Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімін). Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет:
Оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған кезде;
Оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда.
Мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру ПМПК ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: «жеке амал және баланың оқу үлгерімін бағалаудың вариативтілігі». Егер оқушылар (ЕБҚ 2 және3 топ балалары) үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп кеңесі баланың оқу үлгерімін бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады.
Ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң болып саналады. Оқушының жетістіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама шеңберінде қойылады.
Бағалау тәсілдері (рәсімдері) мен бақылау материалдарын өзгерту ықтималдылығы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері мен бақылау материалдарын өзгерту.
Оқытудың нәтижесін бағалау әдістерін өзгерту
1.
|
Мұғалімнің қайталау, баяу, қысқаша, ауызша нұсқаулығы (жазбаша нұсқаудың орнына)
|
2.
|
Тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт беру
|
3.
|
Тапсырманы тек ауызша/жазбаша орындауға мүмкіндік беру
|
4.
|
Планшет, ноутбукты қолдану арқылы бақылау тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беру
|
5.
|
Басқа
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |