Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет161/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   244
7. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен жаттығыңыздар, сөйлем құраңыздар.

Аңыз, сопылық ілім, уағызшы, исламның нығаюы, шындықтың жақтаушысы, жер асты қылуеті, құдайға құлшылық ету, еңселі ескерткіш – күмбез, ортағасырлық шеберлер, архитектуралық құрылыс-кесене, адамды таңдай қақтыру, тарихты қадірлеу, ірі ойшыл, мінажат ету, қасиетті кесене.


8. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
9. Мына мәтінді талдап, өз ойыңызбен толықтырыңыз.

Тарихи дамуға халық болмысы негіз болады. Жеке тұлғаның өзі халық арасынан шығады. Қандай бір айбынды әмірші болса да, халық деп аталатын құдірет айдынның бетіндегі қалтқы сияқты, сол халықпен бірге көтеріліп, сол халықпен бірге төмендейді деген ойды А.И.Герцен айтқан Қазақтың дуалы ауыз ақыны Әбубәкір Кердері де: “Жігітке бақыт та оңай, дәулет те оңай, Болса егер қабырғалы халқы оның” деген. Яғни, тарихи тұлға қаншалықты данышпан болса да, оның барша болмысы қоғамдық өмір жиынтығымен шендесіп жатады.

Тарихтың даму үрдістеріне ғылым, техника, философия, әдебиет, өнер, діни ой-сана саласындағы біртуар дарын иелерінің де қосар үлесі айрықша зор. Фараби мен Иассауи, Қорқыт пен Асанқайғы, Шоқан мен Ыбырай, Абай мен Жамбыл, Құрманғазы мен Тәттімбет, Ақан мен Біржан, Әсет пен Мұхит, Қаныш пен Әлкей, Мұхтар мен Жүсіпбек, Мұқан мен Нұрғиса, Әбілхан мен Шәкен сияқты біртуар тұлғаларының есімін қазақ халқы мәңгі ардақ тұтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет