Оқу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет115/183
Дата14.09.2023
өлшемі5,81 Mb.
#107510
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   183
Байланысты:
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.48 PM

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша
 
10

11-
сыныптарда
 
вариативтік компонент есебінен білім алушылардың қажеттілігіне 


195 
қарай инварианттық компоненттен таңдаңдалған пәндер тізімі міндетті түрде білім 
беру ұйымының педагогикалық кеңесінде бекітілуі тиіс

 
 
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар
 
2022-
2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу 
процесін ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясының ресми сайтында 
https://uba.edu.kz/
 
орналастырылған Үлгілік оқу 
бағдарламаларын басшылыққа алу керек.
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту: 

білім алушыларда тарихи сананы, қазақстандық патриотизм, өз елінің 
тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата
-
бабаларының жетістіктеріне деген 
мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, 
ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға;

білім алушылардың ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктерін, қазақ 
халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну, 
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік
-
экономикалық және мәдени процестерде 
бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға 
бағытталған.
5-9-
сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәніне бөлінген 2 сағат оқу 
жүктемесі сақталған (18.1
-
кесте) және осы сыныптарда «Қазақстан тарихы» 
Үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады. 
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» пәні
мазмұны 
Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік
-
экономикалық және мәдени 
негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-11-
сыныпта «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту түрлі тарихи кезеңдердегі 
Қазақстанның мәдени
-
тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім 
алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
Пән мазмұны Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, 
процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті 
тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады. Осы оқу пәнінің мақсаты 
патриотизмді қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға 
құрмет көрсетуге дағдыландыру болып табылады.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері
 
5-9-
сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу 
бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне 
дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, 
мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін 
қамтиды.
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
 

тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу 
материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи процестер 
контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;

тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу, 
талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;


196 

білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық 
құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше 
көңіл бөлінген.
«Қазақстан тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының басты 
мақсаттарының бірі –
оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын 
қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Сондықтан сабақта оқушылардың 
«тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс
-
тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу, жоба әдістері 
т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез
-
келген 
құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи 
оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін 
білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен 
түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи 
ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы 
негізінде дамытылуы тиіс. Сондықтан, «Қазақстан тарихы» пәнін тарихи 
түсініктер негізінде оқыту ұсынылады.
Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс: 
1)
өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам 
қаншалықты өзгеріске ұшырады)
2)
себеп
-
салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды 
факторлар саяси үдерістерге әсер етті); 
3)
дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным
-
сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады); 
4)
ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII
-
XV ғғ. Қазақстан 
территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен 
айырмашылықтар); 
5)
маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы 
неде); 
6)
интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер 
қалай сипаттайды).
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен 
маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл 
пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі. 
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды 
жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білім алушылар тек қана пәндік 
материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен 
байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, 
сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені 
қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу 
жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру). 
Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу 
материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын 
қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген 
оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні 
бойынша әр тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары берілген. 


197 
 
5-9-
сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының 
ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени, саяси, 
экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері
оқытылады.
Пәнді оқыту –
оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес 
материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет