Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет14/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   127
3 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3.1 Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1-сыныпта пәндерді оқытудың ерекшеліктері

2016-2017 оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылады. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқитын болады.

Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы , сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.

Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады.

Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында.

Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс.

Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады.
Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепте:

энциклопедиялық сипаттағы фактологиялық материалды беруге бағытталған оқытудан, акцентті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру;

ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру;

ақпаратты өздігінен алу, талдау және тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру;

оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын және білім салалары бойынша әрі қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту көзделеді, яғни оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды».

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:

- пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен

31
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы



біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);

таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;

білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;

бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу;
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылу болып табылады.

Бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты кезеңі – бірінші сыныпта оқу процесін ұйымдастыру.

1 сыныптарда оқыту мақсаты - 6-7 жастағы бүлдіршіндерде буынмен оқу, тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау, жатқа айту қабілеттерін қалыптастыру, сауатты жазу қабілеттеріне дағдыландыру, байланысты сөйлеуін дамыту және т.б. болып табылады. Сондықтан, бірінші сыныптықтардың танымдық қызметінің оң мотивациясын қалыптастыру ерекше маңызды болып саналады және оқу процесі қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту қағидасы бойынша құрылуы тиіс.

Бірінші сыныптардың оқушыларына оқу жылының бірінші жарты жылдығында баға қойылмайды , ынталандырудың басқа әдістері мен тәсілдері қолданылады. Бірінші сыныпта оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.

Білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды.

ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес 1 сыныпта балалардың оқу процесіне бейімделу кезеңін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесі бірте-бірте ұлғайтады, яғни оқу жүктемесін біртіндеп өсірудің « сатылы» сабақ кестесі қолданылады: қыркүйекте ұзақтығы 35 минуттан үш сабақ екiншi тоқсаннан бастап 35 минуттан төрт сабақ жоспарланады; екiншi жартыжылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан болады.

1 сыныпта қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ). Оқу жылының барысында 1 сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс беріледі.

Сабақ кестесіндегі үзілістердің ұзақтығы оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалысын ескеруі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет