Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған алғашқы бақылау үзігі
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан 4 – сыныпта алған білімдерін тексеру.
Күз.
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазір күз мезгілі. Күн салқындады. Суық жел соқты. Ағаштардың жапырақтары сарғайып,жерге түсті. Бақтарда түрлі жемістер мен көкөністер пісті. Біз бақшадан асқабақ, қызанақ, алма, алмұрт жинадық. Әпкем қырыққабат тұздады. Шешем алма мен алмұрттан тосап қайнатты. Біз күз мезгілін ерекше жақсы көреміз.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 46сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей
1. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.
Қазан Жеміс
2. Төмендегі сөздерге зат есімнің көптік жалғауын жалғаңыздар.
Сынып, адам, әже, ата Мұғалім, аға, кісі,мектеп
3.Берілген сөздерді тәуелдеңіздер.
Алма Алмұрт
ІІ деңгей
1.Берілген сөздерге антонимдік қатар табыңыздар.
Жылы,күн, жақсы, суық
2. Берілген сөздерді септеңіздер.
Қыркүйек жапырақ
І деңгей
Күз мезгілі туралы диалог құрастырыңыздар. (3-4 сұрақ)
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім - білік дағдыларын тексеру.
Менің бөлмем.
Менің атым – Дамир. Менің пәтерім үш бөлмелі. Менің өз бөлмем бар. Бөлмем өте жарық, кең, әрі жылы. Бөлменің терезесі аулаға шығады. Бөлмемде жаңа диван, төбе жиһаз, үстел, ыңғайлы орындық бар. Үстелдің үстінде компьютер орнатылған. Терезенің жақтауында әдемі гүл өсіп тұр. Қабырғада менің суреттерім ілулі тұр.
Мен бөлмемді өзім жинаймын. Маған бөлмем өте ұнайды.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 53сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |