Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері



бет3/11
Дата11.12.2023
өлшемі406 Kb.
#136921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық-құндылық қатынасының, оқу процесіне оң мотивациясының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.


Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».



    1. «Тіл және әдебиет» білім саласы



Сауат ашу (оқу, жазу)
Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады.
Пәнінің басты мақсаты - оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру.
Пәнiнiң мiндеттерi:
Әлiппеге дейiнгi кезең: сөздiк қорын байыту, лексикалық тақырыптар бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; дыбысталатын тiлдi, сөйлеудi талдау (сөйлем, сөз, буын, дыбыс); дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретi); дыбыстық сызба құру, оны «оқу»; жазуға даярлау (әртүрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру); жазу жолын сақтай отырып әрiп элементтерiн жазуға үйрету.
Әлiппе кезеңi: құрамында жаңа таныстырылған әрпi бар сөздермен сөздiк қорын байыту; жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; байланыстырылған мәтiндi оқу; жазуға үйрету.
Әлiппеден кейiнгi кезең: оқуға, жазуға,оқушының тiл дамытып, алғашқы грамматикалық мәліметтер беру.
Пәннiң негiзгi ерекшелiгi  әлiппеден кейiнгi кезеңнiң II жартыжылдық бойы жалғастырылып оқытылуы. Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады.
Әліппеге дейінгі кезең:
Тыңдалым. Ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушінінің немесе мұғалім сөзің аяғына дейін зейін қоя тыңдай білу. Ақпаратты дұрыс қабылдау, негізгі ойды түсіну, жауап беруге дағдыландыру.
Айтылым. Сөздерді, дыбыстарды анық дұрыс айту; мағынасын түсініп, орынды қолдану; тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білу; оқу міндетіне сәйкес монологтік сөйлеуді меңгеру; өзі, ата-анасы, достары туралы пікір айту, суреттеу, баяндау; сөйлеу мәдениеті нормаларын қалыптастыру; л-р, н-ң, с-ш, ж-ш, п-б дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру.
Оқылым. Сөйлеу, сөйлем және сөз туралы түсінік; сөйлеудің сөйлемнен, сөйлемнің сөздерден, сөздің буыннан құралатындығын графикалық сызба арқылы ұғындыру және оны оқу; сызбаларға сәйкес сөйлем құрастыру; буын туралы алғашқы түсінік; сөзді буынға бөлу, буын санын, буын түрлерін анықтау; буындардан сөз құрау, оқу; дыбыс және әріп туралы алғашқы түсінік; буынның дыбыстардан құралатындығын сызба арқылы ұғындыру; дыбыстардың дауысты, дауыссыз болатындығы, оларды қалай ажыратуды игеру; дыбыстардың артикуляциясына ерекше мән беру; буындық-дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Жазылым. Жазу жұмысына дайындық жаттығуларын жүргізу; санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау; дәптермен таныстыру; бастырып жазу, үздіксіз жүргізіп сызу, әріп элементтерін жазуға үйрету.
Тіл дамыту. Сөздік қорын байыту; суреттер бойынша кім? не? кімдер? қайтті? не үшін? қанша? сұрақтарға жауап ала отырып, заттардың атын атату, сапалық қасиеттерін, қимыл іс-әрекеттерін айтқызу, сурет ойынша әңгіме құрату, ертегі айтқызу; тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақтар жаттату.
Әліппе кезеңі:
Дыбыстар мен олардың әріптері оқулықтағы реттілікпен оқытылады.
Әліппеден кейінгі кезеңі:
Оқу. Шағын көлемді тілі жеңіл шығармалар оқу; әдеби жанрлар туралы алғашқы түсініктер; шығармалардағы көркем, бейнелі сөздерді сезіну түйсіну, мәтінді талдау; оқу түрлерін меңгеру; сөздерді тұтас оқу; дауыс ырғағы, нақышын келтіре отырып оқуға машықтандыру.
Жазу. Сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу дағдысын жетілдіру; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазуға дағдыландыру; есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтау сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; дыбыстық, буындық құрылымы әртүрлі сөздердегі дыбыстардың ретін анықтай алу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазу; сөздерді тасымалдай білу.
Тіл дамыту. Сөздік қорын жаңа сөздермен байыту, грамматикалық тұлғада жүйелі байланыстырып орынды қолдана білу, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білу; сөйлеудің диалогтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту; сөйлеудің монологтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту; суреттер топтамасы, тірек сөздер, дайын үлгі, жоспар бойынша әңгіме (мәтін) құрастыру, мәтінге ат қою; мазмұндаманың негізгі түрлерімен таныстыру; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дыбыс және әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер туралы білімдерін жалпылау, пысықтау; жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен әріптер, оларды салыстыру, ажырату; а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі; қосарлы и, ё, я, ю дыбыстары мен әріптері, олардың емлелерін игерту.
Буын; тасымал; тасымалданбайтын сөздер; сөз; сөз және оның қызметі; кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер; бас әріптен басталып жазылатын сөздер; не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер; қандай? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы түсінік қалыптастыру.
Сөз және сөйлем; Сөйлем; сөйлемнің бас әріппен басталып жазылып, соңына тыныс белгілерінің қойылатыны; сөйлем түрлері (жай, лепті, сұраулы) жайлы түсінік қалыптастыру.
«Сауат ашу» (оқу, жазу) 1-сыныпта оқу жылы көлемінде аптасына
7 сағаттан, барлығы 231 сағат оқытылатын пән.
Бұл пән дәстүрлі түрде үш кезеңге бөлiнген:
әлiппеге дейiнгi кезең – 14 сағат;
әлiппе кезеңi – 98 сағат;
әлiппеден кейiнгi кезең – 119 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет