Қышқылды-негіздік титрлеу индикаторлары – бұлар әлсіз органикалық қышқылдар мен негіздер, олар орта рН өзгеруіне орай түстерін өзгертуге қабілетті заттар.
Индикатор түсінің өзгеруі индикатор түсінің өту аралығы (интервалы) деп аталатын рH мәндерінің кейбір интервалында болады. Әрбір индикатордың молекуласының құрылысына байланысты өзінің өту аралығы (интервалы) бар.
Қышқылдық индикаторлардың өту аралығы мынадай формула бойынша есептеледі:
pH = pKa 1
pKa – индикатордың қышқылдық константасы көрсеткіші.
Мысалы, фенолфталеин үшін:
Ka = 1*10-9, pKa = – lgKa = 9
pH = 9 1 = 8 – 10
Фенолфталеиннің өту аралығы
Кесте – Маңызды қышқылдық-негіздік индикаторлар және олардың рН өту аралығы аймағы
Индикатор атауы
|
Өту аралығы
|
рТ
мәні
|
Қышқыл ортада түсі
|
Сілтілі орта түсі
|
Метил қызғылт сары
|
3,1 - 4,4
|
4,0
|
қызыл
|
сары
|
Метил қызыл
|
4,4 - 6,2
|
5,5
|
қызыл
|
сары
|
Лакмус
|
5,0 - 8,0
|
7,0
|
қызыл
|
көк
|
Фенолфталеин
|
8,0 – 10,0
|
9,0
|
түссіз
|
Таңқурай түс
|
Қышқылды-негіздік титрлеу видео
Индикатордың бояуының күрт өзгеруі байқалатын және титрлеу аяқталатын рH оңтайлы мәні индикатордың титрлеу көрсеткіші деп аталады (рТ). Индикатор түсінің өту нүктесі титрлеудің соңғы нүктесіне сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |