ОқУ Өндірістік тәжірибе есебі ақпараттық жүйе мамандығының 4 курс студенті Қолғанатов Рамазан



бет1/2
Дата19.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#95267
  1   2

АТЫРАУ БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Директордың оқу тәжірибе
ісі жөніндегі орынбасары
__________Ғиззатуллина Ә.Ғ.
«___»______________2022жыл
ОҚУ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ

Ақпараттық жүйе мамандығының 4 курс студенті




Қолғанатов Рамазан

Тобы: Ис-19-1


Тәжірибе түрі: өндірістік


Тәжірибе жетекшісі: Тағанова А.Б.


Тәлімгер: Тасымов Манарбек Болатович


Атырау-2023

  • Кіріспе

  • 28.11.22 - Күні мен үшін өте маңызды күн болды.

Өйткені Марат Отаралиев атындағы орта мектебіне практикамды өткізуге қадам бастым.
Мектепке келген бойда мектеп мұғалімдеріне салем беріп олардан директордың кабинетін сұрадым.
Мұғалім мені директор кабинеті қайда екенін көрсетті.
Директордың кабинетіне кіріп амандасып, өзімді таныстырдым
Содан кейін осы мектепте программист мамандығынан практика өтуге келгенімді айттым.
Директор жақсы қарсы алып, менін практика жетекшімді шақырып мені таныстырды.
Жетекшім мені өзінің жұмыс жасайтын кабинетіне апарып өзінің күнделікті жұмыс жасайтын орнын көрсетті.Содан соң жетекшім екінші жұмыс жасайтын кабинтіне апарды.Ол кабинетте жасамай тұрған құрылғылар тұрды.
Содан соң жетекшім менің жалпы не істеу керек екенімді айтып түсіндірді , яғни


  1. Бірінші аптада жұмыстарды бақылау, яғни мен ағайдын жасап жатырған жұмыстарын бақылап үйреніп алуға тырысу білмегенімді сұрау.

  2. Екінші аптадан бастап мен осы жұмыстарға араласып көмектесіп немесе жұмыстарды өзім жасау.



  • Негізгі бөлім

  • 29.11.22 - Күні мен мектепке практикаға келдім.

Жетекшімнің кабинетіне кіріп жетекшіммен амандастым.Жетекші мені жасамай тұрған құрылғылары бар кабинетке апарды.
Содан соң бір компьютерді қосып осы компьютерге қазір қайта орнату windows жасайтынын айтты.
Ол үшін бізге флешка керек екенін айтып флешканы компьютерге қондырды.Содан соң пернетақтадан f12 батырмасын басып Bios интерфейсын шығарды.
Boot менюіне кіріп флешканы ең жоғарына шығардыда f10 батырмасын басты, яғни өзгерісті сақтады.
Компьютер қайта қосылу жасап флешка тандау қажет болды.Қажетті флешканы таңдаған соң компьютер өзі установка жасады.


  • 30.11.22 - Күні компьютерлерге диагностика жасадым.

Жетекшімнің кабинетіне кіріп амандастым.Жетекші флешканы көрсетіп сен компьютерлерге диагностика жасай аласынба деп сұрады.
Содан соң мені көптеген компьютерлер тұрған кабинетке апарып бір компьютерді қосты.Компьютерге флешканы қондырып қалай диагностика жасау керек екенін көрсетті.
Содан соң қолыма флешканы ұстатып қалған компьютерлерге диагностика жаса дедіде кабинеттен шығып кетті.
Мен компьютерлерге диагностика жасап бітірген соң жетекшімді шақырдым.
Диагностика жасағанда компьютерлерден еш қате табылмағасын компьютерлерді өшірдік.
{фото}


  • 01.12.22 - Күні компьютерлерге диагностика жасауды жалғастырдым.

Мені жетекшім тағы бір кабинетке апарды.Ол кабинетте сабақ өтіп жатырған соң кейбір компьютерлер бос емес болды.
Маған бос компьютерлерге диагностика жаса деп флешканы ұстатты.
Мен ақырындап барып бос тұрған компьютерлерге диагностика жасадым.
Диагностика жасағанда компьютерден еш қате таппаған соң.Компьютерлерді өшіріп жетекшіме қате таппағанын айттым.


  • 02.12.22 - Күні бос болмаған компьютерлерге диагностика жасадым.

Жетекші маған флешканы беріп кешегі барған кабинетке кері апарды.
Кеше бос болмаған компьютерлер бүгін бос болған соң маған сол компьютерлерге диагностика жасауды тапсырды.
Мен компьютерлерді қосып диагностика жасадым.
Қалған компьютерлерде диагностика жасағанда қате болмады.
Диагностика бітірген соң компьютерлерді өшіріп жетекшіме мәлімдедім

  • 05.12.22 - Күніде диагностика жасадым.

Мені жетекшім тағы бір кабинетке диагностика жасауға апарды.
Бұл жолы компьютерлерге емес ноутбуктерге диагностика жасау керек болды.
Мен флешканы алып диагностика жасауды бастадым.
Ішінде тек бір ноутбуктен қате тапты.Мен оны жетекшіме айттым.
Жетекшім ноутбук өшіріп кайта қосып көр деп кеңес берді.Мен тап солай жасап диагностиканы кері жасап көрдім.
Бұл жолы диагностика қате таппады.


  • 06.12.22 - Күні компьютерге сынама жасадық.

Жетекшім мені бұл күні көптеген құрылғылар тұрған кабинетке алып барды.
Онда бір компьютерді қосып компьютердің жасап тұрғанын сынап көруге арналған бағдарлама жазу керек болды.
Біз компьютерге Aida64 деген бағдарламаны жаздық.
Aida64 бағдарламасы компьютерге компьютер шыдай алатындай толық күш береді , егер компьютер шыдай алмаса онда компьютер өшіп қалады және компьютерді оңдау керек екенін білдіреді.
Біз осы бағдарламаны жазып алып компьютерді сынап көрдік.
Біздің компьютер орташа деңгейде ұстап тұрды.


  • 07.12.22 – Күні принтердің драйверін жаздым.

Мектепке келесалысымен жетекшім мені тағы бір кабинетке алып барды.
Ол кабинетте компьютерге арнайы принтерге арналған драйвер құю керек екен.
Мен хромга кіріп принтердің атын тердім.
Сонда осы принтерге арналған драйвер шықты , мен соны компьютерге құйып алдым.
Компьютермен принтерді бір біріне жалғап қағаз шығарып қарадым.
Принтер ойдағыдай қағаз шығарып тұрды
{фото}
.


Бүгін көптеген құрылғылар тұрған кабинетке бардық.Бұнда бір компьютерге windows 7 қайта орнату керек болды.
Компьютерге флешканы тығып компьютерді қосты.
Компьютер қосылып жатырғанда f2 батырмасын басып BIOS интерфейсін шығарды.
Содан соң BOOT менюіне кіріп флешканы жоғарына қойып f10 батырмасын басып сақтады.
Содан соң компьютер кері қосылып window 7 жазылу басталды.

  • 09.12.22 – Күні компьютерге драйверлерді қондырдық.

Мен жетекшімнің кабинетіне кірдім де жетекшіммен амандастым.
Содан соң кеше windows 7 орнатқан компьютерге барып компьютерді қостық.
Жетекшім флешканы компьютерге тықтыда қазір осы компьютерге драйвер жазамыз деді.
Компьютер қосылғаннан кейін флешкадан қажет бағдарламаны компьютерге орнатып алды және сол бағдарламаны ашты.
Бағдарлама ішінде компьютерге қажет драйверлер тұрды.
Жетекшім барлық драйвердің қасына белгі салып жазу батырмасын басты.


  • 12.12.22 - Күні компьютерге windows 10 қайта орнаттым.

Маған жетекшім компьютерге window 10 ды қайта орнатып кара деді.
Мен компьютерді қосып алдында көргендей жасадым , яғни f12 батырмасын басу BIOS интерфейсіне кіру BOOT менюіне кіру флешканы жоғарға шығару және сақтау.
Осыдан кейін компьютер қайта қосылып windows 10 жазылып бастады.
Жазылып болғаннан соң драйвер жазу керекпе деп сұрадым, жетекшім windows 10 драйверлерді өзі жазады деді.
{фото}



  • 13.12.22 – Жүйелік блокты тазалау.

Жетекшім бір компьютер баяу жұмыс жасап тұрған соң жүйелік блокты тазаласын деді.
Мен жүйелік блоктың болттарын бұрағышпен аштым.
Ішіндегі шаңдарын құрғақ затпен сүрттім.
Ал ішіндегі салқындатқышын шығарып далаға апарып үрледім , ішіндегі шан кеткен соң кері жүйелік блокка орнатып қойдым.
Болған соң жүйелк блокты бұрағышпен жауып қойдым.


  • 14.12.22 - Күні манаблоктын экранын ауыстырдық.

Біз жетекші екеуміз көптеген құрылғылар тұрған кабинетке бардық.
Онда 2 манаблок тұрды, біреуінің экраны жасамады ал екіншісінің өзі жасамай экраны жасап тұрды.
Сондықтан бізге экранды ауыстыруға тура келді.
Біз манаблоктардын артын бұрығышпен ашып қарадық.
Содан соң экранға қатысты болттарды ажыратып экранды шығарып алдық.
Содан соң экрандардын орынын ауыстырып кері манаблоктарды жаптық.
Енді манаблок ойдағыдай қосылып тұрды.


  • 15.12.22 – Күні 3д принтерін ондадық

Жетекші кабинетіне кіреп жетекшіммен амандастым содан соң жетекшінің екінші құрылғылар тұрған компьютеріне бардық.
Онда жасамай тұрған 3д принтер болатын.
Біз соны оңдауға көштік , сол себепті бірінші 3д принтерді қосы қарадық.
Қосылды бірақ жұмысын бастамай тұрып қалды.
Сондықтан біз 3д принтерді ашып ішін қарадық.
3д принтердің экструдерінде пласмас тұрып қалыпты.
Біз оны инемен итеріп шығардық.
Содан соң 3д принтерді қосып қарасақ , 3д принтердің температурасы дұрыс емес көрсетіп тұрды.

  • 21.12.22 – Күні 3д принтерін оңдауды жалғастырдық.

Біз кешегі 3д принтерді кері оңдауға көштік.
Сол себепті 3д принтерді кері ашып қарап нені қате жасалып қойылғанын қарадық.
Жәнеде сонда тұрған тоққтарға көзіміз түсіп, тоқтарды дұрыс емес жалғап қойғанымызды түсіндік.
Тоқтарды орындары дұрыс жалғап 3д принтерді қосып қарадық.
Біздің 3д принтеріміз қосылып жұмысын бастады.
Температурасы да дұрыс деңгейде тұрды.


  • 22.12.22 – Күні 3д принтермен жұмыс

Маған ноутбуктегі затты 3д принтерден жасап шығару ды тапсырды.
Сондықтан мен ноутбукты алып ішіне 3д принтер драйверін және 3д принтер тіліне ауыстыратын бағдарламаны жазып алдым.
Керек файлды бағдарламаға лақтырып 3д принтердің тіліне өзгерттім.
Содан соң оны сақтап флешкаға құйып алдым.
Ол флешканы 3д принтерге жалғап 3д принтерден флешканың ішіндегі файлды тауып 3д принтерде басып шығардым.


  • 23.12.22 – Күні фрезерлік гравюралық станоктың драйверін жаздым

Бұл күні мені фрезерлік гравюралық станокпен таныстырды.
Ол әр түрлі заттарды тесіп пішін жасауға арналған зат екен.
Маған ноутбук беріп осыған драйвер және бағдарлама жазсын деді.
Мен хромнан бағдарламаны да драйверді де тауып жазып алуға көштім.
Жазып алғаннан кейін драйверді ноутбукке орнатып бағдарламамен жақын танысып алдым.


  • 26.12.22 – Күні фрезерлік гравюралық станокпен жұмыс жасадым.

Мені кешегі фрезерлік гравюралық станоктың жанына апарып қалтқыны қолым ұсындыда маған белгілі бір әріптерді ойып шығарсын деді.
Мен қалтқыны кесіп алып сызғышпен өлшеп алып екі жақты таспа арқылы фрезерлік гравюралық станоктың ішіне жабыстырып қойдым.
Содан соң өлшеп алған пішінді жазып алған бағдарламаға қойып қандай әріптер керек екенін жазып жұмысты бастадым.
Біраздан кейін әріптер ойылып дайын болып шықты.


  • 27.12.22 – компьютерлерге антивирус жаздым.

Бүгін жетекшім флешкаға антивирусты құйып маған ұсынды.
Содан соң кабинеті көрсетіп ішіндегі компьютерлерге антивирус құйсын деді.
Мен кіріп компьютерді қосып флешканы аштым.
Ішінен антивирусты таңдап жұмыс тақтасына апардым.
Компьютер жүктеуді бітіргеннен кейін антивируска кіріп қарадым.
Антивирустың өзініңде файлдарын жүктеді.
Антивирус толық жазылғаннан кейін кабинеттегі барлық компьютерлерге сол жұмысты жасап шықтым.


  • 05.01.23 – ноутбуктерге антивирус жаздым.

Кешегі флешканы қолыма ұстатып тағы бір кабинетті көрсетті.
Ол кабинеттің ішінде ноутбуктер тұр екен.
Мен олардың зарядтағыштарын тығып ноутбуктерді қосып флешканы жалғадым.
Бұнда кешегі компьютерлерге жазғандай тап сол жұмыстарды қайталап барлық ноутбуктерге жазып шықтым.
Болған соң ноутбуктерді өшіріп зарядтағыштарын суырып флешканы ағайға қайтардым.
{фото}



  • 06.01.23 – компьютерлерден ойындарды кетіріп антивируспен сканерлеу.

Маған бүгін антивирус жазылған компьютерлерді көрсетіп ішіндегі балалардың жазып қойған ойындарын кетірсін және антивируспен компьютерді сканерлеп шық деп тапсырма берді.
Мен компьютерлерді қосып парметріне кіріп бағдарлама деген менюге кіріп , ішіндегі көптеген керек емес бағдарламалармен ойындарды кетіріп антивирусқа кіріп , сканерлеуді бастадым.
Антивирус ешқандай вирус таппаған соң компьютерлерді өшірдім.


  • 09.01.23 – ноутбуктерден ойындарды кетіріп антивируспен сканерлеу.

Енді бүгін мені кері ойындарды кетіріп сканер жасауға ноутбуктерге жіберді.
Мен ноутбуктердің барлығын қосып алып зарядтағыштарын тығып антивирусты қосып сканер жасадым.
Антивирус вирус таппаған соң ноутбуктердің параметрлеріне кіріп керек емес бағдарламалармен ойындарды кетірдім.
Содан соң ноутбуктерді өшіріп зарядтағыштарды ажыраттым.


  • 10.01.23 – Күні желілік принтермен таныстым.

Жетекшімнің кабинетіндегі желілік принтерді 2 компьютерге жалғап көр деді.
Мен тоқты алып жақын тұрған компьютерге жалғадым.
Содан соң ол компьютерден принтердің желісін аштым.
2 ші компьютерге барып принтерді іздеп қарадым.
Компьютер принтерді тапқан соң сол принтерге қосылып қағаз шығарып қарадым.
Барлығы жасап тұрды.


  • 11.01.23 – Күні түсті принетрге бояу құйдым.

Мені мұғалім шақырып алып түсті принтер жасамай тұрғанын айтты.
Оның себебі бояу бітіп қалған екен.
Мен жетекшімнен бояу сұрастырып принтерді аштым.
Принтердің бояу құятын жерінде әртүрлі әріптер жазылып тұр екен.
Мен сол әріптер арқылы қажет бояуларды алдым.
Қажет бояулардың барлығы жаңа болғандықтан бояулардың қалпағын ашып пышақпен жабық тұрған жерін кесіп жібердім.
Бояудың қақпағын жауып арнайы құятын жерінен бояуларды сәйкесінше құйдым.
Құйып бітірген соң бояуларды орындарына қойып принтерді жаптым.
Содан соң компьютерден қағаз шығарып қарадым.
Нэтижесінде принтер дұрыс жасап тұрды.


  • 23.01.23 – Күні мәжіліс залына барып дыбысты тексердік.

Бүгін жетекшімнің кабинетіне барып амандастым.
Жетекшім мені мәжіліс залын алып барды.
Онда көптеген микрофондармен интерактивный тақта тұрды.
Интерактивный тақтаны қосып компьютерге жалғадық.
Содан соң компьютерді колонкаға жалғадық.
Компьютерден колонкаға жіберілген дыбысты сынау үшін видео жіберіп қарадық.
Дыбыс ойдағыдай шығып тұрды.
Енді бізге микрофондардың дыбысын тексеру керек болды.
Біз микрофондарды бір бірлеп қосып сөйлеп шықтық.
Бәрі ойдағыдай шығып тұрды.
Енде бізге интерактивный тақтаның үстінде тұрған камераны компьютерге жалғауымыз керек болды.
Камераны компьютерге жалғағасын zoom деген бағдарламаға кіріп камераның жасап тұрғанына көз жеткіздік.
Енді жетекшім өз телефонынан zoom деген бағдарламаны жазып алып осы компьютерге қосылды.
Содан соң микрофонның естіліп камера анық көрсетіліп тұрғанына көз жеткізді.
Сынақты бітірген соң zoom ды өшіріп компьютерді өшіріп тастады.
Содан соң барлық микрофонды өшіріп жұмысымызды аяқтадық.


  • 24.01.23 – Күні файлды қалпына келтірдік.

Жетекшіме бүгін көптеген файлдарды қалпына келтіру керек болды.
Бірақ бұған арналған файлдар өте көп және қай бағдарлама дұрыс жұмыс жасайтынын табу өте қиын болды.
Мысалға кейбір бағдарлама тегін емес ал кейбіреуі файлдарды дұрыс таба алмайды.
Жетекшім бір бағдарламаны жазып алды.
Бірақ файлдарды кайтару үшін ақша төлеу керек екен немесе арнайы толык түрін қосі үшін кілт арқылы қосуға болады екен.
Жетекшім интернеттен осы бағдарламаның кілтін тауып алды.
Сосын толық түрін қосып қарап еді қосылды.
Жетекшім файлдарды кері қайтару жүктеуін бастап маған осы бағдарламаның атын және кілтті сақтап ал деді.
Содан соң бұндай жағдай көп кездесе бермейді бірақ кілттерді табуға тырысу керек екенін айтып түсіндірді.
Бұл бағдарламада тек кетіріп тастаған файлдарды емес зақымдалған файлдарды кері қайтаруға болады екен.


  • 26.01.23 – Күні компьютерге windows 10 орнаттым.

Маған жетекшім ішінде дым жоқ флешканы берді де компьютерге windows 10 ды орнат деді.
Мен флешканы алып жасап тұрған компьютерге тықтым.
Содан соң интернетке windows 10 деп жаздым.
Арнайы сайтқа кіріп windows 10 ды жазып флешкаға орнаттым.
Содан соң ол флешканы компьютерге тығып BIOS интерфейсін аштым, содан соң boot менюіне кіріп флешканы жоғары көтеріп сақтадым.
Компьютер кері қосылып тіл таңдауын ұсынды.
Қажет тілді таңдап жалғастыру батырмасын бастым содан соң уақыт таңдау керек болды.
Уақытты дұрыстағаннан кейін жалғастыруды бастым.
Бұдан кейін компьютер windows 10 жүктеуді бастады.


  • 27.01.23 – Күні Термопастты ауыстыру

Бүгін жетекшім компьютердің термопастын ауыстырсын деді.
Мен желілік блокты бұрағышпен аштым.
Ішінде көп шан болғанадықтан тазалап жіберіп желдеткішті желілік блоктан шығардым.
Астында процессор көрініп тұрды.
Оның бетіндегі ескі термопастты сүртіп алып жаңа термопастты ақырын жақтым.
Содан соң желдеткішті орнына қондырып желілік блокты жаптым.


  • 01.02.23-Күні компьютердің шаңын тазалау

Жетекшім мені компьютерлер тұрған кабинетке алып келіп маған шандарын тазаласын деді.
Мен компьютердің мониторын сүрткенней кейін компьютердің жүйелік блогын ішін сүртуді шештім.
Мен жүйелік блоктың болттарын бұрағышпен аштым.
Ішіндегі шаңдарын құрғақ затпен сүрттім.
Ал ішіндегі салқындатқышын шығарып далаға апарып үрледім , ішіндегі шан кеткен соң кері жүйелік блокка орнатып қойдым.
Болған соң жүйелк блокты бұрағышпен жауып қойдым.


  • 02.02.23- Microsoft word пен жұмыс

Мектеп жұмыстары аяқталған соң ағайға көмектесуді шештім.
Ағайға Microsoft word пен компьютер туралы ақпараттар жазу керек болды.
Мен ағайдың жанындағы компьютерді қосып Microsoft word пен жұмыс жасауға көштім.


Бүгін ағай мені компьюетрлері коптен қосылмаған кабинетке алып келді.
Бізге осы кабинетте тұрған компьютерлерді басқа кабинетке апару керек болды.
Біз компьютерледі тоқтан ажыратып ақырындап тасыдық

  • 06.02.23 – Антивирус орнату

Келесі күні осы басқа кабинетке тасыған компьютерлерге антивирус орнату қажет болды.
Мен ағайдан флешка алып антивирустар орнатып бастадым.
Кейбір компьютерлер қосылмады.
Қосылмаған компьютерлерді ағайға ескерттім.


  • 08.02.23 – Компьютерлердің қосылмаған себебі

Бүгін ағай кешегі қосылмаған компьютерлерді қарайық деді.
Қосылмаған компьютерлердің жүйелік блогын ашып зерттеді де , компьтерге тоқтын келмей тұрғанын айтты.
Яғни желілік ұзартқыштар істен шығып қалыпты.
Біз ағайдың кабинетінен желілік ұзартқышты алып істен шыққан желілік ұзартқыштың орнына қойып компьютерді қосып қарадық.
Компьютер қосылды.

{фото}
{фото}


{фото}
{фото}
{фото}
{фото}
{фото}
{фото}
{фото}

{фото}
{фото}


{фото}
{фото}
{фото}


  • Қорытынды

Қорыта келе, мен өндірістік практикада жетекшімнен көп нәрсені үйрендім.
Мысалға айта кетсек windows ты қайта жазу немесе файлды қайта қалпына келтіру, драйверлерді жазу, компьютерге диагностика жасау, құрылғылардың экранын ауыстыру, 3д принтермен жұмыс, фрезерлік гравюралық станокпен жұмыс, түрлі түсті принтер және желілі принтерлердің қалай жұмыс жасайтынын, компьютерлерге бағдарлама арқылы сынама салуды, және тағы басқа компьютермен жұмысты үйрендім.
Менің практикам өте қызықты және көңілді өтті.
Мен осы практикада үйренгендерімді болашақта қолданамын.
Мен қазір көп нәрсені білмейтінімді түсіндім.
Сондықтанда практикамен теорияны ұштастырып әлі де талай нәрсені үйренуге тырысамын деген қорытындыға келдім.

Атырау Бизнес және Құқық колледжінің


Ақпараттық Жүйелер (ИС-19-1) мамандығы IV курс студенті
Қолғанатов Рамазанға




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет