АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ
«6B01709 Ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімі» білім беру бағдарламасы
бойынша күндізгі оқу бөлімінің 1-курс білім алушысы
Калилаева Гулайда Жарасбайқызы а
(білім алушының аты, әкесінің аты, тегі)
оқу (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе бойынша
ЕСЕБІ
Іс-тәжірибеден өту орны: «№62 мектеп-лицей»
Іс-тәжірибеден өту мерзімі: 13.02.2022 ж. – 04.03.2022 ж.
Астана халықаралық университетінен іс-тәжірибе жетекшісі:
Капанова А.К. магистр, аға оқытушы ______________________
Қорытынды баға: ___________________
Астана, 2023 ж.
Астана халықаралық университетінің «6B01709 Ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімі» білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу бөлімінің 2 курс студенті Калилаева Гулайда Жарасбайқызына өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс – тәжірибесі бойынша қорытынды
МІНЕЗДЕМЕ
Астана халықаралық университетінің педагогикалық институты «Ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімі» мамандығының 2 курс студенті Калилаева Гулайда Жарасбайқызы 13.02.2022 – 04.03.2022 жыл аралығында Астана қаласы, «№62 мектеп-лицейі» өндірістік (психологиялық – педагогикалық) іс – тәжірибеден өтті.
Іс-тәжірибе барысында сынып жетекшінің көмекшісі қызметін атқару үшін Гулайда 6 «А» сыныбына бекітілді. Ол өзіне бөлінген 6 «А» сыныбымен аз уақыт аралығында тіл табысып кетті. Алғашқы күннен бастап өз ісіне жауапкершілігімен, ұқыптылығымен көзге түсті. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Мектепте өз біліктілігін көрсетті. Гулайда іс-тәжірибе барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді.Ұйымдастырушылық қабілеті бар,
Сыныппен сынып сағатын жүргізді. Бекітілген күндерден басқа, өз сабағынан тыс күндері де практикадан өту үшін мектепке келіп жүрді. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым – қатынаста болды.
Оқушылармен тіл табысып, өзінің бойындағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығы мен сүйіспеншілік сезімдерін педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырысты.Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болды. Тәрбие жұмысы жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Базалық дайындық деңгейі мен қабілеті өте жоғары. Оқушылармен педагог ретінде әңгімелесіп, оларға өзін тыңдата алды. Сынып оқушыларымен жақсы қарым – қатынаста болды.
Тұтас педагогикалық процеске қатысып, пән мұғалімінің сабақ беру әдіс-тәсілдерін бақылады. Оқушылардың сабаққа қатысымын, психологиясын бақылады. Мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайларымен танысты.
Өндірістік (психологиялық – педагогикалық) іс – тəжірибеде көрсеткен жұмысын 100 бал (өте жақсы) деп бағалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |