Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері



бет7/11
Дата11.12.2023
өлшемі406 Kb.
#136921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері


2.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы


Қазақ тілі
Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде оқушыларға пәндік білім беріп қана қоймай, тілдің қоғам мен жеке тұлғаның дамуындағы атқаратын қызметіне сай тілдік қарым-қатынасқа түсуге, өз ойын түсінікті әрі әсерлі жеткізе білуге, басқалармен диалогке түсе білуге төселдіру қажет. Қазақ тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің өз өміріндегі және қоғамдағы рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын халықтық таным тұрғысынан пайымдауға үйретеді. Тілдің қатысымдық тұрғыдан оқытылуы тілдесім әрекетінде іске асырылатын тілдік бірліктердің табиғи және функционалдық қасиеттерін тануға, оның ішкі мағыналық иірімдерін түсініп пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сөз бен сөйлемді, мәтінді әрі тілдік, әрі қатысымдық бірлік ретінде оқыту тілдің мәдени-танымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне жол ашады.
Мектеп оқушысына тілді қатынас және таным құралы ретінде оқыту; сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтінтүзімдік қызметін таныту; тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құрату; мәтін құраудағы заңдылықтарды үйрету; тілдік жағдаяттарда ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгерту; әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игерту көзделеді.
Пәнді оқыту мақсаты:
Өзін және өмір сүріп жүрген ортасын бағалай алатын жас ұрпаққа білім беретін, ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің білімдік, танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту. Мәтін құрауға қатысатын тілдік бірліктердің түрлі деңгейдегі сипаттамасын, қолданыстағы мағыналық реңктерін және қатысымдық мәнін білгізу.
Пәнді оқыту міндеттері:

  • тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;

  • тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;

  • тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;

  • тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту;

  • мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту;

  • тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату;

  • тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру;

  • дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;

  • оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;

  • оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;

  • әдеби тіл нормаларын меңгерту;

  • тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;

  • оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

  • шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;

  • мәтін табиғатына талдау жасай білуі тиіс.

Мектептің негізгі орта білім беру деңгейіндегі қазақ тілі пәнін оқытуда оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру және әдеби тіл нормасын меңгерту көзделеді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы талаптарына сәйкес қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесі (оқыту мақсаты, білім мазмұны, күтілетін нәтижелер) жаңғыртылып, оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктері негізінде дамытуға басымдық берілді. Оқу пәнінің білім мазмұны коммуникативтік, прагматикалық талаптар бойынша жетілдірілді.
Білім мазмұны тіл білімі саласы бойынша соңғы ғылыми зерттеулерге сай орфография, орфоэпия, стильдік нормаларды қалыптастыру тұрғысында жетілдірілді.
Фонетика, морфология, синтаксис, пунктуация салалары бойынша берілген тақырыптарға жүйелілік толықтырулар жасалды.
Тіл білімінің ең күрделі саласы синтаксис оқытылатын 8-сыныптың апталық жүктемесі 2 сағаттан 3 сағатқа арттырылуы оқушылардың білім мазмұнында қамтылған тақырыптарды меңгеруіне оң ықпал етеді.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (2012 ж.) сәйкес пәндік, тұлғалық және жүйелі-әрекеттік нәтижелер түрінде айқындалып, сыныптар бойынша нақты көрсетілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі. 4-қосымша:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет