Оқу практикасы



бет9/16
Дата27.09.2023
өлшемі248,89 Kb.
#110458
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №4




ТАҚЫРЫБЫ: Word мәтіндік редакторы. Word мәтіндік редакторында шаблондармен жұмыс
Жұмыстың мақсаты:

  1. MS Word мәтіндік редакторында мәтін терудің негізгі ережелерін пайдалану.

  2. Мәтінді түзету тәсілдерін меңгеру (әртүрлі әдістерді қолдану).

  3. Мәтін үзінділерін көшіру және ауыстыру амалдарымен танысу.

  4. Microsoft Word шеберінің және шаблондарының көмегімен жаңа құжат құруды уйрену. Құжаттарды мәтінмен толтырып объектілер енгізу, шекараларын қою.

Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.


Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:

  1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.

  2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

  3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

  4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.

Бос құжатты даярлау : Бірінші құжатты даярлау үшін «Кәдімгі» нұсқасын пайдаланайық. Бұл нұсқа кейін информация енгізетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде арнайы талап қойылған жоқ. «Кәдімгі» нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін:
Файл → Даярлау (Файл → Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде «Құжат дайындау» сұхбат терезесі пайда болады.
1.Сол терезеден «Кәдімгі» нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басу керек.
2. Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl + N пернелерін немесе стандартты аспаптар тақтасында «Жасау» (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады. 3. Осылардың нәтижесінде де «Кәдімгі» нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұхбат терезесі шығарылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет