Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Мәтінді оқып шығып, темекінің зиянын санамалап шығыңыз



бет21/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   244
7. Мәтінді оқып шығып, темекінің зиянын санамалап шығыңыз.

Темекімен әуестенетін адамдарға арналған кеңестер
Тартымды, сүйкімді, көркіне ақылы сай арудың қолына темекі ұстап, тартып тұратынын қоғамдық орындардан жиі көреміз. Егер олардан «Неге мұндай жаман әдетке барасың?»-деп сұрасаңыз, ол міз бақпастан «Өзіме ұнайды» деп жауап қатады.
Бұндай әдет сізге ыңғайсыздық тудырмаса да жақындарың оның денсаулыққа зиян екенін түсіндіруге тырысады. Қолың мен ауыз қуысынан мүңкіп тұрған иісті сезген сүйіктің де бұны ара-тұра жеткізер. Бұл әрине өз қалауыңызға байланысты екенін және оның сіз үшін қауіпті екенін естіген де боларсыз. Негізінен бұл ешқашан жақсылыққа апармайтын әдет.
Ал, сырт көз сізге жараспай тұрғанын көріп тұрса да «елден қалыспайын деген әрекет қой» деп ой түйеді.Мамандар мұндай ақылгөйлердің кеңесінен шаршаған бойжеткен ашулықпен күніне тартатын шылым санын ұлғайтады-дейді.
Ерте ме, кеш пе әйтеуір әр адамға аталмыш сауалдарды өзіне тура қоятын сәт келеді. Жаман әдеттен арыла алмай, темекімен әуестенетіндер үшін мамандардың мынадай кеңестері бар:
1. Темекінің зиянына көз жеткізген сайын, жалғыз қалатыныңды сезінесің.
2. Егер оны тастаймын деп ынталансаңыз, міндетті түрде тастайсыз. (Ең бастысы денсаулықты ойлай беру керек.)
3. Сыни сөздерден жалыққандардың арасынан елдің барлығына «жаман әдетімді тастадым» деп жар салып, бірақ үйдің қуыс-қуысына тығылып тартатын әдіс бар. Яғни, көзбояушылық. Бұл ұтымды әдіс емес. Егер жақындарыңыздың көзіне түсіп қалсаңыз, олар өздерін алданып жүргендей сезінетін болады. Содан кейін оларға оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, ары қарай тіл табысып көр. Бұндай келеңсіз жағдайға тап болған кезде оларға темекі тастауға тырысып жүргенмін деп ақталудан басқа амал қалмайды.
Сонымен қатар ол денсаулықты ғана жеңбей, ажарыңызды алып, бет теріге ерте әжім түсіреді. Бір жола тастаған күнде, жастығымды қалай сақтап қаламын деп үрейленесіз бе? Бұған бас ауыртпаңыз. Бәрі-өз қолыңда!
Адамның тән сұлулығы оның денсаулығынан хабар беріп тұрады. Егер деніңіз сырқат болса, өңіндегі әдеміліктен түк қалмайды. Мұндай кезде кешенді витаминдер қолданған артықтық етпейді.
Егер жаман әдеттен арыла алмайтындай халге жетсеңіз, өзгелерге «адам тәнінің сұлулығы шылымға әуестікпен өлшенбейді, жан сұлулығымен екшеленеді» деп түсіндіріңіз.
Тіс жегілері құртылған адамның тісі ешуақытта маржандай болмайды. Сарғайған тіске көбіміз ағартатын тіс пастасын қолданамыз. Алайда, оны көп пайдалануға болмайды. Эмальға дақ түсіреді. Сосын оны сақтап қалу да бір ғанибет. Сондықтан дәріханағана барып, арнайы «темекі шегетіндерге арналған тіс пастасын» сатып алып қолдану керек. Тіс "лосьоны" да ауыз қуысындағы жағымсыз иістерді жояды. Және қаймақ, қатық жеу керек.
Егер күркілдеп жөтеле берсеңіз, күніне табиғи сүт сатып алып ішіңіз. Өкпеңізді тазартады. Сиырдың сүті емес, міндетті түрде ешкінің сүті болуы керек. Күн сайын 1 стаканмен шектелмей, бал қосып 1 жарым литр ішу қажет. Сондай-ақ өкпе қызметін қызанақ та (помидор) жақсартады.
Темекі жүрек қан тамырларына да зиян. Оны алдын-алу үшін жүзім, қарақат, алма мен банан жеу керек. Күніне бір мезгіл денеңізді шынықтырыңыз.
Темекі көз жанарына да жаман әсер береді. Көздің ағы бірте-бірте сары түске айналады. Нәтижесінде, көзіңіз нашар көретін болады. Бұндай жағдайда дәріханадан (линза тағатындар) "Визин" немесе "Искусственные слезы", (кез-келген адам) «Слезы натуральная» атты тамызығын сатып алып, көзге тамызыңыз.
Сұлулықты сақтап қалу үшін күнделікті бетке ерекше күтім жасау керек. Тері қабатына толық сіңетін арнайы иісмайлар (крем) пайдалан. Бетті әрлендіретін түрлі маскалар жасап тұр.
Дегенмен әйтеуір бір кезде кез-келген әйел затына шылымды тастауға тура келеді. Мамандар көбіне баласының өміріне алаңдаушылық білдірген аяғы ауыр әйелдер бұндай шешімге аяқ-асты келеді дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет