Оқыңыз
Туризмнің даму тарихы
Туризм - қоғамдық, шаруашылық, кеңістік қатынас. Туризм тарихының тамыры өте тереңде жатыр. Біз туризмнің даму кезеңін үшке бөлеміз:
І. ХVШ ғасырдың соңына дейінгі туризм;
а) ерте заманғы туризм;
ә) жаңадан пайда болған туризм және орта ғасырлар уақытындағы туризм;
б) ХVП-ХVШ ғғ. туризм.
П. ХІХ-ХХ ғғ. туризм – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі;
Ш. Қазіргі туризм
Туризм – туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды. Алғашқы діни саяхаттар б.э.д. төртінші мыңжылдықта жүргізілді. Ежелгі Египетте басталды. Б.э.д. 1501-1484 жылдары Египет ханшасы Хатшеспуттың ұйымдастыруымен Пунт деген теңіз аралына саяхат жасалды. Ал, б.э.д. VІ ғасырда египеттік Фараон Нехао Африка төңірегінде атақты үшжылдық саяхат құрған. Осы кезеңде көптеген саяхаттар болды.
Туризмнің алғашқы қадамдары ХVП-ХVШ ғасырларда басталды. Ең бірінші туристік саяхат Англияда пайда болған. Онда 1841 жылы Томас Кук 600 адамнан құрылған топты Лейстерден Лафбороға дейін апарып, темір жолмен саяхат жасаған.
1882 жылы ең алғашқы әлемдік "Куктың жер шарын айналған" саяхаты болды. Ол темір жол және пароход компанияларымен, қонақ үй және мейрамханалармен келісім құжат жасады. Томас Кук ең алғашқы болып туристік "тур" деген сөзді ашты. Ол бірінші болып туристік маркетинг пен менеджментке жол ашты. Сол үшін Кук бірінші туризм менеджері болып саналады.
Халықаралық курорттардың дамуы Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехия – мемлекеттерін халықаралық дәрежеге жеткізді. ХVШ ғасырдың аяғында басқа елдерге барып саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.
Тапсырмалар:
Мәтінді мәнерлеп оқып, түсініңіздер.
Мәтінге жоспар құрыңыздар.
Өздеріңіз білетін туризм туралы мәліметтерді айтыңыздар.
Мәтін бойынша сұхбат құрыңыздар.
Мәтіндегі сан есімдердің жазылуына мән беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |