Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін жалпы білім беретін мектептердің МҰҒалімдеріне арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал бақылау диктанттары 5-11 Павлодар қ., 2014 ж


Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық диктант



бет40/54
Дата07.02.2023
өлшемі203,84 Kb.
#65755
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54
Байланысты:
Бақылау диктанттары 5-11 сынып

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық диктант

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау.



Теледидар.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радиосигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар, түрлі-түсті, ақ ала, кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі - бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын біруақытта күшейту және түрлендіру. Теледидар- ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық ақпарат құралы болып табылады. 20 ғасырдың соңында теледидардың ертеден қолданылып келген кинескопты түрінің орнына, сұйық кристалды, плазмалы түрлері пайда болды. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидардың ең озық түрі болып саналады.


(Парасат журналы, 10-бет, №1, 2013 жыл, 87 сөз)

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған жылдық бақылау

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан жыл бойы алған білімдерін тексеру.


Үміт

Осы оқу жылы мен үшін бір белес асар жылым. Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын. Ілгері қарай оқуға мүмкіндік бола ма, жоқ па? Ол жағы әзір жұмбақ. Ал, мына училищені жақсы бітірсем, ілгері ұмтылуға жол ашық тәрізденеді. Бірақ, ілгері тарта берердей мүмкіндік алдымда аз елестейді. Өйткені, ауылда әкенің бар тапқан, таянғанын беріп, тілеп отырған ақ тілеуі бар. Осы жылға маған рұқсат бергенде, "Шырағым, жолыңды бөгемейін. Бірақ, біздің тілегімізді де ұмытпа" деген. Ол әшейін айтыла салған сөз емес, атаның, ананың ақ пейілінен, мейірбан жүрегінен айтылған сөз. Оны елемей кетер ойдан да аулақпын.


(К.Өмірбаева.Диктанттар жинағы.2008ж. 92 сөз)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар :


ІІІ деңгей.

  1. Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

І нұсқа. Адам, өнер, қабілет. ІІ нұсқа. Білім, бала, қанат.

  1. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар

І нұсқа- әзір. ІІ нұсқа-тілеуі.

  1. Мәтінде кездесетін шылау сөздерді тауып жазып, оның түрін анықтаңыздар.

ІІ деңгей.



  1. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.

І нұсқа- Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын.
ІІ нұсқа- Оны елемей кетер ойдан да аулақпын

  1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

І – нұсқа. . Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын.
ІІ - нұсқа. Ал, мына училищені жақсы бітірсем, ілгері ұмтылуға жол ашық тәрізденеді.

І деңгей.


«Болашақ мамандығым» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет