3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.
Үлгі: дарынды адам, биік кесене,…
4. Берілген сұхбаттағы сөздерді синонимдерімен ауыстырып айтыңыз.
– Қожа Ахмет Иассауидің шәкірттері болған ба?
– Әрине болған, ол өзінің маңына (талантты) шәкірттерін жинап, солардың көмегімен сопылық ілімді таратқан.
– Сопылық ілімнің ерекшелігі неде?
– Сопылар өздерін шындықтың нағыз (қолдаушысымыз) деп білген және исламның нығаюы үшін жұмыс істеген.
– Иассауи Араб халифаты тұсында өмір сүрді емес пе?
– Иә, бірақ оның (шығармаларының) жазылуы Қарахан мемлекетінің күшеюімен (сәйкес келген) еді.
– Адамдарды осы күнге дейін (таң қалдырумен) келе жатқан Иассауидің (биік) кесенесін өзің көрдің бе?
– Жоқ. Әлі көрмедім. Биыл барсам ба деп жүрмін.
Достарыңызбен бөлісу: |