Тақырыбы: «Тәуелсіз елім Қазақстан» Мақсаты



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі195,7 Kb.
#126370
  1   2   3

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім Қазақстан»
Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Қазақ елім,туды жастық дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын ағайын!
Тәуелсіздік құтты болсын,алыбым!
-Құрматті ата –аналар, қонақтар және балабақша бүлдіршіндері Тәелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған «Тәлеусіз елім Қазақстан»атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындаймыз.
Жүргізуші:Міне,Тәуелсіздік мерекесі де келіп жетті.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл 27 жыл толады.Баршыңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекесімен құттықтаймыз.Біз ата- бабамыз-дыңаңсаған арманы орындалып, қазақ елінің Тәуелсіз Мемлекет атанып,көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көруге жазылған ұрпақпыз. Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.Бұл тәуелсіздік оңай келген жоқ. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады,16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды,
Осы жолда аға-апаларымыз көп күресті.Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларыңды тани біліңдер, олар:Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев,Қайрат Рысқұлбеков т.б
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге оны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік- Қайрат,Ләззат,Ерболдың
Тас көшеде, тас талқан боп өлгені.
-Осы тәуелсіздікке жетуімізге өз үлесін қосқан батырларымызды мәңгі
жүрегімізде сақтаймыз.
Жүргізуші: Тәуелсіздік дегенде көңілден жыр-шумақтар ағытылар.Ендеше балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Дастан:
Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет