Орындаған: «Ақпараттық жүйе» мамандығының
1 курс оқушысы Төлеуова.Б
Тексерген:Оқытушы Исабаева Н.
Өскемен.2017 ж
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1
ТАҚЫРЫБЫ: Word мәтіндік редакторы. Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс Жұмыстың мақсаты: Текстік редакторда тек мәтін теріп қана қоймай, кесте, сурет, әр түрлі фигуралар орнатуға болатынын сендер білесіңдер. Кестені құрудың және осы кестеге әр түрлі өзгерістер, мәселен, кестенің ұяшығын ұяшығын қосу және алу, кестенің ұяшықтарын біріктіру немесе ұяшықтарға бөлу, кестенің жиегін қоюдың әдіс-тәсілдерімен танысып, оны компьютерде жасап үйренесіңдер.
Кесте құру алгоритмі: Кесте – жолдар мен бағандарда мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге реттеліп берілген ақпарат.
Кестебағанменжолданжәне екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады.
І. Құжатта кесте құрудың екі әдісі бар: 1-әдіс: Таблица Вставить Таблица командасын орындау арқылы.
Ашылған сұхбат терезесінен Баған мен Жолдың санын көрсетіп ОК батырмасын басамыз.
2-әдіс: Стандартты аспаптар тақтасындағы кестені қосу (Добавить таблицу) батырмасына шерту арқылы құруға болады.
Ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып қоюға болады.
Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегімен немесе ,,,, Тab пернелер көмегімен орындалады.