Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет143/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   244
Байланысты:
окулык Ш.Айгул

ДАНАЛЫҚ БАСЫ – “АВЕСТА”


  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Шығыс әдебиетінің тарихы туралы не айтар едіңіз?

2) “Авеста” туралы не білесіз?




  1. Мына екі қатардан синоним сөздерді табыңыз

1) Мұра, өріс алу, зұлымдық, ізгілік, нышан, айқын, тағам, сараңдық, жомарттық, өтірік.

2) Анық, таралу, жалған, игілік, мирас, қаттылық, қастық, тамақ, жалған, белгі, мәрттік.



3. Жоғарыдағы синоним сөздермен бірнеше сөз тіркесін құраңыз.

Үлгі: ортақ мұра, қастық жасау, …
4. Берілген сөйлемдердегі кейбір сөздерді синонимдерімен ауыстырып айтыңыз.

1) Парсы поэзиясының биіктері тәжік халқының да ортақ (мирасы) болып саналады. 2) Орта Азия мен Иран халықтарының поэзиясының шығармашылығы бір бастаудан (тараған). 3) “Авестада” екі нәрсе бар: жамандық пен жақсылықтың күресі, (қастық) пен (ізгіліктің) күресі. 4) “Авеста” жас нәресте – жақсылықтың (белгісі) дейді. 5) Сүт шығыста қасиетті (тамақ) болып есептеледі. 6) (Өтірікті) шындық билесін.


5. Мәтінді оқыңыз

Шығыс халықтарының ішінде ең бай, ең көне әдебиет парсы-тәжік әдебиеті болып саналады. ХХ-ХV ғ. арасы Иран мәдениеті, әдебиеті үшін алтын ғасыр санатына жатады. Ежелгі заманда Орта Азия және Иран халықтарының түп-төркіні, тарихы бір болған, бірге дамыған, сондықтан да парсы поэзиясының биіктері мен шыңдары тәжік халқының да ортақ мұрасы болып саналады.

Ерте замандарда Орта Азия мен Иран халықтарының поэзиясының шығармашылығы бір бастаудан өріс алған. Бұлар үшін барлық даналықтың басы – “Авеста”. Бұл кітаптың ішіндегі көптеген тараулар, жазбалар кейінгі ғасырлардағы парсы-тәжік поэзиясының өріс алуының негізі болған. Авеста өзінің алғашқы беттерінен бастап-ақ адам мен табиғатты жырлайды. Әсіресе, суды ерекше құрметтеп, бағалайды. Тау өзендерінің құлап аққан сарқырамасы, құстардың қуатты қанат қағысы, түнгі жапырақтарының сыбдыры бәрі де су үніне, әуеніне қосыла ғажайып бір симфониялық оркестрге ұқсайды. Шығыста суды қадірлеу, құрметтеу әрі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтпаған. “Қайда су болса, сонда өмір болады”, – дейді парсылар. “Судың да сұрауы бар” – деген қазақ. “Авестада” екі нәрсе бар: жамандық пен жақсылықтың күресі, зұлымдық пен игіліктің күресі. Соның бәрінде де жақсылық, игілік иесі адам жеңіп отыруға тиіс. Пенде баласы дүниеге келгеннен бастап, өмірінің ақырына дейін қолынан келгенше жақсылық етуге тиіс. Жаңа туған нәресте де жақсылықтың нышаны дейді бұл кітапта, бала – бақыттың қайнар бұлағы. Егер бір істі бастайтын болсақ, сәбидің басына, маңдайыңды тигізіп шық дейді. “Авестада” айқын айтылатын тағы бір жай: 1) жер өңдеу және нан “Кім жерге дән сепсе, сол жан себеді”, – дейді “Авеста”. Нанды қадірлеп, Құраннан биік қою, аяқ асты етпеу осы даналық кітабынан басталған сияқты. 2) Сүт жайында. Егер әкеле жатқан сүтің бір жерге төгіліп қалса, сол жерді мұқият күреп алып, өзеннің таза суымен ағызып жібер дейді: сүт Шығыста ерекше тағам ғана емес, киелі, қасиетті тағам ретінде пайдаланылған. 3) Темірге ерекше мән берген. Мысалы, егіншілер егін даласына шығар алдында ұстахана арқылы өтіп, ұстаның көрігіне маңдайын тигізіп, сүт жалатқан, сонда ғана біздің ісіміз оңға басады деп ойлаған. “Авестаның” айтуы бойынша, темірге табыну айрықша орынға ие болғанға ұқсайды.

“Авеста” кітабының “Ясна” деген тарауында мынадай сөздер бар: “Бұл үйде тыңдалғаннан тыңдау басым болсын. Араздықтың орнын бітім, билесін. Сараңдықты жомарттық билесін. Дінсіздікті дін билесін. Өтірік сөзді орынды сөз билесін. Жалғанды шындық билесін”, – дейді.

Гүлдің ең әдемі түсі-ақ, жаманы – қара. Күндер: 3, 5, 7, 40 осы күндерді ерекше күтіп алып, шығарып салып отырған. Әсіресе 7 санын бөліп атау керек. Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндерін қиын деп есептеген. (Ө.Күмісбаев)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет