ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата06.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#8315
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

 
Жаратылыстану  
«Жаратылыстану»  оқу  пәнінің  мазмұны  табиғатты  ғылыми  тұрғыдан 
танудың  әдістерін  ашады;  Ғалам,  Күн  жүйесі,  Жер  ғаламшары,  оның 
қозғалысы,  пішіні,  беткі  қабаты,  магниттік  қасиеттері  жайлы,  атмосфера, 
гидросфера, литосфера және Жер ғаламшарындағы адам туралы түсінік береді; 
денелер мен заттар, олардың қасиеттері; Жердің тірі қабаты туралы; қоршаған 
орта және адамның ондағы орны туралы білім қалыптастырады.  
Жаратылыстану  курсын  оқытудың  мақсаты  оқушылардың  бойында 
ғылыми-жаратылыстану  білімдерін,  түсініктерін  және  саналы  қоғамдастығы 
бар  бірегей  ғаламшар  ретіндегі  Жер  туралы  біртұтас  көзқарастарын,  табиғат 
пен  қоғамның  өзара  жүйелі  байланысын,  жүйелі-кешенді  ойлау  мен 
функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады.  
Оқытудың  міндеттері:  курс  бастауыш  мектепте  алған  білім,  біліктілік 
және  дағдынының  сабақтастығын  әрі  қарай  жалғастырады,  сонымен  қатар 
Отанын, туған табиғатын сүюге деген жоғары рухани ізгілікті, көптілділік және 
жеке 
тұлғаның 
жалпы 
мәдениеттілігін 
тәрбиелеуді 
жалғастырумен 
ұштастырылады; экологиялық білімді, денсаулыққа зиянсыз іс-әрекетті, табиғат 
құбылыстарын  жоғары  деңгейде  түсіндіре  білу  және  өз  іс-әрекетінің 

69 
 
қорытындыларын 
алдын-ала 
болжауды 
жүзеге 
асыру 
дағдыларын 
қалыптастыру,  табиғат  ресурстарын  қалпына  келтіру,  өзгерту,  зерттеу 
барысында 
қолданылатын 
жаратылыстану 
ғылымдары 
әдістерімен 
оқушыларды  таныстыру  жалғастырылады;  қоршаған  ортаны  танудың  ғылыми 
жаратылыстану  тәсілдерін  пайдалану  дағдылары  (бақылау,  өлшеулер, 
тәжірибелер,  зерттеу  жұмыстарының  жоспарын  жасау,  нәтижелерді  талдау 
және қорытындыларды тұжырымдау) дамытылады.  
5-сыныптағы  жаратылыстанымдық  білім  мазмұны  келесі  принциптер 
бойынша  құрылған:  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сәйкес  келу; 
оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  болу;  оқу  пәні  мазмұнының 
«Дүниетану»  курсы  мазмұнымен  сабақтастығы;  ғылыми-жаратылыстанымдық 
білім берудің практикалық және қолданбалы бағытын жүзеге асыру.  
Жаратылыстануды  оқыту  жалпы  қажетті  құралдар  және  арнайы 
аспаптармен,  географиялық  карталармен,  атластармен,  баспа  құралдарымен, 
аудио  және  бейне  материалдармен,  басқа  да  техникалық  оқыту  құралдарымен 
арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде жүзеге асырылады.  
Қарастырылатын  сұрақтардың  алуан  түрлілігіне  және  оқушылардың 
бойында  табиғат,  табиғи  үдерістердің  біртұтастығы  жайлы  көзқарасты 
қалыптастыру  себебіне  байланысты  географиялық  циклдың  құрамына  кіреді, 
өзінің мағынасы мен мазмұнына қарай кіріктірілген курс болып табылады.  
Бақылаулар  және  практикалық  жұмыстар  мектептің  оқу-тәжірибелік 
үлескісінде өткізіледі. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер 
дамытушы  және  қалыптастырушы  болып  табылады.  Міндетті  түрде 
бағаланатын (екі) практикалық жұмыс нөмірмен белгіленген.  
Оқу  жоспарының  вариативті  бөлігіне  таңдау  курстарын  дайындауға  және 
жүзеге  асыруға  бағытталған  келесі  қосымша  оқу  курстары  ұсынылады: 
«Табиғат және адам», «Жасыл дәріхана», «Туған жер» және т.б.  
«Жаратылыстану»  пәні  бойынша  5-сыныпта  сағат  саны  аптасына  1  сағат, 
оқу жылында 34 сағатты құрайды.  
 
География  
Мектептiң  бiлiм  беру  жүйесiнде  жас  ұрпақты  жан-жақты  дамыту  мен 
тәрбиелеуде, патриоттық сезімдер мен ұлттық сана, жалпы және географиялық 
мәдениет,  қоршаған  ортаға  деген  саналы  қарым-қатынас  қалыптастыруда, 
функционалды  сауатты,  шығармашыл  тұлға  тәрбиелеуде,  Жер  бетiндегі 
тiршiлiктi  сақтауда  табиғат  пен  қоғам  алдындағы  жауапкершiлiкті  сезiнуде, 
қазіргі  әлемде  Қазақстанның  орнын  түсінуде  және  ел  әлеуетін  көтерудегі  өз 
үлесін ұғынуда география пәнi үлкен рөл атқарады.  
Білім  берудің  негізгі  орта  деңгейінде  географияны  оқытудың  мақсаты  – 
оқушылардың  бойында  ғылыми-жаратылыстану  білімдерін,  табиғат,  қоғам 
және  экономиканың  жүйелі  байланысы  жайлы,  саналы  бірлестігі  бар  ғажайып 
ғаламшар ретіндегі, Жер туралы түсініктері пен көзқарастарын дамыту қазіргі 
география  ғылымы,  оның  жетістіктері  мен  адамзат  алдында  тұрған  маңызды 
проблемаларды  шешудегі  рөлі  туралы  түсінік  қалыптастыру;  Қазақстандағы 
және  дүниежүзіндегі  табиғи,  әлеуметтік-экономикалық  және  экологиялық 

70 
 
үдерістердің  географиялық  аспектілерін  анықтау  үшін  қажет  географиялық 
ойын  қалыптастыру;  табиғат  дамуының  заңдылықтары,  халықтың  және 
шаруашылықтың  орналасуы,  географиялық  кеңістікте  болып  жатқан 
үдерістердің  динамикасы  мен  аумақтық  ерекшеліктері  туралы  кешенді 
әлеуметтік-бағдарлы географиялық білім жүйесін қалыптастыру.  
Оқыту  мақсаттарына  сәйкес  «География»  пәнін  оқытудың  мынадай 
міндеттері  анықталды:  география  ғылымы  және  Жер  туралы  серіктес 
ғылымдардың  негізін  меңгерту,  табиғатқа,  оның  дамуына,  табиғаттың, 
қоғамның  және  экономиканың  байланысына  диалектикалық-материалистік 
көзқарас  қалыптастыру;
 
табиғат  ресурстарын  үнемді  де  тиімді  пайдалануға 
және  қоршаған  ортаны  қорғауға,  табиғи  және  экологиялық  жағдайды  бағалау 
мен  болжауға  қажетті  білім  мен  біліктілікті  меңгерту;
 
қазіргі  дүниежүзілік 
дамудың  негізгі  бағыттарымен,  экономиканың  және  табиғат  кешенінің  дамуы 
барысында  туындайтын  жеке  бір  аймақты,  сол  сияқты  барлық  дүние  жүзін 
қамтитын  проблемаларды  және  сұрақтарды  оқып-білу;
 
оқу  еңбегіне  қажетті 
біліктілік  пен  дағдыларды  қалыптастыру,  зерттеушілікке  құштарлықты,  зейін 
және  байқағыштықты,  логикалық  ойлауды,  есте  сақтау  қабілетін,  сөз 
шеберлігін  және  көптілділікті,  қиялдау,  аумақтық  бейнені  қалыптастыра  білу 
шеберлігін,  қоршаған  ортаны  эстетикалық  тұрғыдан  қабылдау,  өмірге 
шығармашылық  көзқарасын  және  өз  білімін  арттыруға,  дамытуға 
талпынушылықты қалыптастыру; географиялық, саяси, экономикалық, басқа да 
ғылыми  және  әдістемелік  ақпаратты,  карталарды,  мерзімді  баспасөз 
басылымдарын, ғаламторды, білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана білу 
дағдыларын  дамыту;  өз  өмірі  және  әрекеті  барысында  географиялық  білімді 
тиімді  пайдалана  білуі  үшін  білім,  дағды  және  шеберлікті  меңгерту;  жоғары 
отансүйгіштік сезімге, Қазақстан Республикасының Конституциясын
 
сыйлауға 
тәрбиелеу, белсенді өмірлік көзқарас қалыптастыру.  
География  курсының  құрылымы  мен  мазмұнын  іріктеу  барысында  оқу 
материалы және пәнаралық байланысты жалғастыру тәсілі негізге алынған, 6–
9-сынып  оқушыларының  жас  ерекшеліктері  ескерілген,  оқыту  үдерісінің 
тұлғалық-бағдарлану тәсілі қарастырылған.  
6-7-сыныптардағы  «География»  оқу  пәнінің  мазмұны  оқушылардың 
бойында  Жер  туралы  жалпы  түсінік  қалыптастыруға;  жергілікті  жерде,  план, 
карта  бойынша  бағдарлау  тәсілдерін;  жалпы  географиялық  заңдылықтар; 
материктер  және  мұхиттар  табиғат  кешендерінің  қалыптасу  тарихы  мен 
географиялық ерекшеліктері туралы түсінік беруге бағытталған.  
8-9-сыныптардағы  «География»  оқу  пәні  оқушыларды  Қазақстанның 
физикалық  және  экономикалық-географиялық  жағдайымен,  геологиялық 
құрылысы  және  жер  бедерімен  таныстырады;  елдің  табиғи-аумақтық  және 
экономикалық  аудандары,  Қазақстан  Республикасының  сыртқы  экономикалық 
байланыстары  және  Қазақстанның  дүниежүзілік  экономикадағы  орны  туралы 
білім қалыптастырады.  
«Тұрақты  даму»,  «Жасыл  экономика»  ұғымдарының  ғылыми-теориялық 
мәнін оқу, меңгеру және олардың аймақтық, ғаламдық маңызын түсіну. Ұлттық 
«Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыру  мақсатында,  Қазақстан  Республикасы 

71 
 
туралы ғаламдық геоэкономикалық кеңістікте қарқынды дамып келе жатқан ел 
ретінде, ғылыми негізделген көзқарасты қалыптастыру және дамыту.  
Оқушылар  алған  білімді  картографиялық  жұмыстар,  далалық  зерттеулер 
мен  практикалық  жұмыстарды  орындауда,  түрлі  диаграммалар  мен  кестелер 
құрастыруда,  экономикалық,  тарихи-географиялық  нысандар  мен  оқиғаларды 
суреттеуде, табиғи және экономикалық құбылыстар мен үдерістерді бақылауда 
пайдалана алады.  
Сабақ  барысында  орындалатын  практикалық  жұмыстар,  географиялық 
құбылыстарды  бағалауға,  болжауға,  түсіндіруге,  сипаттауға,  анықтауға, 
сонымен  қатар  картамен,  оның  өлшеуіш  ресурстарымен  жұмыс  істеуге 
бағытталған.  Міндетті  түрде  бағаланатын  практикалық  жұмыстар  нөмірмен 
белгіленген.  
Оқушылардың  ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығын  дамыту  көлемінде 
географиялық  білімді  өмірлік  тәжірибеде,  оқу  және  оқудан  тыс  әртүрлі 
жағдаяттарда  қолдана  білу  біліктілігін  қалыптастыруға  бағытталған 
тапсырмаларды  сабақта  пайдалану  ұсынылады.  Бұл  тапсырмаларды  әзірлеу 
және  сабақта  пайдалану  барысында  PISA,  TIMSS  халықаралық  салыстырмалы 
зерттеулерінің тапсырмаларына сүйену қажет.  
«География»  пәнінің  сағат  саны:  6-сыныпта  –  аптасына  2  сағат,  оқу 
жылында 68 сағатты; 7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты; 
8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты; 9-сыныпта – аптасына 
2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.  
 
Биология  
Негізгі  орта  білім  деңгейінде  «Биология»  пәнін  оқыту  табиғат 
заңдылықтары  туралы  және  адамның  табиғатпен  үйлесімді  қарым-қатынасы 
туралы  білім  қалыптастыруға,  экологиялық  мәселелерді  танып  білуге 
бағытталған.  
Оқытудың  мақсаты  органикалық  дүниенің  құрылысы  мен  тіршілік 
әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы көзқарасты дамыту, органикалық 
дүниенің  көптүрлілігі  орта  жағдайларына  бейімділіктің  нәтижесі  екенін 
ұғындыру,  эволюциялық  теорияның  және  экологиялық  ойлаудың  негіздері 
туралы,  тірі  оганизмдердің  жасушалық  құрылысының  негізге  алынатын 
түсініктері  туралы,  организм  және  биоценоз  тіршілік  деңгейінің  негізгі 
формалары  екендігі  туралы  көзқарас  қалыптастыру,  Жер  табиғатындағы 
биологиялық  әртүрлілік  оның  тұрақты  дамуының  негізі  екендігі  туралы,  тірі 
организмдердің  жасушаға  дейінгі  құрылысы  туралы  негізге  алынатын 
түсініктер  қалыптастыру,  тірі  табиғаттағы  көптүрлілік  эволюцияның  нәтижесі 
екендігін оқушыларға ұғындыру, өсімдіктер мен жануарларды жүйелеп жіктеу 
туралы ұғым қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен 
қарым-қатынасын,  өсімдіктер,  жануарлар  және  адамның  табиғаттағы  рөлін 
жеке  түсіну,  өсімдіктер,  жануарлар,  микроорганизмдер,  саңырауқұлақтар 
дүниесінің  ерекшеліктерін,  олардың  табиғаттағы,  адам өміріндегі  және жалпы 
тіршіліктегі жоғары мәні туралы білімнің құндылығын ұғыну.  
 

72 
 
Оқытудың міндеттері:  
 
оқушыларда 
органикалық 
табиғатты 
оқып  білуге 
танымдық 
қызығушылық дамыту;  
 
тірі табиғат туралы білімін тереңдету;  
 
«Өсімдіктер»,  «Жануарлар»,  «Адам»,  «Жалпы  биология»  бөлімдерін 
оқып  білуге  қажет  тіректік  білімдер  мен  негізге  алынатын  түсініктер 
қалыптастыру үшін жағдай туғызу;  
 
оқушыларда  тіршілік  құбылыстарының  заңдылықтарын  оқып  білуге 
танымдық қызығушылық қалыптастыру;  
 
жаратылыстану  ғылымдарын  оқу  барысында  тірі  табиғат  туралы  алған 
білімдерін дамыту;  
 
оқушыларда  органикалық  дүниенің  біртұтас  табиғи  бейнесі  туралы 
көзқарас қалыптастыру;  
 
өзінің білімін практикада қолдануға дағдылануды қалыптастыру;  
 
оқушыларда  табиғатты  тиімді  пайдалану  және  қорғау,  медицина,  ауыл 
шаруашылығы, биотехнология салаларында еңбек ету дағдыларын дамыту.  
6  сыныпта  биология  пәні  «Өсімдіктер»  бөлімін  оқытумен  ерекшеленеді. 
Оқу материалы «Өсімдіктер» дүниесінің маңызы және Жер бетіндегі өсімдіктер 
әлемінің көптүрлілігі, өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, 
олардың жасушалық құрылысы туралы түсініктер қалыптастыруға бағытталған. 
Оқушылар  ауылшаруашылығы  өсімдіктерінің  көптүрлілігімен,  олардың 
экологияға  әсерімен,  сонымен  қатар  өсімдіктердің  жүйелеуімен  және  жер 
бетіндегі  органикалық  дүниенің  көптүрлілігімен-  вирустар,  бактериялар, 
саңырауқұлақтар,  қыналармен  танысады.  Оқу  материалын  игеру  барысында 
өсімдіктерді  зерттеу  бойынша  бақылау  және  практикалық,  зертханалық 
жұмыстар  жүргізу  арқылы  оқушылардың  зияткерлік,  шығармашылық 
қабілеттері дамиды.  
Биологиялық  танымдылықтың  теориясын,  заңдары  мен  заңдылықтарын, 
түсініктерін,  ғылыми  және  логикалық  әдістерін  меңгерген,  салауатты  өмір 
салты,  экожүйелер  мен  түрлердің  көптүрлілігін  қорғау,  сақтау  туралы 
білімдерін  тиімді  пайдалана  білетін  жеке  тұлғаны  дайындау  және  тәрбиелеуді 
жетілдіру көзделеді.  
7-сыныпта  биология  пәні  «Жануарлар»  бөлімін  оқытумен  ерекшеленеді. 
Мұнда  жануарлар  дүниесі,  жануарлардың  көптүрлілігі,  олардың  Жер  бетінде 
таралуы; жануарлардың құрылысы және жүйеленуі; жануарлардың табиғаттағы 
және  адам  өміріндегі  маңызы  оқылады.  Оқушылар  жабайы  және  үй 
жануарларын,  олардың  табиғаттағы  өзара  байланысын,  жануарлардың  табиғи 
бірлестіктердегі  орны  мен  рөлін  оқып  біледі.  Жануарлар  тіршілігінің  адамға 
тәуелділігін анықтап біледі. Жануарларға жағымсыз және жағымды қамқорлық 
жасаумен,  жануарлар  әлемін  қорғаумен  танысады.  Қазақстан  табиғатының 
ерекшеліктеріне  сәйкес  нақты  жануар  түрлеріне  байланысты  ақпарат 
қарастырылады.  Оқушылар  сонымен  қатар  өздерінің  теориялық  білімдерін 
практикада және зертханалық жұмыстар орындауда пайдалана алады.  
 

73 
 
8-сыныпта  биология  пәні  «Адам  және  оның  денсаулығы»  бөлімін 
оқытумен ерекшеленеді. Алдымен ұлпа жасушасының, мүшелер және мүшелер 
жүйесінің,  тұтас  организмнің  құрылысы  туралы  білімдерді  қамтитын  жалпы 
мәселелер  қарастырылады,  одан  кейін  организм  қызметінің  жүйкелік  және 
гуморальдық реттелуі оқылады. Адамның биологиясын барлық қырынан қарап 
зерттеу  анатомия,  морфология,  физиология,  адам  гигиенасы,  салыстырмалы 
цитология және гистология арқылы жүзеге асырылады.  
Оқушылар  қоршаған  ортада  және  адамның  тіршілігінде  жүріп  жатқан 
заңдылықтар  мен  процесстер  (зат  және  энергия  алмасу,  онтогенез)  туралы 
білімді  меңгеру,  күрделі  емес  тәжірибе-  эксперименттік  мәселелер  шешу; 
салауатты  өмір  салты  түсінігін  меңгеру,  оқыған  материалына  талдау  жасап, 
жіктеп,  кесте  құрып,  сызбанұсқалар  құрастырып  үйрену;  ақпаратпен  жұмыс 
істеудің  түрлі  тәсілдерін  оқып  үйрену,  алғашқы  медициналық  көмек  көрсету 
әдістерін  игеру  және  адамның  жасушасы,  мүшелер  және  мүшелер  жүйесі 
туралы білімдерін қалыптастыру.  
Негізгі  орта  білім  деңгейінде  оқушының  жеке  дамуы,  табиғатты  тиімді 
пайдалану  және  қорғау,  медицина,  ауыл  шаруашылығы  және  биотехнология 
салаларында  меңгерген  білімдерін  пайдалану  жүреді.  Оқушылар  салауатты 
өмір салты және адам гигиенасы бойынша білімдерін практикада пайдаланады; 
өмірдің  мәнін  ең  жоғары  дәрежедегі  құндылық  ретінде  түсінгенін  көрсете 
біледі.  
9-сынып биология пәнінің  «Жалпы биология негіздері»  бөлімін оқытумен 
ерекшеленеді.  Биологияны  оқытудың  негізі  -  тірі  организмдердің  жалпы 
құрылымдық ұстанымдарын меңгеру,  жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы 
түсінік  қалыптастыру,  эволюция  ілімі,  генетика  және  селекция  негіздері, 
организмдер мен ортаның арақатынасы туралы білім беру, сонымен қатар  тірі 
организмдердің  негізгі  құрам  бөліктері  және  қасиеттері  туралы  біліктіліктерін 
қалыптастыру, тірі организмдер жасушасының құрылысы мен қызметі, реттелуі 
және  гомеостаз,  көбейуі  мен  дамуы  ұғымдары  бойынша  Жалпы  биология 
білімдерін оқушылар меңгереді.  
Биология  пәнін  оқыту  арнайы  кабинетте,  оқу-көрнекілік  құралдар  мен 
жабдықтар,  көрсетілімдік  және  зертханалық  аспаптар  ғаламтор,  техникалық 
оқыту құралдармен жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.  
Білім  берудің  негізгі  орта  деңгейінде  оқушылардың  жеке  дамуы 
жалғасады,  игерген  білімдерін  табиғатты  тиімді  пайдалануға  және  табиғатты 
қорғауға  медицина,  айыл  шаруашылығы,  биотехнология  салаларында 
пайдалануы іске асырылады. Оқушылар тәжірибе жүзінде салауатты өмір салты 
және  адам  гигиенасы  бойынша  білімдерін  пайдаланады;  тіршіліктің  мәнін  ең 
жоғарғы құндылық ретінде түсінгенін көрсетеді.  
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  мақсатында 
келесі бағыттағы жұмыстарды орындау ұсынылады:  

оқытуды 
оқу 
материалын 
дидактикалық 
материалдар 
мен 
мультимедиялық ресурстарды пайдаланып игеруге бағыттап ұйымдастыру;  
-  түрлі  ақпарат  дерекнамаларымен:  қосымша  оқу  және  анықтамалық 
әдебиеттермен,  мәліметтердің  электрондық  базасымен  өздігінен  жұмыс  істеп 

74 
 
үйренуді дамыту;  
-  диаграммалар,  сызбанұсқалар,  талдап  жинақталған  қорытынды  кестелер 
құрастырып, оқу материалын суреттеп, сипаттап, салыстырып, талдап үйренуді 
қалыптастыру;  

оқытуды 
өмірмен, 
биологиялық 
процестермен, 
экологиялық 
аспектілермен байланыстыру және салауатты өмір салтын сақтау;  
-  зертханалық  тәжірибелерді,  практикалық  жұмыстарды  және  зерттеу 
жобаларын, 
шығармашылық 
тапсырмаларды 
өздігінен 
орындауды 
ұйымдастыру;  
-  оқыту  процесінде  аймақтық  құрамдас  бөліктерді  пайдалану,  жергілікті 
флора мен фаунаны сақтау;  
-  оқушылардың  сөздік  және  терминологиялық  қорын  байыту  үшін  жүйелі 
жұмыстар  жүргізу,  қажетті  дәлелдемелер  жүргізу,  қорытынды  жасау  және 
жалпылама қорыту.  
Сонымен  қатар,  оқушылардың  ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығын 
дамыту аясында биологиялық білімді өмірлік тәжірибеде, оқу және оқудан тыс 
әртүрлі  жағдаяттарда  қолдана  білу  біліктілігін  қалыптастыруға  бағытталған 
практикалық 
тапсырмаларды 
сабақта 
пайдалану 
ұсынылады. 
Бұл 
тапсырмаларды  әзірлеу  және  сабақта  пайдалану  барысында  PISA,  TIMSS 
халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің тапсырмаларына сүйену қажет. 
Осы  тұрғыда  мұғалімдерге  көмекші  ретінде  «PISA,  TIMSS  зерттеулерінің 
тапсырмалары 
негізінде 
оқушылардың 
ғылыми 
жаратылыстану 
сауаттылықтарын  дамыту»  әдістемелік  құралы  әзірленіп,  Академия  сайтында 
орналастырылған 
(www.nao.kz). 
Әдістемелік 
құралда 
PISA, 
TIMSS 
зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану 
сауаттылығын 
дамыту 
бойынша 
әдістемелік 
ұсыныстар 
берілген. 
Оқушылардың  білім  жетістіктерін  зерттеуде  қолданылған  тапсырмалардың 
үлгілері көрсетілген.  
Ескерту.  6-9-сыныптарда  зертханалық  жұмыстар  оқылатын  тақырыппен 
бірге  жұмыс  дәптеріне  орындалады.  Оқушылардың  зертханалық  жұмысты 
орындауын  бағалау  мұғалімнің  шешімі  бойынша  бағаланады  және  сынып 
журналына қойылады.  
6-сыныптың  оқу  материалын  оқып  білуде  бірінші  жартыжылдықта  6-
сынып  оқулығының  «Өсімдіктер»  бөлімі,  ал  екінші  жартыжылдығында  7-
сынып оқулығының «Өсімдіктер» бөлімі оқытылады.  
7-сыныптың  оқу  материалын  оқып  білуде  бірінші  жартыжылдықта  6 
сынып  оқулығының  «Жануарлар»  бөлімі,  ал  екінші  жартыжылдығында  7-
сынып оқулығының «Жануарлар» бөлімі оқытылады.  
Бұл  биологиялық  заңдылықтарды  зерттеудің  бұзылған  бірізділігін, 
түсініктілігін  түзетуге,  бағдарламалық  материалдың  сызықтық  жоспарлануын 
ескере  отырып  қарапайым  биологиялық  ақиқаттылықтан  күрделіге  ауысуға 
мүмкіндік береді.  
Сонымен  қатар  замануи  қоғамның  ақпараттандырылған  жағдайында  пән 
мұғалімі  қосымша  материалдарды  (қосымша  эвристикалық  әдебиеттерді, 
электрондық  ресурстарды,  арнайы  әдебиеттерді,  анықтамаларды  және  өзінің 

75 
 
шығармашылығын) 
пайдалануы 
және 
оқушылардың 
пән 
бойынша 
ақпараттарды табу, өңдеу біліктерін қалыптастыруы қажет.  
Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес  биология  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің 
көлемі:  6-сыныпта аптасына 2  сағат,  барлығы 68  сағат;  7-сыныпта  аптасына 2 
сағат,  барлығы  68  сағат;  8-сыныпта  аптасына  2  сағат,  барлығы  68  сағат;  9-
сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат.  
 
Физика  
«Физика»  пәнін  7-9-сыныптарда  оқытудың  мақсаты  –  функционалдық 
сауаттылықты дамыту негiзінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, 
танымдық  қызығушылығын,  сын  тұрғысынан  ойлауын,  зияткерлік  және 
шығармашылық қабілетін қалыптастыру.  
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етіледi:  
 
қазіргі  заманғы  әлемнің  физикалық  бейнесінің  негізін  беретін 
физикалық  құбылыстар,  ұғымдар,  заңдылықтар  және  теориялық  қорытынды 
туралы  білімдерді,  табиғаттың  ғылыми  таным  әдістері  туралы  білімдерді, 
құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және 
жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;  
 
 физикалық  экспериментті  орындау  дағдысын,  зерттеушілік  қабiлетін, 
өмірлік,  тәжірибеде  мәні  бар  есептерді  шешу  үшін  игерген  білім  және  білігін 
қолдану 
үдерісінде 
танымдық 
қызығушылығын, 
зияткерлік 
және 
шығармашылық қабілеттерін дамыту;  
 
оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны 
қорғау  және  табиғат  құндылықтарын  тиімді  пайдалану,  қоғам  және  адам 
өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  
 
базалық  білім  негізінде  экономикалық  және  саяси,  әлеуметтік,  мәдени 
қызметтерге ат салысу дағдысын тәрбиелеу.  
«Физика» пәнін 7-9-сыныптарда оқытқанда Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген 
оқу бағдарламасындағы
 
талаптардың ерекшелiктеріне, яғни оқушылардың өздік 
жұмыстары  практикалық  және  жобалық  жұмыстардың  орындалуына  назар 
аударылады.  
Функционалдық  сауаттылықты  жобалық  және  iздену,  зерттеушiлік  іс-
әрекетті  ұйымдастыру  арқылы  қалыптастыру  ұсынылады.  Жобалық 
жұмыстарды  орындау  үшiн  оқушының  зерттеу  қызметiн  ұйымдастыруға 
арналған жұмыс дәптерiн  (С.В.  Ударцева,  М.  Ударцев  дайындаған)  пайдалану 
керек.  Мұғалiм  өзі  дайындап  қарапайым  физикалық  құралдарды  жасауға 
негізделген  практикалық  жұмыстарды  қолдануына  болады.  Сонымен  бірге 
теориялық  мәліметтерді  және  білім  алушылардың  практикалық  дағдысын 
қалыптастыруға  уақытты  тиімді  бөлу  маңызды.  Уақыттың  30%  жуығын 
көрсетілім,  практикалық  және  лабораториялық  жұмыстарды  орындауға  бөлу 
керек. Оқушылардың білімiн тексеру үшін уақыттың 10% қарастырылады. Оқу 
процесiн  ұйымдастыру,  оқу  процесiн  ұйымдастырудың  әр  түрін  пайдалану, 
қазiргi  оқыту  әдiстерін  және  педагогикалық  технологияларды  енгiзу  және 
жергiлiктi жердің жағдайын ескеруге (5%) оқу уақытының бос қорынан 10 сағат 

76 
 
көлемiнде уақыт бөлінуі есерілуі тиіс.  
7-9-сыныптарға  арналған  «Физика»  пәнінің  базалық  оқу  материалының 
мазмұны  оқушылардың  негізгі  игерген  білімдерін  тәжірибеде  көбірек 
қолдануға  бағыттап  және  қазіргі  қоғамда  өмірлік  жағдаяттарға  бейімделуге 
негізделеді.  
7-сыныпта физикалық ұғымдар, өлшеу және есептеу дағдыларын дамытуға 
басты  назар  аударылады.  Масса  және  тығыздық  ұғымы  7  сыныптың  физика 
бағдарламасында  шаманың  мөлшері  ретінде  «Заттың  құрылысы»  бөлімінен 
бастап оқытылады.  
7- сыныптар үшін ұсынылатын жобалық жұмыстардың тақырыбы: Қазіргі 
әлемдегі  нанотехнология;  Су  құбыры;  Су  көлiгi;  Ауада  ұшу;  Ең  қуатты 
машиналар; Тiрi табиғаттағы қуат және жұмыс.  
8-сыныптың  оқу  бағдарламасына  енген  жаңа  тақырыптарды  (Электр 
тогының  жылулық  әсері,  Электр  тогының  химиялық  әсерi,  Электр  тогының 
магниттік әсері) В.М.  Ударцева және С.В. Ударцевтың авторлығымен шыққан 
«Физика  және  астрономия»  жұмыс  дәптерін  қолданып  тереңірек  қарастыруды 
ұсынамыз.  
8-сыныптар 
үшін  ұсынылатын  жобалық  жұмыстың  тақырыбы: 
Табиғаттағы  және  техникадағы  жылу  берілу;  Жылу  берудегі  конвекцияның 
орны;  Жылу  құбылысының  тірі  организмдегі  ролі;  Суық  кездегі  адам;  Жылу 
қозғалтқыштарының  энергетиканың  дамуындағы  рөлi;  Жылу  қозғалтқыштары 
және оның адам өміріндегі маңызы; Жылу машиналары және табиғатты қорғау; 
Жылу  машиналарын  пайдаланудағы  экологиялық  мәселелер;  Айдағы, 
Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар; Көз - оптикалық жүйе; 
Көздiң көру кемістігі және олардың түзету әдiстері; Оптикалық аспаптар.  
9-сыныпта  «Механикалық  толқындар  және  тербелiстер»  тақырыбы 
кеңейтіліп  беріледі.  Оны  оқытқанда  бұл  тақырыптың  11-сыныпта  толық 
ашылмайтынына  назар  аудару  керек.  Осы  сыныпта  мұғалiм  физика 
кабинетіндегі  оқу  жабдықтары,  құрылғылар  және  электрондық  оқу 
құралдарының  мүмкіндігіне  қарай  өзі  практикалық  және  зертханалық 
жұмыстарды, физикалық практикумды таңдауға құқығы бар.  
9-сыныптар  үшін  жобалық  жұмыстың  тақырыбы:  Э.  Циолковскийдің 
ғылыми  еңбектерінің  маңызы;  Зымыран;  Ғарыш  саласының  қазіргі  жетістігі; 
Күн  мен  жұлдыздардың  энергиясы;  Радиактивтi  изотоптар;  Радиактивтi 
изотоптарды қолдану; Радиактивті сәулелерден қорғану.  
TIMSS, 
PISA 
халықаралық  салыстырмалы  зерттеуіне  қатысатын 
Қазақстандық  жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушыларының  ғылыми 
жаратылыстану  сауаттылығының  нәтижесін  жақсарту  және  физика  пәнінен 
білім  сапасын  арттыру  мақсатында  физика  сабағында  меңгерген  білім, 
біліктілігін  тәжірибеде  және  күнделiктi  өмiрде  пайдалана  білуге  негізделген 
практикаға бағдарланған тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.  
Бұл  тапсырмаларды  әзiрлеу  және  қолдану  кезінде  PISA,  TIMSS 
халықаралық  салыстырмалы  зерттеулердiң  тапсырмаларының  жүйесіне 
негіздеу  керек.  Осы  тұрғыда  мұғалімдерге  көмек  ретінде  «PISA,  TIMSS 
зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану 

77 
 
сауаттылықтарын  дамыту»  әдістемелік  құралы  әзірленіп,  Академия  сайтында 
орналастырылған  (www.nao.kz).  Бұл  әдістемелік  құралда  PISA,  TIMSS 
зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану 
сауаттылығын 
дамыту 
бойынша 
әдістемелік 
ұсыныстар 
берілген. 
Оқушылардың  білім  жетістіктерін  зерттеуде  қолданылған  тапсырмалардың 
үлгілері көрсетілген.  
Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес  «Физика»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің 
көлемі:  7-сыныпта  аптасына  –  2  сағат,  оқу  жылында  68  сағат;  8-сыныпта 
аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 9-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу 
жылында 68 сағат.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет