Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет57/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   244
Байланысты:
окулык Ш.Айгул

7. Еске түсірейік

Шартты рай

Егер … етістік+ са, се + жіктік жалғауы

Болымсыз түрі

Егер … етістік+ма, ме, ба, бе, па, пе, +са,се,+ жіктік жалғауы
Мен барсам біз барсақ

Сен барсаң сендер барсаңдар

Сіз барсаңыз сіздер барсаңыздар

Ол барса олар барса


8. Төмендегі етістіктермен шартты райда сөйлем құраңыз.

Қызығу, серуендеу, келісу, сатып алу, аяқтау, танысу.


Мақалдар:

  1. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

  2. Уақытыңнан айрылсаң,

Бақытыңнан айрылдың.

  1. Алтын көрсе періште жолдан таяды.

  2. Қыз өссе – елдің көркі

Гүл өссе – жердің көркі.

Сөз тапқанға қолқа жоқ

Қожанасыр екі күн молланың сабағына бармай қалыпты. Үшінші күні барғанда молла:

“Қожа, екі күн қайда бардың” десе: “Бірінші күні шешем тері шалбарымды жуып қойған екен, кеппей қалды да, содан келе алмадым. Келесі күні келе жатсам, сіздің де шалбарыңыз жаюлы тұр екен, құрттай менің шалбарым бір күн кеппегенде, далақтай сіздің шалбарыңыз кебе қояр ма екен деп орта жолдан қайтып кетіп ем”, – депті.
Тыңдайық!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет