2022-2023 оқу жылындағы қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстардың
Анықтамасы Мақсаты:
- дарынды оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы зейінін арттыру.
- балалардың білім деңгейін арттыру және зеректікке баулу.
- дарынды оқушылардың оқуға деген ынтасын барынша арттыру, оқу сапасын көтеру, пәнге деген қызығушылығын оятып, зейінін ашу, қалыптастыру.
Дарынды оқушылар бірнеше сыныпта кездеседі. Атап айтсақ, 5 «в» Ерқанат Нұрай, Мұртаза Ізгіжан, 5 «г» сыныбында Алжанбай Інжу, Ермекқызы Кәусар.
Сабақ барысында осы аталған оқушыларға деңгейіне сәйкес тапсырмалар беріп отырдым. Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары құрылды. Жұмыс барысында атап кеткен оқушылар қосымша тапсырмаларды арнайы арналған параққа жазып отырды. Дарынды оқушылармен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарында бірнеше тапсырмалар орындайды, тест жұмысы, мәтінмен жұмыстар жүргізілді. Кейбір тапсырмаларды орындағанда көптеген қиындықтар болып отырды. Оқушының оқу үлгеріміне, қабілетіне әсер ететін жағдайларды зерттеп, әр оқушымен жеке жұмыс жасалды.
Өздігінен жұмыс істеуге жеке тапсырмалар берілді тест, кесте түрінде беріліп отырды. Күш салып орындаған жұмыстарының дұрыс жерлеріне мақтау сөздер айтылып отырды. Пән бойынша дарынды оқушылардың қызығушылығын арттыруға біраз жұмыс жасалды. Дарынды оқушыларға ынталандыру үшін ең алдымен оңай, қызықты тапсырмалар дайындалынды. Пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылар сабақ орындап отырады. Алайда дарынды оқушылармен жұмыс істеудемін.
Байбатшаева Ж.А.
2022-2023 оқу жылындағы қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстардың
Анықтамасы Мақсаты:
Үлгерімі төмен оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқу үлгерімін арттыру.
Оқушылардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу.
Үлгерімі төмен оқушылардың оқуға, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқу сапасын көтеру. Сауатты жазып, оқу жылдамдығын арттыру.
Үлгерімі төмен оқушылар бірнеше сыныпта кездеседі. Атап айтсақ 5 г сыныбында Тұрсынәлі Айсұлтан, 5 г сыныбында Сембай Дінмұхаммед.
Сабақ барысында осы аталған оқушыларға деңгейіне сәйкес тапсырмалар беріп отырдым. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары құрылды. Жұмыс басында атап кеткен оқушылар қосымша тапсырмаларға арналған параққа жазып отырды. Берілген тапсырмаларды оқушылар арнайы бастаған қосымша параққа орындайды.
Үлгерімі төмен оқушылармен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарында бірнеше тапсырмалар орындайды, тест жұмысы, мәтінмен жұмыстар жүргізілді. Кейбір тапсырмаларды орындағанда көптеген қиындықтар болып отырды. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен үлгермеушіліктің негізгі себептерін анықтады, үлгермеушілікті болдырмаудың әдістері мен түрлерін зерттеп, іздену жұмыстарын жүргіздім. Оқушының оқу үлгеріміне, қабілетіне әсер ететін жағдайларды зерттеп әр оқушымен жеке жұмыс жасалды.
Өздігінен жұмыс істеуде қателерін түзетуге жеңіл тест, кесте түрінде тапсырмалар беріліп отырды. Күш салып орындаған жұмыстарының дұрыс жерлеріне мақтау сөздер айтылды. Пән бойынша үлгерімі төмен оқушылардың білімін дамыту сабақ үлгерімін жақсартуды өз бетінше жұмыс істеуге оқушыларды әдеттендіруге жұмыс жасады. Үлгерімі төмен оқушыларға дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін ең алдымен қызықты материал дайындалды. Пәнге қызығушылығы өте төмен оқушылар сабақ ьорындамағаны үшін қиналмайды. Алайда, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеудемін.