Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз



бет2/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   244
1. Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз.

кішіпейіл, жарасымды, ерекшелік, мәнерлі, жұмсақ, өре, тіршілік, көңіл-күй



2. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын қалай түсінесіз?

майда сөз, жылы сөз, сыпайы сөз, жағымды сөз, мәнерлі сөз


3. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

күнделікті тіршілік, пікір алысу, тәжірибе алмасу, адамның мәдениеттілігі, ілтипат көрсету, әдеп сақтау





4. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз.

Сөз әдебі


Күнделікті тіршілік барысында адам әр түрлі адамдармен кездеседі, сөйлеседі, пікір алысады, тәжірибе алмасады. Ал олар адамдардың өзін-өзі ұстауы, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, киім киюі, сөйлеуі арқылы жүзеге асады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдық нормамен реттеледі. Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілігі, өресі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді.

Сөйтіп сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін т.б. сөздер тілге сыпайылық сипат береді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін көрсетіп тұрады. Шырағым, қарағым, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжей сияқты қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері. Адамның «сізң бен «сенің сөзін орынды қолдануы да әдеп сақтауға жатады. Жылы, жағымды сөздер адамның көңіл-күйіне тікелей әсер етеді.

Сөздің қолдануы мен мағынасынан тыс сөйлеуде интонация, дауыс ырғағы да зор роль атқарады. Айтылатын сөз немесе сөйлем интонация арқылы да әр түрге өзгереді. Мысалы интонация арқылы сөзді немесе сөйлемді мәнерлі, жұмсақ әрі көркем етіп жеткізуге болады. Әдепті адамның ісі де сөзі де жағымды әсер береді. Сөйлемде басқа тілдің сөздерін араластырып, тілді шұбарламай таза сөйлеу де адам өресінің деңгейін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет