ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата06.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#8315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 
 
2.7 «Дене шынықтыру» білім саласы  
 
Дене шынықтыру  
«Дене  шынықтыру»  оқу  пәні  –  бұл  дене  шынықтыру  қызметі, 
оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.  
Пәнді  оқыту  тұлғаны  қалыптастыру,  танымдық  белсенділігінің  дамуына 
бағытталған.  
Оқыту мақсаты: қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың 
дене  мәдениетін  қалыптастыру;  өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен  қараудың 
қажеттілігін  қалыптастыру;  физикалық  және  психикалық  қасиеттерінің  толық 
дамуы;  салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 
шығармашылық жолмен қолдану.  
Оқыту міндеттері:  
-  оқушылардың  денсаулықтарын  нығайту,  дене  бітімдерін  жақсарту, 
жалпақтабандылықтың  алдын-алу;  дененің  қимыл-қозғалыс  әрекеттерін 
белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;  
- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының 
білім жүйесін қалыптастыру;  
-  дене  шынықтыру  сапаларын:  күштілік,  жылдамдық,  төзімділік,  ептілік, 
иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;  
- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы 
дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;  
-  жеке  тұлғаның  әлеуметтік  маңызы  бар  қасиеттерін  тәрбиелеу, 
адамгершілік  және  жігер  сапаларын  дамыту,  эстетикалық  талғамын  және 
мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;  
-  жеке  гигиена,  күн  тәртібі,  дене  жаттығуларының  ағзаға  тигізетін  әсері, 
жұмыс  істеу  қабілеті  мен  қимыл-қозғалыс  қабілеттерін  дамыту  секілді 
қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.  
Бағдарлама  екі  бөлімнен  тұрады:  «Дене  шынықтыру  туралы  білім 
(ақпараттық  компонент)»  және  «Әрекет  етудің  жан-жақты  және  пәндік 
әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».  
Бастауыш  мектептегі  дене  шынықтырудың  педагогикалық  жүйесін 
ұйымдастырудың  негізгі  түрі:  дене  шынықтыру  сабақтары;  оқу  күндерінде 
ұйымдастырылатын  және  сауықтыру  іс-шаралары;  спорттық  жарыстар  мен 
мерекелік  шаралар;  спорттық  үйірмелерде  шұғылдану;  дене  жаттығуларымен 
өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары).  
 

46 
 
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:  
-  жеке  адамға  бағытталған  тәсіл  бала  организмінің  функционалдық 
мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;  
- әрекет ету тәсілі бала қозғалыстары арқылы дамитындығын қарастырады;  
-  денсаулықты  сақтау  тәсілі  үйрету  процесінде  баланың  денсаулығын 
міндетті түрде сақтауды қарастырады.  
Вариативті  компонент  мектептің  материалдық  базасы  мен  орналасқан 
жерін, оқытушының мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру 
қажеттілігіне  негізделген.  Бұл  компоненттің  оқу  материалын  білім  беру 
ұйымдары  ұсынады,  жергілікті  орындарда  дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі 
әзірлейді.  
Дене  шынықтыру  мұғалімі  бағдарлама  талаптарына  сүйенеді  және  әрбір 
оқушының  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  талаптардың  (қорытынды 
тапсырмалар)  өзіндік  шкаласын  құруына  және  сол  бойынша  оқушылардың 
жылдық үлгерімдерін бағалауына болады.  
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық 
мәнінде  жүргізуге  мүмкіндігі  жоқ  республиканың  аймақтарында  оларды 
алмастыру  ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің  шешімі 
бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және 
гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық,  кәсіби-қолданбалы)  алмастырылуы 
мүмкін.  
Дене  дамуында  жетіспеушілігі  бар  балаларды  сауықтыруға  бағытталған 
дене  шынықтыру  қосымша  сабақтары  немесе  оқушылар  мен  ата-аналардың 
сұраныстары және қызығушылықтары ескерілген спорт түріндегі сабақтар оқу 
жоспарының вариативті жүктемесі арқылы орындалады.  
«Денсаулық күні» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі және каникул кезінде 
ұйымдастырылады.  
«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 
медициналық  тексерістің  нәтижесі  көрсетілген  анықтаманың  негізінде  іске 
асырылады. 
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың 
сайтына орналастырылды (
www.nnpcfk.kz
).  
Үлгілік  оқу  жоспарына  (ҚР  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім 
берудің  үлгілік  оқу  жоспарларын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2012  жылғы  8 
қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 
25 шілдедегі № 296 бұйрығына) сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
1-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы 99 сағат;  
2-4-сыныптарда – әр сыныпта аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағат.  

47 
 
3 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері  
 
3.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы  
 
Оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілетін  мектептерге  арналған  «Қазақ  тілі» 
пәні  
Білім берудің қазіргі міндеті  – білім алып, білім мен дағдыға қол жеткізу 
ғана  емес,  солардың  негізінде  дербес  әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікті 
ақпаратты  өзі  іздеп  тауып,  талдау  және  ұғымды  пайдалану,  тез  өзгермелі 
қоғамға лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  -
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының 
ерекше  құнды  арнасы  –  «Мәңгілік  Ел»  идеясына  басым  мән  берілуінде.  Бұл 
ретте  Елбасы:  «Мәңгілік  Ел  -  жалпы  қазақстандық  ортақ  шаңырағымыздың 
ұлттық идеясы», - деп түйіндеді.  
Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: – 
«Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені 
баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан 
ойып  тұрып  орын  алатын  Тәуелсіз  мемлекет  атану  еді,  ол  арман  тұрмысы 
бақуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты  ел 
болу  еді.  Біз  бұл  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық.  Мәңгілік  Елдің  іргесін 
қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген 
сауалдың  жиі  талқыланатынын  естіп  жүрмін.  Біз  үшін  болашағымызға  бағдар 
ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол «Мәңгілік Ел» 
идеясы.  Тәуелсіздік  арқасында  халқымыз  мәңгілік  мұраттарға  қол  жеткізді, 
еліміздің  жүрегі  Елорда  тұрғызылды.  Қазақтың  мәңгілік  ғұмыры  ұрпақтың 
мәңгілік  болашағын  баянды  етуге  арналады.  Ендігі  ұрпақ  Мәңгілік  Қазақтың 
перзенті.  Ендеше  Қазақ  Елінің  ұлттық идеясы  Мәңгілік  ел»  –  деген еді.  Яғни, 
жарқын болашаққа жол ашатын мәңгілік құндылықтарды жас ұрпақтың бойына 
сіңіруге шақырды.  
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай 
оқыту  үдерісінің  түпкі  нәтижесі  құзыреттіліктер  болып  белгіленуі  білім  беру 
жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.  
Еліміздің  білім  беру  ұйымдарының  алдына  мектеп  оқушыларының 
функционалдық  сауаттылығын  дамыту  міндеті  қойылды.  Осы  міндетті  жүзеге 
асыру  барысында  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 
жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  жоспар  қабылданып,  оның 
мақсат, міндеті нақтыланды.  
Жалпы  функционалдық  сауаттылық  деген  ұғым  –  адамдардың  (жеке 
тұлғаның)  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық қызметтерге белсене 
араласуы  және  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  негізгі  фактор.  Яғни 
бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай  ілесіп  отыруы.  Сонымен, 
функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі 
білімін  жетілдіріп  отыруы.  Мұндағы  басшылыққа  алынатын  функционалдық 
сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу,  өз 

48 
 
кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Жалпы білім беретін мектептерде 
Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан 
дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  физикалық  құбылмалы  әлемде 
әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру болып табылады.  
Осыған  сәйкес  алған  білімдері  негізінде  әрекет  етуге  қабілеттілік  пен  кез 
келген  тілдік  жағдаяттарда  қарым-қатынасқа  түсе  алу  даярлығын  білдіретін 
құзыреттілікті  қалыптастыру  –  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  маңызды  буыны 
болып  саналатын  жалпы  білім  беретін  орта  мектептердегі  қазақ  тілі  пәнін 
оқытудың басым бағыттарының бірі. Функционалдық сауаттылық қазақ тілінің 
функционалды  сипатын  зерделеу  арқылы  қалыптасады.  Ұлттық  білім  беру 
парадигмасы,  оның  басты  ұстанымдары  бәсекеге  қабілетті  білімді  де  білікті 
ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Ол өз халқының баға жетпес байлығы ана 
тілін  жетік  білетін,  ұлттық  мәдени  құндылықтарды  бағалай  алатын,  тілдің 
таным  және  қатынас  құралы  ретіндегі  ғажайып  мүмкіншілігін  пайдалана 
білетін тілдік тұлға қалыптастыру деген сөз.  
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының 
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, 
өйткені  адам  қоғамда  түрлі  өмірлік  мәселелерге  байланысты  дұрыс  шешімдер 
қабылдау  үшін  жоғары  кәсіптілік  пен  интеллектуалдық  әрекеттерді  қажет 
ететін  жағдайларда  заман  талабына  сай  өмір  сүріп,  қызмет  етуде. 
Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  бойынша  PISA  халықаралық 
бағдарламасы  оқушылардың  оқу  барысында  алған  білімдері  мен  дағдыларын 
өмірлік  жағдайларда  қолдана  білу  машықтарын,  нақты  бір  оқу  пәндерімен 
тікелей  байланысты  емес  мәселелерді  шеше  білу  құзіреттіліктерін  бағалауға 
бағытталған.  
Бұл зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) 
жүзеге  асырылады.  PISA  зерттеуі  2000  жылы  басталып,  үш  жылдық  кезеңмен 
өткізіледі.  Бұл  қатысушы-елдерге  оқушылардың  білім  жетістіктерінің 
нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді 
бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді.  
PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы 
оқушылардың  оқу,  математика  және  жаратылыстану  бағытындағы  пәндерден 
білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін 
емес,  ол  оқу  барысында  меңгерген  білімдері  мен  дағдыларын  өмірлік 
жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.  
Оқушылардың  білім  жетістіктерін  зерттеу  негізгі  үш  бағыт  бойынша 
жүзеге  асады:  «математикалық  сауаттылық»,  «жаратылыстану  сауаттылығы» 
және «оқу сауаттылығы».  
PISA  зерттеуiнде  оқу  сауаттылығы  ұғымын  оқушылардың  жазбаша 
мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын 
өз  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  қолдануы,  бiлiмдері  мен  дағдыларын 
қоғамның  белсендi  өмiріне  араласуы  үшiн  дамытуы  деп  түсінуге  болады. 
Оқушылардың  оқу  сауаттылықтарын  тексеру  оқу  техникасы  немесе  мәтiннің 
мазмұнын  нақты  түсiнуін  бағалауға  емес,  оқу  барысында  меңгерген  білімдері 

49 
 
мен  дағдыларын  өмірлік  жағдайларда  қолдана  білу  ептіліктерін  бағалауға 
бағытталған.  Оқу  сауаттылығын  бағалау  барысында  үш  аспекті  есепке 
алынады: оқу материалдарының форматы, тапсырманың түрi, мәтiннiң қолдану 
жағдайы немесе мақсаттары.  
Зерттеу барысында мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен 
меңгере  білу  деңгейлері  бағаланады:  мәлiметтi  табу,  мәтiнді  түсіндіріп  беру, 
мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия және олардың бағасы.  
Қазақстан  PISA  –  2009  халықаралық  зерттеуіне  тұңғыш  рет  15  жастағы 
оқушылардың  білім  сапасын  анықтау  үшін  дәйекті  ақпарат  алу  мақсатында 
атсалысты.  Біздің  еліміз  үшін  бұл  бағдарламаға  қатысуға  білім  берудің 
бақылау-бағалау  жүйесін  реформаландырудың  қажеттігін  ескертетін  бірқатар 
факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім 
беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды.  
Пәнді оқытудың мақсаты - өзін және өмір сүріп жүрген ортасын бағалай 
алатын  жас  ұрпаққа  білім  беретін,  ұлттық  дүниетанымын  кеңейтетін, 
шығармашылық  ойлауға  төселдіретін,  айналадағы  адамдармен  дұрыс  қарым-
қатынас  жасауды  үйрететін,  оны  тұлға  ретінде  әлеуметтендіруге  мүмкіндік 
беретін  қазақ  тілінің  білімдік,  танымдық,  қатысымдық  және  кумулятивтік 
қызметтерін  меңгерту.  Мәтін  құрауға  қатысатын  тілдік  бірліктердің  түрлі 
деңгейдегі  сипаттамасын,  қолданыстағы  мағыналық  реңктерін  және 
қатысымдық мәнін білгізу.  
Пәнді оқыту міндеттері:  
 
тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;  
 
тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;  
 
тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;  
 
тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту;  
 
мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту;  
 
тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату;  
 
тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру;  
 
дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын 
түсіндіру;  
 
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;  
 
оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;  
 
әдеби тіл нормаларын меңгерту;  
 
тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;  
 
оқушылардың  тілдік  бірліктерді  жұмсаудағы  эстетикалық  талғамдарын 
қалыптастыру;  
 
шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;  
 
мәтін табиғатына талдау жасай білуі тиіс.  
Мектептің  негізгі  орта  білім  беру  деңгейіндегі  қазақ  тілі  пәнін  оқытуда 
оқушыға  тілдің  ғылыми  негіздері  жөнінде  толық,  аяқталған  сипаттағы  тұтас 
білім беру және әдеби тіл нормасын меңгерту көзделеді.  
Фонетика,  морфология,  синтаксис,  пунктуация  салалары  бойынша 
берілген тақырыптарға жүйелілік толықтырулар жасалды.  

50 
 
Типтік  оқу  жоспарына  сәйкес  оқу  жүктемесінің  көлемі:  5-сынып  – 
аптасына  3  сағат,  оқу  жылында  –  102  сағат;  6-сынып  –  аптасына  3  сағат,  оқу 
жылында – 102 сағат; 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 8-
сынып  –  аптасына  3  сағат,  оқу  жылында  –  102  сағат;  9-сынып  –  аптасына  1 
сағат, оқу жылында – 34 сағат.  
Әрбір  тоқсанда  алынатын  бақылау  диктантының  саны  сол  сыныптағы 
апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.  
 
Оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілетін  мектептерге  арналған  «Қазақ 
әдебиеті» пәні  
Қазақ  халқының  рухани  байлығын,  бастан  кешірген  сан  алуан  кезеңдерін 
арқау еткен көркем әдебиет әрқашан да өз қызметінен жаңылған емес. Әдебиет 
ұлт  тарихының  көркем  шежіресі  болып  сөз  өнерінің  тот  баспас  асыл  бітімін, 
жоғалмас  құндылығын  дәлелдеп  келеді.  Сонау  ежелгі  күндерден  бастау  алып, 
тарихи  кезеңдердің  қат-қабат  тартысы  мен  қайшылықтарын  бойына  сіңіре 
отырып,  бүгінгі  таңда  да  қоғамдық-әлеуметтік  өзгерістермен  сабақтасып 
жатқан әдеби үдерісті білу жас ұрпақ үшін ең басты міндет.  
Әр  пән  өмiр,  болмыс  сырын  өзiне  тән  ерекшелiкпен  танытуымен  құнды. 
Мектепте  оқытылатын  пәндер  жүйесiнде  орны  ерекше  болып  табылатын 
әдебиет  адамның  өмiрге  деген  көзқарасы  мен  эстетикалық  талғамын 
қалыптастыруға үлкен үлес қосады.  
Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  –  білім 
берудің  басым  мақсаттарының  бірі.  Оның  нәтижесі  оқушылардың  алған 
білімдерін  практикалық  жағдайларда  тиімді  және  әлеуметтік  бейімделу 
процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін 
меңгеруі  болып  табылады.  Білім  беру  нәтижелеріне  табысты  қол  жеткізуді, 
алған  білімін  өмірлік  жағдаяттарда  қолдана  алуын  қамтамасыз  ететін  тиімді 
әдістерді  білім  беру  үдерісіне  оңтайлы  енгізу  мектеп  пен  ұстар  қауымына 
қойылып отырған жауапты міндеттердің маңыздысы.  
Қазақ  әдебиетін  жаңаша  оқыту  –  шынайы  ұлттық  патриотизмді 
қалыптастырып,  рухани  болмысымыз  бен  идеялық  мұратты  орнықтырудың 
бірден-бір  тұжырымы.  Пәнді  оқыту  барысында  шәкірттерге  білім  мазмұнын 
игертумен  қатар,  оларға  ұлттық  тәлім-тәрбиеге  негізделген  мәдени 
құндылықтарды, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік 
қорын  байыту,  әдеби  білімнің  жүйелілігі,  үздіксіздігі,  сабақтастығы,  білім 
мазмұнының  тарихилық  сипаты  мен  пәнаралық  байланыс  ұстанымдары 
басшылыққа алынуы тиіс.  
5-9-сыныптардың  білім  мазмұнына  қазақ  әдебиетінің  үздік  шығармалары 
ұсынылып,  олардың  ой  қазығы,  сюжеті,  композициясы,  жанрлық  сипаты  мен 
кейіпкерлерін,  ондағы  халықтық  әдет-ғұрып  пен  салт-дәстүрлер  көрінісін, 
табиғат  суретін,  қаламгерлердің  сөз  қолданыстарын  зерделеуге  баса  мән 
берілген.  Қазақ  әдебиетін  оқыту  оқушылардың  өзіндік  ой  толғамын  айту, 
шығармашылықпен  жұмыс  істеу  білім,  білік,  дағдыларын  қалыптастыруды 
көздейді.  
 

51 
 
Оқу  бағдарламасында  пәнді  оқытудың  мақсаты:  ұлттық  фольклор 
мұралары  арқылы  оның  басты  идеялық  бағытын,  тақырыптық,  мазмұндық 
мақсатын  саралай  білетін  және  өз  халқының  тарихын,  дәстүрін,  әдебиеті  мен 
мәдениетін  ұлттық  құндылық  ретінде  бағалай  алатын,  ұлттық  әдеби  мұраны 
терең  игеріп,  сол  негізде  еліне  қызмет  ете  алатын,  танымы  жоғары,  бiлiмі 
орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениеттi қоғамға сай парасатты 
тұлға қалыптастыру деп айқындалып, оқыту міндеттері:  
 
әдеби  көркем  туынды  арқылы  оқушының  ұлттық  танымын 
қалыптастыру, әдебиеттiң көркемөнердегi мән-маңызын таныту;  
 
көркем  әдебиетті  оқытуда  шығарманың  идеялық-тақырыптық  мәнін 
меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;  
 
оқушылардың  әдеби-теориялық  бiлiмдерiн  тереңдетiп,  шығарманың 
мазмұндық, жанрлық-стильдiк ерекшелiктерiн таныту; 
 
көркем  шығарманың  тақырыптық-идеялық  мәнін  және  көркемдік-
бейнелілік құрылымын талдай білуге үйрету;  
 
қазақ әдебиеті тарихындағы қоғамдық-саяси мәселелерді, ұлттық сананы 
оятуға әсер еткен көркем туындыларды меңгерту;  
 
әдебиет тарихы бойынша тиісті мәліметтер мен әдебиеттану ұғымдарын 
пайдалана  отырып,  көркем  шығармаларды  оқу  мен  талдау  дағдыларын 
меңгерту;  
 
оқушыларды  бейнелі  ойлау  мен  шығармашылық  қиялдауды, 
оқырмандық мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге баулу;  
 
көркем  шығарманың  мазмұнын  анықтай  алуын,  ауызша  және  жазбаша 
түрде  өз  түсініктерін  жеткізе  біліп,  қазақ  әдеби  тілін,  сөздік  қор  мен  сөз 
байлығын сауатты пайдалануға баулу;  
 
әдеби  пәндер  жүйесіне  тән  білім  мен  іскерлік  дағдыларды  меңгерту, 
өздігінен  жұмыс  істеуге  бағытталған  шығармашылық  қабілетін  жетілдіру, 
оларды тәжірибеде қолдана білуге үйрету;  
 
өнердің  басқа  түрлерінің  ішіндегі  әдебиеттің  өзіндік  ерекшеліктері 
туралы түсініктерін тереңдету деп көрсетілген.  
Қазiргi  кезде  пәндi  оқытуға  көп  мiндеттер  жүктеледi.  Себебi,  ғылым  мен 
техниканың  iлгерлеуi,  түрлi  ақпарат  көздерiнiң  молаюы,  бiлiм  беру  жүйесiнiң 
түрленуi,  мектеп,  ұстаз  алдына  көптеген  жауапкершiлiк  жүктейдi.  Әдебиет 
пәнiн оқыту мұғалiмнен жан-жақты жауапкершiлiктi, дайындықты қажет етедi. 
Сабақты түрлендiрiп, әдiс-тәсiлдi үнемi жетiлдiрiп отыру-оқушының үлгерiмiн, 
танымын  жақсартып,  қызығушылығын  арттырады.  Оқушыға  білім  бере 
отырып,  оның  еркiндiгiн,  белсендiлiгiн  қалыптастыру,  өз  бетiнше  шешiм 
қабылдауға  дағдыландыру  қазiргi  оқытудың  басты  талабы  болып  табылады. 
Оқушының  сыни  тұрғыда  ойлауын  дамыту  оның  танымдық  белсендiлiгiн, 
сабаққа қызығушылығын аттыруға ықпал етеді.  
Оқу  үдерісінде  жүзеге  асырылатын  пәнаралық  байланыс  оқушының 
дүниетанымдық  деңгейін  арттырып,  туған  әдебиетінен  өзге  ғылым  салаларын 
игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді:  
«Қазақ  тілімен»:  көркем  әдебиет  мәтіндерінен  стильдің  түрлерін,  кірме 

52 
 
сөздерді,  архаизм,  жаңа  сөздерді  табуға  бағыт  беріледі;  сөйлемдердің 
грамматикалық нормаларға сәйкестігін, құрылымын қарастырады;  
«Қазақстан  тарихымен»:  әдеби  оқиғалардың  тарихи  факторлармен  тығыз 
байланыста  болатындығын  түсінуіне;  тарихи  деректерді  орынды  пайдаланып, 
өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады;  
Жаратылыстану  циклі  пәндерімен:  танымдық  бағытта  берілетін 
материалдар  жаратылыстану  пәндерінің  мазмұнымен  тікелей  байланыста 
болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады;  
«Музыка» пәнімен: әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық  маңызын, 
ұлттық  әуеннің  қазіргі  әндермен  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын, 
көркемдік ерекшеліктерін түсінуге жағдай жасайды.  
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар 
күрделі  тапсырмаларды  шешуге,  өздік  жұмыстарды  орындауға  бағытталуы 
қажет.  Шығармашылық  жұмыстар  әртүрлі  тапсырмаларды  өздігінен  орындау 
білігін  қалыптастыруды  нысана  тұтып,  оқытудың  қай  түрі  болмасын  оқушы 
құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.  
Қазақ  әдебиеті  пәнінің  оқушыларды  тәрбиелеу  мен  дамытудағы  рөлі  аса 
ауқымды.  Міндетті  оқытылатын  әдеби  білім  мазмұнымен  ғана  шектелмей, 
сонымен  бірге  қосымша  әдеби  шығармаларды  өздігінен  оқуға  дағдыландыру 
оқушылардың  нәтижелі  білім  алуының  барлық  мүмкіндіктерін  көрсетпек. 
Мұғалім  оқушының  ізденісіне  жол  ашуға  түрткі  болатындай  әдіс-тәсілдерді 
таңдап  алуы  қажет.  Жүйелі  жүргізілген  сапалы  оқыту  барысында  оқушылар 
шығармашылық  бағытта  ізденіске  түсіп,  берілген  тақырыптарға  ойтолғау, 
пікірнама, сыни мақала, т.б. жаза білуге үйренеді.  
Оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей белгіленген: 5-сынып – аптасына 3 
сағат, оқу жылында – 102 сағат; 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 
сағат; 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 8-сынып – аптасына 
2 сағат, оқу жылында  – 68 сағат; 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 
102 сағат.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет