Жеңіл атлетика сабағында техникалық қауіпсіздік бойынша.
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1.Жеңіл атлетика сабағына медициналық қараудан және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқамалардан өткен оқушылар қатысады.
2.Жарақат алу қауіптер:
Тайғақ жерде немесе қатты төсеніште.
Лақтыруды орындау кезінде, лақтыру зонасында болғанда.
Жаттығуларды дайындықсыз жасаған кезде.
3.Спорт залда жарақаталушыға алғашқы көмек көрсету үшін таңба жабдықтары мен қажетті медикаменттері бар дәрі-дәрмек қобдишасы болу керек.
Сабақ басталар алдында қауіпсіздік талаптары.
1.Спорттық киім және табаны тайғақ емес спорттық аяқ киім кию.
2.Секіру шұңқырындағы құмды мұқият ұсату (түсу орны), онда басқа заттардың болмауын тексеру.
3.Лақтыруға арналған снарядтарды тексеру. (диск,ядро,граната).
4.Дайындық өткізу.
Сабақ уақытындағы қауіпсіздік талаптары.
1.Қысқа қашықтыққа топпен жүгіру кезінде тек өз жолмен жүгіру.Мәреден кейін жүгіру жолы 15метрден кем болмауы керек.
2.Жүгіру кезінде соқтығыстың алдын алу үшін жете тоқтауға тиым салу.
3.Тегіс емес,тасты және тайғақ жерде секіруді орындамау, секіргенде қолға түспеу.
4.Лақтыру кезінде, лақтыру алаңында адамдардың болмауына көз жеткізу.
5.Мұғалімнің (жетекші) рұқсатынысыз лақтыруды орындамау, лақтыруға арналған снаряттарды қараусыз қалдырмау.
6.Лақтырушының оң жағында тұрмау(сол қолмен лақтырғанда-сол жақта); лақтыру алаңда болмау; мұғалімнің (жетекші) рұқсатынсыз лақтыруға арналған снарятты жинамау.
7.Лақтыруға арналған снаряттарды бір-біріне лақтырып бермеу.
Сабақ аяқталғандағы қауіпсіздік талаптар.
1.Спорттық жабдықтарды сақтайтын орнына апарып қою.
2.Спорттық киім мен спорттық аяқ киімді шешу.
3.Душқа түсу немесе бет пен қолды сабынмен жақсылап жуу.
Достарыңызбен бөлісу: |