ХV Адам жӘне заң
1– сабақ
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: әлеуметтік нормалар, құқықтың пайда болуы, құқықтың адам өміріндегі рөлі, адамдардың өзін ұстау ережелері, дәстүр, мораль, этикет, мемлекет пәрменімен, нормативті актілер.
Ережелерді есте сақтаңыз.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және
қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Азаматтық деп белгілі бір мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған құқықтарды пайдаланып, міндеттерді атқаратын, сондықтан да құқықтары мемлекет тарапынан қорғалатын адамның сол мемлекетке тәнділігін айтамыз.
Құқықтық мемлекет дегеніміз – құқық жүйесі қалыптасқан, заң бәрінен жоғары тұратын, заң талаптарының барлық субъектілерге міндеттілігі қамтамасыз етілетін, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі түгелдей қабылданған заңдарға негізделіп жүргізілетін мемлекет.
|