Адам қан топтарының тұқым қуалауына есеп шығару жолдары және есептер жинағы: 20 - есеп. Әкесі шешесінің қаны екінші және үшінші топқа жатады.
Балаларының қан топтары қандай болуы мүмкін.
21 - есеп. Мына отбасында балалардың қан топтары қандай және
қандай сан қатынасында болады?
а) Ата-анасының қанының топтары А және В болса, отбасыңда қанының тобы О бала туа ма? Болса қандай жағдайда және қандай ықтималдықта?
б) Әке-шешесінің біреуінің қаны I топқа, ал екшшісінікі ІІІ топқа жатады. Олардың бір баласы бар. Сол баланың қанының тобын және оның генотипін анықтау керек.
22 - есеп. Сот процесінде алимент төлемегені үшін іс қаралып жатыр. Шешесінің қаны бірінші топ. Ал баласының қаны екінші топқа жатады. Баланың әкесі ретінде қаны ІІІ топқа жататын ер адам болуы мүмкін бе? Әкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін?
23 - есеп. Әкесінің қаны бірінші топ, ал шешесінің қаны үшінші топ
болған жағдайда, олардың балаларының қан топтары қандай болуы мүмкін?
24 - есеп. Ерлі зайыптылардың біреуінің қаны гетерозиготалы Ш топқа, ал екіншісінікі гетерозиготалы II топқа жатады. Олардың төрт баласы бар. Сол балалардың қанының топтарын және оның генотитерін анықтаңдар.
25 - есеп. Ерлі зайыптылардың екеуінің де қанының топтары гетерозиготалы III топ болған жағдайда, олардан II және IV топқа жататан балалар тууы мүмкін бе?
26 - есеп. Баланың қаны екінші топ, оның інісінікі үшінші топ. Олардың ата-аналарының қанының топтары туралы не айтуға болады?
27 - есеп. Әрқашан әкесінің қанын балаларына қарындасыныкін
туған ағасына құюға бола ма?
28 - есеп. Шешесінің қаны О топқа, ал әкесінің қаны АВ топ болған жағдайда, балаларына ата-анасының біреуінің қанының тобы - берілуі мүмкін бе?
29 - есеп. Ерлі зайыптылардың біреуінің қаны АВ тобына, екіншісінікі – А тобына жатады. Осы некеден қан топтары В, АВ және О үш бала туады. Ата-анасының, балалардың генотипін анықтаңдар? Балалардың қан топтарында күдікті сенімсіздік тудыратындай мәселе бар ма?
30 - есеп. Баланың әжесі мен атасында қан топтары I топқа, ал нағашы атасының қаны IV топқа жатады. Баланың қанының тобының ІІ, ІІІ, ІV және I болуының ықтималдылығы қандай?
31 - есеп. Қаны I топқа жататын ер адам, қаны II топқа жататын әйел адамға үйленеді. Әйелдің әкесінің қан тобы I. Осы некеден туатын баланың қаны I топ болуының ықтималдығы қандай?
32 - есеп. Егер шешесінің қанының тобы А, әкесінің қанының тобы О болса, олардан қанының тобы В болатын бала туа ма? Жауабыңды түсіндір.
33 - есеп. Кей адамдардың қанында антиген резусы оң (Rh+) домидантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Кейбір адамдардың қанында бұл антиген жоқ болғандықтан резусы теріс (rһ-) рецессивті белгі ретінде ұрпақтарына беріледі. Ата-анасының екеуінікі де (rһ-) резусы теріс болса, ата-анасының біреуінікі резусы теріс (rһ-) , екіншісінікі резусы оң (Rh+) болған жағдайда, осы некелерден туатын балалардың қанының тобы қандай болуы мүмкін?
34 - есеп. Көздері қара ерлі-зайыптылардың отбасында 4 бала бар. Олардың екеуінің көздері көк те қан топтары I және IV, ал екеуінің көздері қара да қан топтары II және Ш. Қара көзділікті аутосомдық доминантты белгі деп алсақ, осы отбасында қара көзді I топпы қаны бар баланың тууы мүмкін бе?
35 - есеп. Пробанда - бала дальтоник, гемофилиямен ауырады, резусы теріс
(rһ-), қан тобы I. Ата-анасы сау, көзі қалыпты көреді, резусы оң (Rh+), қан тобы IV. Отбасының барлық мүшелерінің генотипін анықтаңдар.
36 - есеп. Апалы-сіңілілі егіз қыздардың біреуінің қанының тобы III, азу тістері жоқ (шешесінен берілген), екіншісінің азу тістері бар, қанының тобы II. Ата-анасының қан тобы IV болған. Апалы-сіңілілі қыздар бір жұмыртқа арқылы егіздерме, немесе әртүрлі жұмыртқалы егіздерге жатадыма? Отбасының мүшелерінің генотипін анықтаңдар.