198
-
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік
-
экономикалық және мәдени
процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
➢
Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен
оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны
«оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады.
Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5
-
сыныптан
қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және
географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.
Мысалы
6-
сыныпта
«
VI-
IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму
ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
анықтау
»
атты
оқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны
пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында
уақыт пен кеңістікте
бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.
Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға
мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи
оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін
тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар
беру ұсынылады.
7-9-
сыныптарда тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін
тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту қажет.
9-
сыныпта тарихты оқыту
білім алушылардың қазіргі заман тарихының
маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар
аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, көрнекті тарихи тұлғалар
қызметін бағалау, алған білімі негізінде өз ойын дәлелдеу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті
өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы
талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: