Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет49/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127
анықтаңыз.

100


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Ақпараттың негізгі компоненттері, көзбен шолу және ауызша дәлелдерді біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз.

Жеке компоненттер арасындағы ұқсастықтарды және айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз.

Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз.

Дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы келетінін бағалаңыз.

Сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде алынған білімді қолданыңыз.

Тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен

маңыздылығын негіздеңіз.

Жаратылыстану, география, физика, химия және биология сабақтарындағы пәнаралық байланыстар қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады.

Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз беттерінше жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді.


«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «өмір», «адам», «табиғат кешені», «экономика және экология», «зат», «дене», «энергия», «күш», «қозғалыс» және «даму» ұғымдарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.


Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын оқу барысында, басқа пәндерден бұрын алынған білімдерге сүйенуді қарастырады (мысалы, жаратылыстану, география, биология курстарынан алынған білім).

Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).

Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму



101


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», «жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.

«ЭКСПО-2017» ғылыми-техникалық көрмесін өткізудің елдің дамуы үшін стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу маңызды болып саналады.

Оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары – оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Оны дұрыс ұйымдастыру арқылы, сабақ барысында алынған білімді пысықтауға және тереңдетуге, оқушының оқуға деген тұрақты қызығушылығын арттыруға мүмкіндік пайда болады. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:

– үй тапсырмаларын оқулық параграфтарын жаттап алуға және тапсырмаларды орындауға ғана пайдалануға болмайды. Шығармашылық, эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды көбірек қолдану қажет;

– үй тапсырмаларына оқушылардың өз оқу әрекеттерінің нәтижелеріне өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма элементтерін қосу;

– үй тапсырмасына мазмұны және орындалу түрі бойынша түрлілігімен ерекшеленетін тапсырмалар беру;

– үй тапсырмасының көлемін анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс.

Білім беру саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау курстарының ұсынылатын тақырыптар. Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет