199
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес,
сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі
формалары ұсынылады:
мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс
-
әрекет түрлері
арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
білім алушыларды
зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды
ұйымдастыру; білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту; білім
алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар
құрастыру; білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық
жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану; оқу процесінде тарихи құжаттардың
фрагменттерін талдау, ақпарат жинақтау және қорытынды жасау, себеп
-
салдарлық байланыстарды орнатуды және т.б. талап ететін тапсырмаларды
кеңінен қолдану;
сабақта білім алушының біліміндегі олқылықтарды уақытында
анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі
әдістерін қолдану. Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың жас
және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау
дағдыларын қалыптастыратын әдіс
-
тәсілдер мен тапсырмаларды қолдану
ұсынылады. Мысалы, эссе және есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау (SWOT,
PEST, GAP талдаулары) және т.б.
Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге сәйкес
болуы қажет:
-
тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;
-
саралауды жүзеге асыру
;
-
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру
;
-
проблемалық оқытуға негізделуі;
-
бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.
Баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б.бойынша
тапсырма беру
барысында мұғалімге оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру
ұсынылады.
Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи
карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде әрбір білім алушы
топтағы
атқаратын негізгі міндеттерін анық түсіндіру қажет.
4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары
үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және
қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады
(
2022
жылғы
Достарыңызбен бөлісу: