101
көрсетуге, сондай
-
ақ оқу және қолданбалы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік
береді.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі жоғары сынып
оқушыларына арналған білім мазмұнын қамтуы тиіс. Қоғамның барлық
саласында қазақ тілін қолданудың заңдылықтарын, іскерлік, дипломатиялық
қарым
-
қатынас мәдениетін, сөйлеу мәдениетін игерген оқушы жалпыға міндетті
білім
стандартында
көрсетілген
«Қазақстан
Республикасының
Конституциясының нормалары мен заңдарын құрметтеуді және сақтауды», яғни
қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қолдануды өз міндетіне алады, қазақ тілінің
мемлекеттік статусын көтеруге өзіндік үлес қосады, мемлекеттік тілді қолдануға
ынталы болады.
Қазақ тілінің қоғамдық
-
әлеуметтік қызметін бастауыш, орта жоғары
сыныптарда оқытқанда тілдің құрылымдық, функционалдық, тарихи жүйесі
өзара тұтастықта бірлікте кіріктіріліп оқытылады. Нәтижесінде оқушылар тілдің
таңбалық жүйесі, әдеби тілдік нормасы, тарихы және тіл арқылы ұлтты, адамды
тану туралы кешенді білім алады. Бұлар оқушының тіл тазалығын, тіл
анықтығын тіл дәлдігін (А.Байтұрсынов) игеріп, сөйлеу мәдениетін, сөз
шеберлігін жетілдіруіне айтарлықтай үлес қосады.
Достарыңызбен бөлісу: