2022-2023 оқу жылындағы 4 сыныптың тәрбие
жұмысының І жартыжылдықтағы есебі
Сыныпта 14 оқушы бар. Оның 8– ы ұл бала, 6-еуі қыз бала. Үлгермейтін оқушы жоқ. ІІ тоқсанды 69% пайызбен аяқтадық. 2022-2023 оқу жылында жыл басында сынып оқушыларын адалдыққа, еңбекке, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, жан-жақты , мол сауатты, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында тәрбие жұмысы өз бағыттары бойынша жасалып бекіттірілді. Жоспарланған жұмыстар уақытылы өткізілді. Атап айтсам:
“Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және Отаншылдық”. Мақсаты: Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Жұмыс барысы: 1 қыркүйек күні барлық сыныпта осы тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар әр түрлі тапсырмалар орындап, бейнеролик тамашалап, сол бойынша сұрақтарға жауап берді.
“Адалдық борышым” .Мақсаты: Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру. Адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету. Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.
Жұмыс барысы: Адалдық туралы бейнеролик тамашалап, сол бойынша талқылау жүргіздік. “Адалдық дегенді қалай түсінесіз?” сұрағына бір сөзбен жауап беру. Ұлы тұлғалардың ой толғауларын оқып, түсіндірме жұмыстар жасалды.
“Ана тілім ардағым” . Мақсаты: Оқушылардың ұлттық тіліміз туралы білім дағдыларын жетілдіру.Оқушылардың ұлтжандылық сезімін,тіл туралы танымдық қабілетін дамыту.Оқушыларды ана тілін құрметтеуге,сүйе білуге тәрбиелеу.
Жұмыс барысы: Тіліміз туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Сонымен қатар, мақал – мәтелдер айтылып, мағыналары түсіндірілді.
“Тамақтану тәртібі”. Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен, әдебімен таныстыру, пайдалы және пайдасыз тамақ туралы түсінік беру, дастархан басында сақталатын рәсімдермен ырымдармен таныстыру; оқушылардың сөздік қорларын дамыту; оқушыларды дәстүрді сақтауға, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
Жұмыс барысы: Тамақтану пирамидасымен танысты. Екі топқа бөлініп , зиянды және пайдалы тағамдарды жабыстырып, қорғады. Сонымен қатар, пайдалы және зиян тағамдарды бояп, сол тағам туралы өз ойын айтты.
“Ұлттық ойындар” . Мақсаты: Оқушыларға «Ұлттық ойындар» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққатәрбиелеу.
Жұмыс барысы: Асық ату, арқан тартыс, қол күрес т.б ұлттық ойын түрлері өткізілді.
“Табиғат сенің өз үйің”. Мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу. Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.
“Рәміздерім мақтанышым”. Мақсаты: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету; Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу; Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Жұмыс барысы. Оқушылар ҚР-ның гимнін орындаумен бастап, оқушылар бір біріне сұрақ қойды. Сонымен қатар, жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Топқа бөлініп, қызықты тапсырмалар орындады.
“Мейірімділік адамның асыл қасиеті”. Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Жұмыс барысы: Түсіндірме сабақ ретінде өткізілді. Оқушыларға адами қасиеттер туралы түсінік берілді. “Асыл арна” телеканалы ұсынған “ Мейірімділік асыл қасиет”атты бейнероликті көріп, талқыладық.
“Тәуелсіздік тұғырым” . Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Класс жетекші: Имашева А.Б
Достарыңызбен бөлісу: |