Тірек түсініктер: гидрокарбонатты, фосфатты, ақуыздық жәнегемоглобиндік буферлі жүйелер
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Деңгей
|
Тапсырмалар
|
Білу
|
Буферлі жүйелер тірі ағзалар өмірінде маңызды рөл атқарады. Адам ағзасындағы буферлік жүйелерге мысал келтіріңдер.
|
Түсіну
|
Буферлі ерітінділерді қолдану аймағын атаңыз.
|
Қолдану
|
Қанға қышқыл метаболиттер түскенде не байқалады? Не себепті гидрокарбонатты буфер қан плазмасының маңызды буфері болып есептеледі?
|
Талдау
|
Дүниежүзілік мұхтит үлкен буферлік сыйымдылыққа ие екені белгілі. Осы фактыны дәлелдейтін реакция теңдеулерін жазыңыздар.
|
Жинақтау
|
Гемолобиндік буферлік жүйенің әрекет ету механизімін түсіндіріңіздер.
|
Бағалау
|
«Буферлі ерітінділерге» ассоциограмма құрыңыздар
|
§ Қышқылды-негіздік титрлеу
Оқу мақсаты:
қышқыл-негіздік титрлеудің мәнін түсіну
Цель обучения:
понимать сущность кислотно - основного титрования
Learning objective:
Ерітінділер концентрациясы дегенді қалай түсінесіз? Ерітінділер концентрациясын қалай анықтауға болады?
Талдаудың титриметриялық әдісі ерітінділер концентрациясын анықтауда қолданылады. Концентрациясы белгілі бір ерітінді титрлеу барысында концентрациясы белгісіз екінші бір зат ерітіндісіне біртіндеп, толық әрекеттесіп болғанша, яғни эквиваленнтік нүктеге дейін қосылады.
Титриметриялық талдаудағы эквиваленттік нүкте - қосылатын титрант эквиваленттерінің саны үлгідегі анықталатын зат эквиваленттерінің санына баламалы немесе тең болған кездегі титрлеу сәті.
Титрлеу дегеніміз – заттың эквиваленттік мөлшерін дәл анықтау үшін анықталушы заттың ерітіндісіне стандартты ерітіндіні қосу.
Талдауға алынған титрленуші ерітінді көлемі аликвота деп аталады.
Аликвотқа құйылатын нақты белгілі концентрациясы бар ерітінділер стандартты (титрленген) ерітінділер немесе титрант деп аталады.Титрантпен тұғырға бекітілген бюретканы толтырады.
Сурет – Титрлеуге арналған аспап схемасы
Қышқылды-негіздік титрлеу әдісі (немесе бейтараптандыру әдісі) бейтараптану реакциясына негізделген:
H+ + OH- ⇌ H2O немесе
H3O+ + OH- ⇌ 2H2O
Қышқылды-негіздік титрлеуде қолданылатын титрантқа байланысты оның 2 әдісі қолданылады: ацидиметриялық және алкалиметриялық титрлеу. Ацидиметрияда қышқылдар қолданылады- тұз қышқылы (HCl), күкірт қышқылы(H2SO4) және т.б., алкалиметрияда – сілті ерітінділері (NaOH, KOH, кейде Ba(OH)2) қолданылады.
Негізгі титрлеу түрлері:
- күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу;
- күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу;
- әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу;
- әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |