ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата06.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#8315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 
Математика  
Оқу  бағдарламасында  пәнді  оқыту  мақсаты  –  ұлттық  және 
жалпыазаматтық  құндылықтар  негізінде  тұлғаның  интеллектуалды  дамуының 
қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін 
сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы 
ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны 
игеруге практикалық негіз жасау деп белгіленген.  
 

37 
 
Оқытудың міндеттері:  
 
тұлғаның  зейін,  қабылдау,  есте  сақтау,  ойлау,  ауызша  және  жазбаша, 
сонымен  қатар  математика  тілінде  сөйлеу,  психомоторика  тәрізді 
функционалдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын 
дамыту;  
 
бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу-танымдық  қызметін  (жоспарлау, 
жоспар  бойынша  әртүрлі  іс-әрекеттер  жасау,  оның  ішінде  ойлау  қызметін 
(талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі 
бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;  
 
оқытуды  білімнің  келесі  деңгейлерінде  жалғастыру  үшін  оқушыға 
қажетті  математикалық  білім  мен  білікті,  есептеу,  өлшеу  және  графиктік 
дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын ала мақсатты 
дайындықты жүргізу;  
 
оқуға  деген  ынтасын,  математикаға  деген  оң  көзқарасы  мен 
қызығушылығын,  танымдық  қызығушылығын,  өздігінен  жұмыс  атқару 
дағдысын қалыптастыру;  
 
стандартты  емес  және  қызықтылық  сипаттағы  тапсырмалар  негізінде 
жобалау  қызметі  және  өмірлік  жағдайлардағы  мәселелерді  шешу  арқылы 
математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;  
 
баланың  тұлғалық  қасиеттерін,  яғни  жауапкершілік,  белсенділік, 
мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;  
 
қарым-қатынас  мәдениетін,  үлкендерге  құрмет  көрсету  мен  кішілерге 
қамқор  болуды,  қоршаған  ортаны  қорғауда  өзін  белсенділігін  көрсетуді, 
патриоттық  сезімді  тәрбиелеу,  қазақ  халқы  мен  елімізде  өмір  сүріп  жатқан 
этностардың  тарихына,  мәдениетіне,  әдет-ғұрпына  және  басқа  байлықтарына 
құрмет  көрсетуді,  математика  ғылымының  дамуы  барысында  жинақталған 
құндылықтарға қатыстыру кіреді.  
Математиканы оқыту ерекшелігі.  
1-сыныпта 0 санынан 10 санына дейінгі сандармен, 10-ға дейінгі сандармен 
қосу мен азайту арифметикалық амалдарымен, толық ондықтармен таныстыру 
басталады; «10-нан 20-ға дейінгі сандар» жаңа материалы енгізілген; 2-сыныпта 
қарастырылатын 100-ге дейінгі сандарды игеруге дайындық жүргізіледі.  
«10-нан  20-ға  дейінгі  сандар»  жаңа  тақырыбына  6  сағат  бөлінген.  4-
тоқсанның  қалған  сағаттары  игерілген  материалды  пысықтау  мен  қайталауға 
арналған.  Сондықтан  математика  сабағындағы  жұмыстар  жаңа  тақырыптарды 
енгізе отырып, қолданыстағы оқулықтар бойынша жүргізіледі.  
2-сыныптағы  математика  пәнінің  мазмұны  1-сынып  бағдарламасы  мен 
оқулық мазмұнына бейімделе жазылған.  
2-сыныптың алғашқы сабақтарындағы «Қайталау» тарауы 1-сыныпта алған 
білімдерін  пысықтауға  бағытталған.  Осы  сыныпта  100-ге  дейінгі  сандар 
игеріледі;  10-нан  20-ға  дейінгі  сандарын  игеру  тарауының  сағат  саны 
арттырылған;  көбейту  және  бөлу  арифметикалық  амалдарымен  таныстыру 
басталады.  «Көбейту  мен  бөлу  амалдары»  тақырыбын  игертуге  20  сағат 
бөлінген.  

38 
 
3-сыныптағы  математика  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасының  өзгеруіне 
және көбейту мен бөлудің 2-сыныпта қарастырылуына байланысты 3-сыныпта 
қайталауға  берілген  сағаттар  саны  4  сағаттан  14  сағатқа  дейін  көбейтілді. 
Осыған  қатысты  3-сыныптағы  алғашқы  14  сабақтың  мазмұнын  толығымен 
өзгертуге әкелді.  
Жаңа  бағдарламаға  сәйкес  3-сыныптың  оқулығына  жаңа  тақырыптар 
кірістірілді:  
 
ұзындық  бірлігі  –  миллиметр  (1  мм).  1  см  =  10  мм  қатынасы 
қарастырылады;  
 
геометриялық  фигуралардың  аудандарын  «көзбен»  және  беттестіру 
арқылы салыстыру;  
 
аудан  бірліктері  –  1  м
2
,  1  дм
2
,  ар  (1  а).  Аудан  бірліктері  арасындағы 
қатынастар: 1 м
2
 = 100 дм
2
, 1 дм
2
 = 100 см
2
1см
2
 = 100 мм
2
,
 
1 а = 100 м
2
;  
 
қозғалыс жылдамдығы. Жылдамдық бірліктері: 1 км / сағ, 1 м / мин, 1 см 
/ с және т.б.;  
 
теңдеулерде  a,  b,  c,  d  латын  әріптерінің  (бұл  әріптер  математикада 
тұрақты  шамаларды  белгілеу  үшін  қолданылады)  орнына  x,  y,  z  әріптері 
қолданылған;  
 
х + 4   2 = 24 түрдегі күрделі теңдеулер. Оларды шешу арифметикалық 
амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелеріне негізделген;  
 
екі әрпі бар әріпті өрнектер: а + 3 + b. Әріптердің берілген мәндерінде 
осындай әріпті өрнектің мәнін табу;  
 
тарихи мағлұматтар, математикалық фактілер.  
Оқушыларды  отандық  және  әлемдік  жетістіктерге  тарту,  оқушыларда 
математиканы мәдениеттің бір бөлігі ретінде түсінік қалыптастыру мақсатында 
оқулыққа  қысқаша  тарихи  мағлұматтар  және  математикалық  тапсырмалар 
(оларды 
игеру 
бақылауды 
қажет 
етпейді) 
кірістірілген. 
Мысалы, 
арифметикалық  амалдардың  белгілерін,  жақшаны,  санның  орнына  әріпті, 
теңдеуде  белгісізді  енгізген  ғалым-математиктермен  таныстыру.  Қазақ 
халқының сыйымдылыққа қатысты ежелгі өлшемдерімен таныстыру.  
Оқушылардың логикалық ойлауы мен математика тілінде сөйлеуін дамыту 
және  олардың  математиканы  игеруге  деген  қызығушылықтарын  арттыру 
мақсатында күрделі есептер (барлық оқушыларға міндетті емес) ретінде келесі 
тапсырмалар енгізілген:  
 
кестемен берілген логикалық есептер;  
 
сөзжұмбақтар  (олар  ең  алдымен  математикалық  терминологияны 
меңгеруге,  математика  тілінде  сөйлеуге,  ғалым-математиктермен  таныстыруға 
бағытталған);  
 
«сиқырлы» шаршылар;  
 
математикалық  ребустар,  оларды  шешу  нәтижесінде  оқушылар  ғалым-
математиктер (Пифагор, Рекорд, Лейбниц, Виет, Евклид) жайлы біледі;  
 
мазмұны экономикаға қатысты есептер;  
 
салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған есептер.  
4-сыныпта  1 000 000  дейінгі  сандар,  миллион  көлемінде  осы  сандарға 

39 
 
қолданылатын  арифметикалық  амалдар,  жылдамдық,  текше,  тікбұрышты 
параллелепипед оқытылады.  
Бастауыш  білім  мазмұнын  меңгерудің  пәндік  нәтижелері  бес  балдық 
бағалау жүйесімен бағаланады.  
Бақылау нысандары тест тапсырмалары, бақылау, өздік жұмыстар, ғылыми 
жобаларды қорғау, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде өткізу ұсынылады.  
1-4-сыныптардағы  «Математика»  пәнінен  ағымдық  бақылау  нысандары 
жазбаша,  ауызша  түрде  ұйымдастырылады.  Ағымдық  бақылау  жұмыстары 
аптасына 1 реттен артық өткізілмейді.  
Тақырыптық  бақылау  жұмыстарын  жазбаша  түрде  ұйымдастыру 
ұсынылады.  Математика  пәнінен  ұйымдастырылатын  қорытынды  бақылау 
бақылау  жұмыстары  мен  кешенді  тестік  тапсырмалар  арқылы  ұйымдастыруға 
болады.  
1-4-сыныптарға  арналған  «Математика»  пәнінен  бақылау  жұмыстарының 
тоқсандар бойынша саны (4-кесте) ұсынылады.  
 
4-кесте - 1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен бақылау жұмыстарының 
түрлері мен сандары 
 
 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 
4 тоқсан 
1 - сынып 
Бақылау жұмысы 




Өздік жұмысы 




Барлығы: 




2 - сынып 
Бақылау жұмысы 




Өздік жұмысы 




Барлығы: 




3 - сынып 
Бақылау жұмысы 




Өздік жұмысы 




Барлығы: 




4 - сынып 
Бақылау жұмысы 




Өздік жұмысы 




Тестік тапсырмалар  




Барлығы: 




 
Математика пәні бойынша 1-4-сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:  
1-сыныпта: аптасына 4 сағат, жылына жалпы сағат саны 132 сағат;  
2-сыныпта: аптасына 4 сағат, жылына жалпы сағат саны 136 сағат;  
3-сыныпта: аптасына 5 сағат, жылына жалпы сағат саны 170 сағат;  
4-сыныпта: аптасына 5 сағат, жылына жалпы сағат саны 170 сағат.  
 
 
2.3 «Жаратылыстану» білім саласы  
 
Дүниетану  
Пәннің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың 
табиғатпен  қарым-қатынас  жүйесі  негізінде  жалпыадами  құндылықтарды 
қалыптастыру.  

40 
 
Негізгі міндеттері:  
 
туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;  
 
оқушыға  қоршаған  ортаның  әр  алуандығын,  тұтастығын,  құндылығын, 
ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;  
 
күнделікті  өмірде,  зертханалық  жұмыстарды  орындау  мен  табиғатқа 
саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;  
 
«адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;  
 
танымдық  қызығушылығын,  интеллектуалдық  және  шығармашылық 
қабілеттерін дамыту;  
 
қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;  
 
картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы 
қазбаларды көрсетуге үйрету;  
 
тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;  
 
танымдық  қызығушылығын  қанағаттандыру  үшін  алған  білімдерін 
қолдана  білу,  туған  жердің  табиғи  байлықтары,  өсімдіктері  мен  жануарлары 
туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;  
 
бақылау,  өлшеу,  салыстыру  дағдыларын  қалыптастыру,  өмірлік 
тәжірибелерін жетілдіру;  
 
адам  мен  табиғаттағы  тіршілік  әрекетінің  өзара  байланысын,  қоршаған 
орта  заңдылығын,  құбылысын,  нысандарын  меңгерту  және  оқушылардың 
адамның  қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынасы  туралы  түсініктерін 
кеңейту;  
 
жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін 
білім, білік, дағдыларын жетілдіру.  
2014-2015  оқу  жылында  «Шетел  тілі»  пәнінің  2-сыныпқа  енгізілуіне 
байланысты  «Дүниетану»  пәнінің  апталық  оқу  жүктемесі:  1-2  сыныптарда 
аптасына  1  сағатпен  оқытылады;  3-4-сыныптарда  аптасына  2  сағатпен  оқуды 
жалғастырады.  
 
 
2.4 «Адам және қоғам» білім саласы  
 
Өзін-өзі тану  
Пән  әр  оқушының  ішкі  жан-дүниесін  байытуы  және  өзіндік  қайталанбас 
жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық 
әлеуетін  ашуға  бағытталған  мақсатты  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруды 
көздейді.  Өзін-өзі  тану  пәнінің  оқу-әдістемелік  құралдары  оқушылардың 
қоғамға  және  өз-өзіне  қызмет  етуіне  бағытталып,  олардың  жасампаздық 
белсенділігін  танытуға  мүмкіндік  беретін  өмірлік  маңызы  бар,  кең  ауқымды 
біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.  
Пәннің  мақсаты:  оқушының  өмірлік  айқындамасын  анықтауы;  түрлі 
мәселелерді  адамгершілік  қағидаларға  сәйкес  сындарлы  түрде  шешуі;  өзіне, 
адамдарға  және  қоршаған  әлемге  ізгілікті  қарым-қатынас  жасау;  адамдарға 
көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу; өзімен-

41 
 
өзі  үндестікте  өмір  сүру,  ойы,  сөзі  және  іс-әрекеттерінде  шынайы  болу; 
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту; өз ойын, 
сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты 
болу; қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.  
Пәннің міндеттері:  
 
оқушылардың  өз-өзіне,  адамдарға  және  қоршаған  ортаға  деген 
құндылық  қарым-қатынастарын,  айналасындағы  адамдарға  деген  сезімталдық 
және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;  
 
өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын 
түсіну,  өзіне  және  басқаларға  жақсылық  пен  сүйіспеншілік  таныту  ниеттерін 
дамыту;  
 
өзін  дәріптеу,  өзіне  сену,  өз  ойы,  сөзі  және  іс-әрекеті  үшін 
жауапкершілік сезімдерін дарыту;  
 
адам  мен  ішкі  және  сыртқы  ортаның  өзара  байланыстылығын,  оның 
табиғатпен  біртұтастығын,  тән  және  жан  саулығының  бір-бірімен  тығыз 
байланыстылығын  түсіну,  салауатты  өмір  сүрудің  негізі  ретінде  өзінің  дене 
және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;  
 
әлеуметтік  айқындамалар  мен  рөлдердің  көпқырлылығы  тұрғысынан 
өзінің  әрекеттері  мен  мінез-құлықтарын  реттеуде  терең  ойланып,  сезіне  білу 
қабілеттіліктерін дамыту;  
 
белгілі  бір  мағынадағы  ақпараттарды  жинау  және  оған  талдау  жасау 
үшін  өзінің  білімін,  білігін  және  дағдысын  қолдана  білу;  жағдаятты  бағалау; 
жалпы  адамзаттық  және  этно-мәдени  құндылықтарға  қайшы  келмейтін  жеке 
шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;  
 
күнделікті  өмірде  нақты  мәселелерді  шешуде  жасампаздық  белсенділік 
таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы 
шешу  үшін  ұжымда  бірлесе  еңбек  ету  және  топпен,  командамен  жұмыс  істеу 
іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.  
Пәнді  оқыту  ерекшелігі:  оқушының  өзіндік  бейімін  ашу  және  оның 
темпераментін,  мінез-құлқын,  қабілеттерін  ескере  отырып,  оны  жеке  тұлға 
ретінде  ретінде  дамыту.  «Өзін-өзі  тану»  пәнінің  базалық  білім  беру  мазмұны 
оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  1-4-сыныптарда  төрт 
негізгі бөлімді қамтиды:  
1)
 
Өзін-өзі тану бақыты;  
2)
 
Адами қарым-қатынасқа үйренейік;  
3)
 
Адам болам десеңіз ...;  
4)
 
Әсемдік әлемінде.  
Оқыту үдерісі оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа 
деген  қарым-қатынасын  айқындайтын  адамгершілік  мінез-құлықтарды 
қалыптастыруға, өз- өзіне, қоғамға қызмет етуге бағытталған.  
Оқу  жүктемесі:  аптасына  1  сағаттан:  1-сыныпта  33  сағатты,  2-4-
сыныптарда 34 сағатты құрайды.  
 
 

42 
 
2.5 «Өнер» білім саласы  
 
Музыка  
Музыка  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытып,  олардың 
қиялын,  есте  сақтау  қабілетін,  танымдық  қызметінің  белсенділігінің  артуына 
ықпалын тигізеді.  
«Музыка»  оқу  пәнінің  мақсаты  –  оқушылардың  музыкалық  мәдениетін 
тәрбиелеуге,  азаматтық  тұлғасын,  көркемдік  талғамы  мен  шығармашылық 
қабілетін  қалыптастыруға,  алған  білімдерін  сабақта  және  өмірде  пайдалана 
білуіне негізделген.  
«Музыка» оқу пәнінің басты міндеті:  

 
оқушылардың музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып,  
музыкалық шығармаларға өзінің көзқарасын білдіре білу;  

 
 музыкалық-шығармашылық әрекет барысында, тәжірибелік дағдыларын 
іске  асыру:  музыка  тыңдау,  ән  айту,  музыкалық  аспаптарда  ойнау,  мәнерлі 
қимылдар жасау, суырып салу;  

 
 оқушылардың  шығармашылық  қабілеті  мен  қиялын  дамытып, 
көркемдік талғамын қалыптастыру.  
Бағдарлама  мазмұны  қазақ  халқының  дәстүрлі  мәдениеті,  классикалық 
музыканың  ең  озық  үлгілері,  қазіргі  таңдағы  Қазақстан  музыка  өнері  және 
республикамыздағы  өзге  халықтардың  музыкалық  мұрасы  болып  табылады. 
Бағдарлама  музыкалық  өнер  дамуының  заңдылықтарына  негізделіп,  оның 
өмірмен байланысына бағытталған.  
Музыка  пәнінің  мазмұны  тақырыптық  топтардан  құралып,  бастауыш 
сыныптардың  бірізді  және  жүйелі  түрде  дамуын  көрсетеді.  Пәнді  оқытуда 
«Қазақ  халық  музыкасы»,  «Музыкалық  аспаптар»,  «Концертке  және  театрға 
саяхат»,  «Қазақстан  –  менің  Отаным»  сынды  ең  негізгі  тақырыптарға  аса  мән 
беріледі.  Пән  мазмұны  тереңдей  түсіп,  музыкалық  құбылыстардың  ауқымы 
кеңейеді.  
Оқытудың  әдістемелік  жүйесі  заманауи  технологияларды  пайдалануға 
негізделген.  1-2-сыныптардағы  сахналық  ойындар  оқушылардың  білімін 
толықтыра  түсіп,  коммуникативтік  қызмет  атқарады.  «Мұғалім  -  оқушы» 
технологиясы  шынайы  шығармашылық  қарым  қатынас  қалыптастырады. 
«Жетістік»  технологиясы  окушылардың  шағармашылық  биігіне  көтерілуіне 
көмектеседі.  Бастауыш  сыныптарда  саяхат-сабақ,  концерт-сабақ,  ой  бөлісу 
сабағы, репортаж-сабақ және т.б. әртүрлі сабақ түрлерін пайдалану ұсынылады. 
«Музыка»  пәнiн  оқыту  барысында  Қазақстан  Республикасы  халқының 
құрамы  көпұлтты  екені  ескеріледі.  Осыған  орай,  Қазақстан  Республикасының 
барлық мектептерінде музыкалық материалдың бөлігін міндетті түрде дәстүрлі 
қазақтың  және  заманауи  әуендерге  арнауы  және  еркін  бөлігін  мұғалім 
сыныптың нақты ұлттық құрамына сәйкес музыкалық материалды түрлендіруге 
болатыны ұсынылады. 
«Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны: 1-сыныпта аптасына 1 сағат, 
жылына барлығы 33 сағат; 2-4-сыныптарда аптасына 1 сағат, жылына барлығы 
әрбір сыныпта 34 сағат.  

43 
 
Бейнелеу өнері  
Бейнелеу  өнері  курсы  өскелең  жеке  тұлғаның  рухани  қызметінің 
қалыптасу  шарты  болып  табылатын  эмоциялық-бейнелі,  көркем  ойлау  түрін 
қалыптастыруға бағытталған.  
Оқыту мақсаттары:  
-  эстетикалық  сезімдерді,  бейнелеу  өнеріне  қызығушылығын  тәрбиелеу; 
өнегелі  тәжірибесін  байыту,  ізгілік  пен  зұлымдық  туралы  ойларын  дамыту; 
адамгершілік  сезімдерін  тәрбиелеу,  Қазақстан  және  басқа  елдердегі 
халықтардың мәдениетін құрметтеу;  
-  қиялын,  кез  келген  іске  шығармашылық  тұрғыдан  қарау  ниеті  мен 
икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте 
бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;  
-  халық  шығармашылығына  деген  қызығушылығы  мен  сүйіспеншілігін 
тәрбиелеу;  
- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.  
Оқыту міндеттері:  
-  өзінің  қоршаған  әлемге  көзқарасын  шығармашылық  жұмыстарында 
көрсете білу қабілетін дамыту;  
-  сурет,  кескіндеме,  композиция  бойынша  бейнелеу  сауаты  негіздерімен 
таныстыру;  
- жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;  
-  бейнелеу  өнерінің  түрлерімен  (графика,  кескіндеме,  сәндік-қолданбалы 
өнер,  мүсін,  дизайн,  сәулет  өнері)  және  жанрларымен  (пейзаж,  портрет, 
натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;  
-  көркемдік  дағдыларды  меңгеру  (әртүрлі  материалдармен  жұмыс  істеу 
және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);  
-  шынайы  өмірде  көркем  мәдениеттің  көрінісін  байқай  білу  қабілетін 
дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);  
-  балаларда  сезімдік-эмоциялық  белгілерді  дамыту:  зейін,  есте  сақтау, 
қиял, елестету;  
-  оқушылардың  қолдарының  моторикасын,  иілгіштігін,  икемділігін  және 
көзбен шамалау дәлдігін жақсарту.  
Оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:  
-
 
ықпалдастырылған  модельде  пластикалық  өнердің  алуан  түрлері 
(кескіндеме,  графика,  мүсін  өнері,  көркемдік  құрастыру,  дизайн  және  сәулет 
өнері, сәндік-қолданбалы өнер) қолданылған;  
-
 
Қазақстан  және  әлем  халықтары  өнерінің  ұлттық  ерекшеліктеріне 
құрметпен қарау өзектілендірілген;  
-
 
қазіргі  заман  өнерінің  және  өткен  заман  туындыларының  бейнелі 
ерекшелігіндегі  сабақтастық  байланыстар  айқындалады,  мәдениетаралық 
қарым-қатынасқа және төзімділікке дайындық қалыптасады;  
-
 
аймақтық компонентті қосу, бейнелеу өнерін оқытудың шығармашылық 
тәсіл мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылған.  
Бағдарламадағы  оқу  материалы  көркемдік  білімнің  іскерлік  сипаты  мен 
адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет 

44 
 
түрлері»,  «Көркемдік  сауат  негіздері»,  «Қоршаған  әлемді  тану»,  «Көркем-
шығармашылық қызмет мазмұны».  
Осылайша  блоктарға  бөлу  ерекшелігі  мынада,  бірінші  блок  оқу 
материалының  мазмұнын  ашады,  екінші  блок  оны  іс  жүзінде  іске  асырудың 
құралдарын  береді,  үшінші  тапсырма  тақырыбының  рухани-адамгершілік, 
эмоциялық-құндылық  бағыттылығын  болжамдайды,  төртінші  олардан  бала 
көркемдік-шығармашылық  тәжірибе  алып  шығатын  қызмет  түрлері  мен 
шарттарынан  тұрады.  Барлық  блоктар  өнердің  әртүрлі:  типологиялық,  тілдік, 
құндылыққа  бағдарланған,  қызметтік  қырларын  ашады.  Олар  (барлығы  бірге) 
әр  сабақта  әртүрлі  шамада  оқытылады.  Барлық  блоктар  кешенді  түрде  жалпы 
көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.  
«Бейнелеу  өнері»  пәні  бойынша:  1-сыныпта  аптасына  1  сағат,  жылына 
барлығы 33 сағат; 2-4-сыныптарда аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат.  
 
 
2.6 «Технология» білім саласы  
 
Еңбекке баулу  
Пәннің  мақсаты:  бастапқы  технологиялық  білім,  еңбек  білігі  мен 
дағдысын,  іс-әрекетті  жоспарлау  және  ұйымдастыру  тәсілдерін  меңгерту; 
сенсорика,  қол  саусақтарының  кіші  моторикасын,  кеңістік  қиялын,  ақпарат 
түрлерінде  бағдарлау  қабілеттерін  дамыту;  қоршаған  әлем  өзгерісіндегі  адам 
еңбегінің  рөлі  туралы  білімді  меңгерту;  адам  және  адам  еңбегіне  құрметпен 
қарауға, еңбексүйгіштігін тәрбиелеу.  
Пәннің міндеттері:  
 
алғашқы жалпы еңбек және арнайы біліктерін, еңбек және экологиялық 
мәдени негізін қалыптастыру;  
 
ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық 
іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану;  
 
жеке  гигиена  ережесін  сақтау,  материалдар  және  құралдармен 
қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту;  
 
өздігінен қажетті материалдардан түрлі бұйымдар құрастыру;  
 
оқушылардың 
шығармашылық 
қабілетін, 
көркем 
сезімін, 
шығармашылық  қиялын,  кеңістік  ой-өрісін,  эстетикалық  талғамы  мен 
құрастырушылық қабілеттерін дамыту;  
 
ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыру.  
Пәнді оқытудың ерекшелігі – адам және қоршаған әлем арасындағы өзара 
байланысы,  қоғам  дамуындағы  адам  қызметінің  рөлі  туралы  түсініктерін, 
алғашқы  технологиялық  біліктіліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыру.  Еңбек 
оқушы  дамуының  (адамгершілік,  ақыл-ой,  физикалық,  эстетикалық)  ең  бір 
басты  факторы  болып  табылады.  Осы  сатыда  қалыптасатын  дағды  оқушының 
одан  әрі  дамуын  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай,  меңгеретін  білім  және  білікті 
белсенді түрде қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады.  
 

45 
 
4-сынып  оқулығында  «Сым  темірмен  жұмыс»,  «Фольгамен  әшекей 
бұйымдар  жасау»,  «Қошқар  мүйіз  оюының  орындалу  реті»  тақырыптары 
қарастырылмауына  орай,  мұғалім  пәнді  оқытуды  жоспарлауда  өзге 
тақырыптармен оқу бағдарламасына сәйкес алмастыра алады.  
Еңбекке  баулу  пәні  бойынша:  1-сыныпта  аптасына,  2  сағат,  жылына  66 
сағат; 2-4-сыныптарда аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат қарастырылған.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет