151
Негізгі үлгілік оқу бағдарламада
2-
11 сыныптарға арналған «Шетел тілі»
пәні бойынша сөйлеу қызметінің барлық: тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым және тілді пайдалану сынды дағдылар қамтылып, оларды дамытуды
көздейді. Бағдарламаның лексикалық және грамматикалық құрылымы
қарапайымнан күрделіге дейінгі принципті қамтиды.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің
базалық білім мазмұнынан, оқыту мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді
жоспардан тұрады. Бұл оқу бағдарламаларында да, ұзақ мерзімді жоспарда да
тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген.
Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик
-
мұғалімге
берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей, сол тоқсанда игерілуі тиіс.
2-11-
сыныптaрынa aрнaлғaн «Шетел тілі» оқу пәнінің жaңaртылғaн
мaзмұндaғы үлгілік оқу бaғдaрлaмалары ҚР БҒМ бұйрығымeн бeкітілгeн жәнe
Ы. Aлтынсaрин aтындaғы Ұлттық білім aкaдeмиясының сaйтындa
https://uba.edu.kz/ орнaлaстырылғaн.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің деңгейілердің
2-11-
сыныптарына арналған «Шетел тілі» пәнінен Үлгілік оқу жоспары ұзақ мерзімді
жоспар негізінде жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда бір оқу жылына
арналған оқу мақсаттары қамтылған. Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімдер мен
тақырыптарды меңгеруге жұмсалатын сағат саны көрсетілмеген. Бөлімшелерге
арналған сағат санын бөлуді ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес, күнтізбелік
-
тақырыптық жоспарды педагог өзі немесе педагогтер ұжымы бірлесіп әзірлейді.
Әзірленген күнтізбелік
-
тақырыптық жоспар мектептің пән бойынша әдістемелік
бірлестік отырысында қарастырып, бекітіледі.
«Шетел тілі» пәннің оқу бaғдaрлaмaры білім aлушылaрдың тaлдaу, бaғaлaу
жәнe шығaрмaшылық ойлaуды қaлыптaстырaтын түрлі тaпсырмaлaрды орындaу,
aуызшa жәнe жaзбaшa түрдeгі дeрeккөздeрдің сaн aлуaн түрлeрі,
ынтaлaндырaтын жәнe қызықты пәндік мaзмұн aрқылы білім aлушылaрдың
шетел тілінeн жaлпыeуропaлық құзырeттeрінe
(CEFR) сәйкeс дeңгeйілерінe жeту
мaқсaтын көздeйді (10.2.кесте)
10.2-
кесте
-
«Шетел тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес тілдік
деңгейлері
Достарыңызбен бөлісу: