Оқу практикасының өту барысы


Салық органдарының қызметі тұрғысындағы міндеттері



бет3/4
Дата14.08.2023
өлшемі0,68 Mb.
#105247
1   2   3   4
Байланысты:
САЛЫК САЛУ РЕФЕРАТ

2.3. Салық органдарының қызметі тұрғысындағы міндеттері.
1) салық төлеушiнiң құқықтарын еліміздің заңдарына сүйене отырып, сақтауға;
2) мемлекеттiң мүдделерiн заң шеңбері шегінде қорғауға;
3) салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындауына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық есептелуiне және уақтылы төленуiне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының дер кезiнде ұсталуына және аударылуына салық бақылауын жүзеге асыруға;
4) салық төлеушiлердiң, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің есебiн, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебiн белгiленген тәртiппен жүргiзуге;
5) белгiленген салық есептiлiгiнiң нысандарын толтыру тәртiбiн түсiндiруге;
6) салық тексеруiн қатаң нұсқамалар бойынша жүргiзуге;
7) Кодекс ережелерiне сәйкес салық құпиясын сақтауға;
8) Кодексте көзделген мерзiмдер мен жағдайларда салық төлеушiге салық мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде хабарлама тапсыруға;
9) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша үш күн мерзiмнен кешiктiрмей салық мiндеттемелерiн орындауы жөнiндегi бюджетпен есеп айырысуларының жай-күйi туралы оның жеке шотынан көшiрменi беруге;
10) салық төлеушiге берiлетiн, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiнің орындалу фактiсiн растайтын квитанциялар көшiрмесiнiң бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
11) мемлекет меншiгiне айналған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi уәкiлеттi органға толық және уақтылы тапсырылуын, сондай-ақ оны сатудан түскен ақшаның бюджетке толық және дер кезiнде түсуiн бақылауды жүзеге асыруға;
12) салық мiндеттемелерiнің орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолдануға және салық төлеушiден салық берешегiн осы Кодекске сәйкес мәжбүрлеп өндiрiп алуға;
13) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес салық төлеушiге әкiмшiлiк айыппұлдар салуға мiндеттi.
Салық тексеруi барысында салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қасақана жалтару фактiлерi, сондай-ақ қылмыс белгiлерiн көрсететiн әдейi, жалған банкроттық фактiлерi анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн тиiстi құқық қорғау органдарының тергеуiне жататын материалдарды жiбередi. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен көзделген өзге де мiндеттердi орындайды[3].
Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-iнiлерi, апа-қарындастары, балалары) немесе жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апа-қарындастары, ата-анасы мен балалары) болып табылатын және (немесе) қаржылық жағынан тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi бар салық төлеушiге қатысты мұндай лауазымды адамның қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруына тыйым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет