Оқу мақсаты: Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау және түсіну



бет19/19
Дата15.08.2023
өлшемі0,93 Mb.
#105314
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
теория кислот и основании каз (1)

Тірек түсініктер: титрлеу қисығы, ерітінді концентрациясы, рН, ерітінді титрі


Сұрақтар мен тапсырмалар:

Деңгей

Тапсырмалар

Білу

Ерітінді титрі дегеніміз не? Натрий гидроксиді титрін есептеуге арналған формуланы жазыңыздар.



Түсіну

Күшті негізді күшті қышқылмен титрлегенде эквиваленттік нүктеде рН қалай есептеледі?



Қолдану

Массасы 0,1560 г фосфор қышқылы үлгісін титрлеуге 26 мл калий гидроксиді жұмсалды. Калий гидроксидінің молярлы концентрациясы мен ерітінді титрін анықтаңыздар.

Талдау

Күшті негіздің күшті қышқылмен титрлеу қисығын талдаңыздар. Титрлеу қисығының негізгі аймақтарын бөліп көрсетіңіздер.

Жинақтау

Егер 15,00 мл NaOH ерітіндісін титрлеуге18,70 мл HCl ерітіндісі жұмсалса натрий гидроксиді ерітіндісінің молярлы концентрациясы қандай болғаны? (T(HCl) = 0,002864).

Бағалау

«Қышқылды-негіздік титрлеуге» ассоциограмма құрыңыздар


Тұжырым/Summary
1. Аррениус теориясы бойынша, қышқылдар – сутек ионын түзе диссоцияланатын заттар.
Негіздер - диссоцияланған кезде гидроксил ионын түзетін заттар.


2. Протолиттік теория деп аталатын, Бренстед – Лоуридің қышқыл мен негіз теориясы бойынша: қышқылдар – протон беруге бейім заттар (протон доноры), негіздер –протон акцепторы.


3.  Льюис қышқылдары  - электрон жұбы акцепторы, негіздер – электрон жұбы доноры.


4. Судың иондық көбейтіндісі 25 °С температурада2о= [H+][OH-] =1·10-14 .

5. [Н+] және [ОН-] иондары концентрациясы бір-біріне қатысты алғанда кері пропорционалды өзгереді.


[H+]=1·10-14/ [OH-]

[OH-] =1·10-14/ [H+]


6. Қышқыл ерітінділерде сутек ионы концентрациясы: [H+] > 10-7 моль/л, гидроксид - ион концентрациясы [OH-] < 10-7 моль/л; [H+] > [OH-]. Сілтілік ерітінділерде сутек ионы концентрациясы: [H+] < 10-7 моль/л, [OH-] > 10-7 моль/л,[H+] < [OH-].


7. Сутектік көрсеткіш ерітіндідегі сутек ионы белсенділігінің өлшемі, ол сандық түрде оның қышқылдылығын анықтап, сутек ионы концентрациясының теріс ондық лограифмі ретінде өлшенеді:
pH = – lg [H+] или [H+] = 10–pH
pОH = – lg [ОH-]
pH + pOH = 14
8. Буферлі ерітінділер немесе буферлі жүйелер дегеніміз- оларға аздаған күшті қышқыл немесе негіз қосылғанда рН-ы іс жүзінде өзгермейтін ерітінділер. Буферлі жүйелер тірі ағзалар өмірінде маңызды рөл атқарады.
9.Титрлеу дегеніміз  – талданушы ерітіндіге заттың эквиваленттік мөлшерін дәл анықтау үшін стандартты ерітінді қосу.
Қышқылды-негіздік титрлеуде қолданылатын титрантқа байланысты оның 2 әдісі қолданылады: ацидиметриялық және алкалиметриялық титрлеу. Ацидиметрияда қышқылдар қолданылады- тұз қышқылы (HCl), күкірт қышқылы(H2SO4) және т.б., алкалиметрияда – сілті ерітінділері (NaOH, KOH, кейде Ba(OH)2) қолданылады.

10. Титрлеу нәтижесі болып концентрацияны анықтау, титрді табу, титрлеу қисығын тұрғызу есептеледі.


Словарь



Русский

Казахский

Английский

1

кислота

қышқыл

acid

2

кислотно-основной



қышқылдық-негіздік

acid-base

3

принимать

қабылдауға

accept

4

акцептор

акцептор

acceptor

5

кислотность



қышқылдық

acidity

6

щелочь



сілті

alkali

7

водный раствор



сулы ерітінді

аqueous solution

8

основание



негіз

base

9

сила основания



негіз күші

base strength

10

основность



негізділік

basicity

11

буфер



буфер

buffer

12

буферный раствор



буферлі ерітінді

buffer solution

13

бюретка



бюретка

burette

14

разбавление



сұйылу

dilution

15

растворять

еріту



dissolve

16

отдавать



беру

donate

17

донор



донор

donor

18

диссоциация



диссоциация

dissociation

19

титрование



титрлеу

titration

20

титрант



титрант

titrant

21

сопряженная пара

жұптасқан(қосарланған) жұп

conjugate pair



22

индикатор

индикатор

indicator



Тарау бойынша тест тапсырмалары:

1. Аррениус теориясы бойынша HCl



  1. негіз

  2. қышқыл

  3. бейэлектролит

  4. тұз

  5. екідай



2.  Льюис қышқылы

  1. электрон жұбы акцепторы

  2. электрон жұбы доноры

  3. протон доноры

  4. протон акцепторы

  5. ерітіндіде гидроксид-ион түзеді



3. Тек күшті негіздер орналасқан қатарды таңдаңыздар

  1. Fe(OH)3, KOH, Ba(OH)2

  2. NaOH, Ca(OH)2, Cu(OH)2

  3. KOH, NaOH, LiOH

  4. Fe(OH)3, Cu(OH)2,NaOH

  5. KOH, Ba(OH)2,NaOH

4. 0,01M NaOH ерітіндісінің pH мәні:



  1. 2

  2. 12

  3. 13

  4. 1

  5. 4

5. Егер 25оС температурада [OH-]=0,001 болса, сутек ионы концентрациясы:



  1. 1·10-14

  2. 1·10-13

  3. 1·10-12

  4. 1·10-11

  5. 1·10-10



6. Егер рОН=4 болса ерітінді рН есептеңіздер

  1. 10

  2. 9

  3. 7

  4. 11

  5. 8

7. Ацетаттық буферлі ерітінді



  1. СН3СООН + СН3СООNa

  2. Н2СО3 + NaНСО3

  3. NaH2PO4 + Na2HPO4

  4. HHb + KHb

  5. HHbO2 + KHbO2

8. Сілтілік ортада таңқурай түс беретін:



  1. Метилоранж

  2. Лакмус

  3. Фенолфталеин

  4. Метил қызыл

  5. Тимол көгі

9. 10мл 1М HCl ерітіндісін 1М NaOH ерітіндісімен титрлегенде эквивалент нүктесіне жету үшін натрий гидроксидінің қажетті көлемі



  1. 20мл

  2. 5 мл

  3. 15мл

  4. 10мл

  5. 7 мл

10. Анықтаманы жалғастырыңыз:


Титрант дегеніміз...

  1. Талданатын ерітінді

  2. Концентрациясы белгісіз ерітінді

  3. Концентрациясы белгілі ерітінді

  4. Құрамы белгілі ерітінді

  5. Бір молярлы ерітінді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет