Оқу орыс тілдерінде
жүргізетін қазақ тілі мұғалімдері үшін
Бақылау диктанттары 5-11
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН
МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Қостанай облысы 2014 ж.
Түсінік хат
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5-11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Жинақтағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Әр диктанттан кейін деңгей бойынша грамматикалық тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмалардың берілу мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар жинақ оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді.
Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға: Емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:
«5» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды толық, ешбір қатесі орындаса;
«4» деген баға: ІІІ, ІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«3» деген баға: ІІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«2» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды орындамаса.
Достарыңызбен бөлісу: |