Гемоглобин. Ер адамдарда 130-160 г/л, әйелдерде 120-140 г/л Гемоглобин (Нb) -бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз). Гемоглобин эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі грамм/литр. Гемоглобин деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды, себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады. Гемоглобин жоғарылау себебі: 1.Сусыздану (су ішудің азаюы, шөлдеу, бүйрек жұмысының бұзылуы, қант диабеті, көп мөлшерде құсу және іш өту, зәр айдағыш заттарды пайдалану); 2.Жүректің немесе өкпенің туа пайда болған ақауы; 3.Жүрек немесе өкпе жетіспеушілігі; 4.Бүйрек аурулары (бүйрек артериясының стенозы, қатерсіз ісіктер) 5.Қан түзу ағзаларының аурулары (эритемия);
Эритроциттер- қанның қызыл түйіршіктері. Бұл қанның ең көп жасушалары. Негізгі қызметі оттегін тасымалдау, оны ағза тіндеріне жеткізу. Эритроциттер ішінде көп мөлшерде гемоглобин болады.
Эритроциттер төмендеу себебі: Эритроциттер санының төмендеуі анемия деп аталады. Себептері:
Дұрыс тамақтанбау
Қан жоғалту
Лейкоздар
Гемолиз (токсикалық заттардың немесе аутоиммунды процесс арқасында қан жасушалардың өлуі)
Вирусты инфекциялық аурулар (тұмау, вирусты гепатит, сепсис, қызылша, ЖИТС және т.б.)
Ревматикалық аурулар: (ревматоидты артрит, жүйелі қызыл шегі)
Гиповитаминоз
Ісіктерге қарсы препараттар: цитостатиктер, стероидты препараттар.
Эозинофилдер-адам ағзасын токсикалық заттардан, паразиттерден тазартуға және ісік клеткаларына қарсы тұратын лейкоциттер түрі. Бұл лейкоцит түрі гуморальді иммунитет қалыптасуына қатысады.
Эозинофилдер төмендеу себебі:
Ауыр металдармен улану;
Іріңді процестер, сепсис;
Қабыну процесінің басталуы.
Моноциттер - саны жағынан аз, бірақ көлемі үлкен иммунды жасушалар. Бұл лейкоциттер ағза үшін бөгде , бөтен заттарды тануға және басқа лейкоциттерді оны тануға үйрететін жасушалар. Қаннан тыс жерде пішінін және түрін өзгертіп, макрофагтарға айналады.
Базофилдер-қанның ең сирек кездесетін иммунды жасушалары. Қалыпты жағдайда қан талдауында анықталмауы да мүмкін. Базофилдер баяу типті иммунологиялық қабыну реакциясын түзуге қатысады. Көп мөлшерде тіндердің қабынуын шақыратын заттары бар.
Лимфоциттер- гуморальді және жасушалық иммунитет құруға негізгі роль атқарады. Қанда лимфоциттердің бірнеше түрлері болады: хэлперлер, супрессорлар және киллерлер. Әрбір лимфоцит түрлері иммунды жауаптың әр кезеңіне қатысады.
Лимфоциттердің жоғарылау себебі: лимфоцитоз
Лимфоциттердің төмендеу себебі:лимфопения
Тромбоциттер- кіші көлемдегі ядросы жасушалар. Негізгі қызметі қан ұюға қатысу. Соның арқасында зақымдалған тамыр жылдам тромбтармен жабылып, қан ағу тоқтайды.