3. Ұлыны ұлы тап басып таниды екен.
І. «Азамат деп ардақтауға жарарлық,
Арысым деп мына саған қарар жұрт.
Мен де солай құрметпенен қараймын,
Ардағым деп, Саңлағым деп санаймын.
Қырық жаста бір қияға шықтың сен,
Бүгін танда сүйенішім, мықтым сен.
Есіміңді жыр ғып айтып жүремін,
Қуаныштан жарылардай жүрегім.
Ғалым қазақ, мәлім қазақ бол, інім.
Гүлдентетін келер ұрпақ көңілін».
Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиев
П. «Өмірбек Жолдасбеков қазақ топырағында инженерлік ғылымның, инженерлік академияның ұлы ұйымдастырушысы»
И.Яковлев
Ш. «X ғасырда қазақ жерінде Әл-Фарабидей ұлы философ өмірге келді. Ал XX ғасырда жоғары класты механизмдер теориясын ашқан Ө. Жолдасбеков өмірге келді. Біз бұл ғалым ерлігімен мақтанып қана қоймаймыз, инженерлік ғылымның екінші әл-Фарабиі деп білеміз»
Б. Гусев
4.Тыңдайық! Ө.А.Жолдасбековтің нақылға айналған сөздерін тыңдап, мағынасын ашыңыз.
5. Тапсырмалар:
1. Тақырыпқа байланысты қандай деректерді білесіздер?
2. Университет тарихында қызмет атқарған ректорлар туралы не білесіздер?
3. Қазақстанда машина жасау қай деңгейде деп ойлайсыз?
а) көлік ретінде;
ә) ауыр өнеркәсіпте және жеңіл өнеркәсіпте;
б) үй құрлысында;
в) электронды техникада;
Достарыңызбен бөлісу: |