Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: : Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
І Лексикалық тапсырмалар.
1 .Интернет қызмет түрлерін жазыңыздар.
2.Интернет құрамына кіретін элементтерді атаңыздар.
3.Берілген тақырыпқа диалог құрастырыңыз. «Электронды пошта»
4.Сайттың түрлерін жазыңдар.
Сайт түрлері
5.Сіз қандай сайтты пайдаланасыз?
ІІ Грамматикалық тапсырмалар.
1.Синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа Интернет осыдан 25 жыл бұрын АҚШ-та пайда болды.
ІІ нұсқа Ол әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған.
2.Етістікті ауыспалы осы шаққа қойыңыздар.
І нұсқа пайда болу, құрылу,бағалау.
ІІ нұсқа іздеу, қосу, кіру.
3.Сөйлемде берілген сан есімдерді реттік, болжалды, топтау түріне айналдырыңыз.
І нұсқа Компьютерде отырған әр 20-25 минут сайын көзге жаттығулар
жасау керек.
ІІ нұсқа Көз бен компьютердің арақашықтығы 60-70 см болу керек.
4.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар.
І нұсқа құжат ІІ нұсқа жіберді
5.Берілген тұйық етістікті септеп, тәуелдеңіздер.
І нұсқа құрылу ІІ нұсқа жіберу
8-сынып
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың өткен жыл бойы алған білімдерін жинақтап, сауаттылықтарын тексеру,білім деңгейін анықтау.
Диктант.
Менің туған жерім – Қазақстан. Қазақстан жері кең-байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде дүние жүзінде тоғызыншы орында тұр. Біздің еліміз Ресей, Қытай, Қырғыстан, Түркіменстан және Өзбекістан елдерімен шектеседі.
Қазақ жерінде өзендер мен ормандар, таулар мен жазық дала, көлдер мен шөлдер бар. Республикамыз түрлі өсімдіктер мен жан-жануарларға да өте бай. Пайдалы кең қазбаларының бәрін табуға болады.
Қазақстанның ауа райы құрғақ. Таулы аймақтарда ылғал молдау.
(63 сөз) А.Ш. Бектурова. Ш.К. Бектуров)
Тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
1. Мәтіннің тақырыбын ашатын 3 сұрақ қойыңыз.
2. І-нұсқа: Мәтіннен сапалық сын есімдерді теріп жазыңыз.
ІІ-нұсқа: Мәтіннен қатыстық сын есімдерді теріп жазыңыз.
3. Берілген сөздерді септеңіз
І нұсқа: өзен
ІІ нұсқа: орман
ІІ деңгей.
Морфологиялық талдау жасаңыз.
І-нұсқа- пайдалы
ІІ-нұсқа- кең-байтақ.
Мәтіндегі етістіктерді рай категориясына (2 жақ, өткен шақ) қойып жазыңыз.
І нұсқа – қалау райға айналдыру;
ІІ нұсқа – шартты райға айналдыру.
І деңгей.
Әңгіме құрастыру. Өз туған қалаң туралы не білесің? (қаланың тарихы, табиғаты, өнеркәсібі және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |