9. Осы естеліктерден қандай ой түйдіңіз? Пікірлеріңізді айтыңыз.
10. Даналық сөздер.
Қыруар ғылым құпиясына қанарсың,
Ал кәдеге асырмасаң надансың.
Сағди
Кімде-кім бала кезінен еңбектің өмір заңы екенін білсе, кімде-кім жас кезінен нан - тер төгу арқылы табылатынын түсінсе, сол адам қаһармандық жасауға қабілетті, өйткені керекті күні мен сағатында оның бойынан қаһармандық жасайтын ерік-жігер мен оған керекті күш-қайрат табылады.
Жюль Верн
3– сабақ
І. Ойталқы.
1. Берілген сөздерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз.
Телегей-теңіз, абырой, ерен атақ, кесімді сөз, алымы мен шалымы, төрткүл дүние, зиялы, ойран, құлшыныс, сәт, қара шаңырақ, өркенді іс,
|
ғимарат, мәлім, парасат, кемеңгерлік, арашашы, жала, туа бітті, бүге-шігесі, жетік білу, машық, байлам, із салушы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |