Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған аралық бақылау үзігі Мақсаты: І жартыжылда өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Қостанай Қостанай – ежелден қалыптасқан жер атауы. Ғасырлар бойы қалыптасқан ана тіліміздегі мән-мағынасы сақталған төл атау. Торғайдың шығыс бөлігінде орналасқан Ұлытаудың басында Асан атаның бәйбішесі Тана әже жерленген. Оның басындағы ескерткішті халық Ақмешіт деп атайды. Автор Қостанай қаласының атауын да осы Тана әженің құрметіне қойылған және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімінен іздейді. Ал Асанның осы Тана әжедей туған батыр ұлы Абат туралы аңызға айналды. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.
Қостанай қаласының бұрыңғы орнын, Тобол жағасын, қыпшақ рулары қоныс қылған. Олай болса, қала аты да қыпшақтың егіз қызының атымен аталған (98 сөз)
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Ж.С.Қалиева «Учебная книга»: Қарағанды, 2005)
Тапсырмалар
ІІІ деңгей. 1. Берілген етістіктерді өздік, өзгелік, ортақ етіс формаларында жазыңыздар.
І нұсқа – оқу, орындау, шығару ІІ нұсқа – тапсыру, ойлау, көру
2. Мәтін бойынша 3 сұрақ жазыңыздар.
3. Төмендегі етістіктерден келер шақ түрін жасаңыздар.
І нұсқа – есепте, талда, жүр ІІ нұсқа – айт, тапсыр, сөйлес
ІІ деңгей. 1. Белгіленген сөзге лексикалық талдау жасаңыздар.
І нұсқа. Автор Қостанай қаласының атауын да осы Тана әженің құрметіне қойылған және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімінен іздейді.
ІІ нұсқа Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.
ІІ нұсқа. Қостанай қаласының бұрынғы орнын, Тобол жағасын, қыпшақ рулары қоныс қылған
І деңгей. «Туған жердің керемет қалалары» тақырыбына эссе жазыңыздар.