10.“Шығыс даналығы” деген тақырыпта ауызша ақпарат дайындаңыз. 1– сабақ ХП. І. ТАРИХЫҢДЫ ТАНЫ…
І. Ойталқы.
1.Берілген сөздермен сөйлем құраңыз.
Беймәлім, нөпір, айбыны асқан, жорық, масаттанған, дүбір, бас ию, пиғыл,
қоныстану, шімірікпейді,төтеп бере алмады, опасыздар, өркендеу, жаңсақ, өктемдік, ержүрек
2. Сөйлемдегі қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
Шыңғысханның жаулап алу жорықтары басталды. Байсерке ауылына Өзбекстаннан көптеген оралмандар келіп қоныстанып жатыр. Болат қысқа ойлап шешкен істеріне опық жеді. Тапқан табысы да мардымсыз. Жігіттер жиналып сақадай сай тұрды. Ержүрек батырлығы үшін оны бала кезден-ақ Бабыр деп атаған.