемелік қамтамасыз ету және көмек көрсету мақсатында «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндері, «Математика», «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндерінен, «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқытудан қысқа мерзімді жоспарлар дайындау бойынша әдістемелік құралдар мен ұсыныстар және басқа материалдар әзірленді.

Аталған құралдар Академия сайтында (www.nao.kz) орналастырылған. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ресми сайтында http://nis.edu.kz,

жаңартылған білім мазмұны бойынша барлық ақпаратты біріктіретін және барлық орталықтардың сайттарындағы сілтемелерден тұратын, жаңартылған білім мазмұнын тарататын бірыңғай он-лайн платформа құрылған.www.cpm.kz, www.cep.kz, www.erc.kz, www.cpi.kz.



Педагогикалық тәсілдер және ынтымақтастық
Жаңартылған білім мазмұны мұғалімнен әрекеттік технологияларды енгізу, балалармен адамгершілік қатынас қағидасын іске асыруы арқылы сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен шығармашылық қатынасын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді.

Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану



34


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. Мұғалім әріптестерімен бастауыш сыныпта оқыту бойынша желілік кәсіби қауымдастық шеңберінде, коучинг және менторинг процестерінде кәсіби ынтымақтастық орнату қабілеттерін жетілдіруі қажет.

Қолданыстағы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларының оқыту мақсаттарына табысты қол жеткізудегі түрлі әдістер, технологиялар мен стратегияларды қолдану жөнінде мұғалім үшін ұсыныстар берілген «Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері» бөлімі қосылған.
Мысалы:

стратегиялар: өздігінен басқарылатын, эксперименттік, сыни, коммуникативтік, мәнмәтіндік;


технологиялар: шағын топтардағы (командадағы) жұмыс, кейс-стади (нақты жағдаяттар талдауы), рөлдік және іскерлік ойындар, модульдік оқыту.

әдістер: проблемалық оқыту, жеке оқыту, пәнаралық байланыс, тәжірибе негізінде оқыту, жобалау әдісі.


Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу және оқытуда стереотиптерді жоюға, өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Ол үшін он-лайн және оф-лайн режимдерінде әріптестерімен белсенді қарым-қатынас және тәжірибе алмасу, талқылау және ынтымақтастық орнатуда, ортақ проблемалар мен инновацияларды енгізуде мұғалімдердің кәсіби желілік қауымдастығын пайдалану ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет