Байланысты: Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері
Кеңістік. Кез-келген антропоэкожүйе белгілі бір кеңістікті алады, белгілі бір аймақта тіршілік етелі. Антропоэкожүйенің аумағы өзгереді – жүйенің өзі де өзгереді. Бір жүйеден бір жүйеге өту қандай да бір экстрималды катаклизмаларсыз, эволюциялық жолмен өтуі мүмкін. Антропоэкожүйенің аймағының өзгеруі, көп уақыт аралығында өтіп, оның өзін-өзі дамуымен байланысты. Өзінің бастапқы кезеңінде Ресей қала ретінде қазіргі кездегі Кремльге (бірақ ол Кремль ағаштан жасалған) сәйкес болды. Кейін ол Қытай – қаласына дейін созылды, Бульварлық сақина аумағын алды, әрі қарай Саодовый сақинасы, Мәскеу сақинасы, кейін оның шекарасынан асты. Әрине, әр кез өзгеше анторпоэкожүйе қалыптасты, алатын аумығының өзгеруінен гөрі, экономикадағы тарихи өзгерістер, мәдениет, халық саны мен құрылымымен байланысты.
Кейде қарастырылған антропоэкожүйенің аумағының күрт ұлғаюы немесе кішіреюі байқалады, ол мінездің өзгеруіне, яғни жойылғаннан п.б жаңа антропоэкожүйеге әкеледі. Бұндай түрдегі өзгерулер белгілі бір интенсивті сыртқы және ішкі жүйелермен байланысты. Антропоэкожүйенің шекарасының өзгеру себебі болып басқа жүйелер, мысалы, жаңа аудандарды экономикалық игеру болып табылады. Ертерек ну орманнан, темір жол пайда болды, мұнай мен газ құбырлары салынды. Жаңа қалалар мен ауылдар, өмірлік көзқарасы өзгеше халық пайда болды. Нәтижесінде жаңа антропоэкожүйелер туындап, жергілікті тұрғындар өмірі өзгерді.
Уақыт. Әрбір антропоэкожүйенің тіршілік ету уақыты әлеуметтік және шаруашылық иеленумен шектелуі. Антропоэкожүйенің негізгі элементтерінің кез келген пайда болған өзгерісі, оның орнына басқа антропоэкожүйенің (табиғаттың, шаруашылықтың, адам қауымының) пайда болуына әкеледі. Бұл күйді қарапайым мысалмен өзгертуге болады. 1950 жылдары Братский ауданының Иркутск аумағында халық жер иеленумен аңшылықпен, балық аулаумен, ағаш дайындаумен айналысты. Братский СЭС салынуы, целлюлоза-қағаз және аллюминий зауыттары, орманның шабылуына, аңшылық пен балық шаруашылығын жойды. Жергілікті тұрғындар, келген адам қауымында байқалмай қалды. Бірнеше ғасыр бойы қалыптасқан адам қауымы, бірнеше жылда жойылып кетті. Оның орнына жаңа адам қауымы пайда болды. Осылай 1940 жылы, Братский аумағында 41,3 мың адам өмір сүрді. Олардың барлығы ауыл тұрғындары болды. 1970 жылы осы аумақта 203 адамнан, 225 мың адам болды, Братский ауданында 362,4 адам тұрды.
Братский ауданының тұрғындары су қойнауларына батқан ауылдардан, біртіндеп құрылысқа, біртіндеп орман шаруашылығына, біртіндеп жерде салынған жаңа ауылдарға көшті. Ауылшаруашылық жұмысы өзгерді: мал – бидай шаруашылығының орнына сүт, көкөніс, картоп және жұмыртқа өндіру тәрізді салалар дамыды. Бұл өзгерістердің нәтижесінде халықтың құрылымы, оның демографиялық мінез-құлығы, мәдениет және білім деңгейі, кәсіби қызығушылық, ауыр мінезі, кемістік, өлім себептері өзгерді. Басқа сөзбен бұрынғы орында жаңа антропоэкожүйе орнына, тек қана басқа халықпен ғана емес, жаңа шаруашылықпен басқа табиғатпен және жануарлар әлемімен үлкен суқоймасы пайда болды.
Хронологиялық шолу жасау үшін қайтадан Ресейге оралу керек. Заманауи Мәскеудің орнына бұрынғы атын сақтап отырып, өткен уақытта бір антропоэкожүйе басқасын алмастырды. Бірақ, әрбір жаңа Мәскеу басқа аймаққа ие болды, басқа халық (жасқа, жынысқа құрылымы мен санға сай) өзгеше шаруашылық туындады. Бұл кезеңде континуальді – дискретті жағдай байқалды. Бір жағынан Мәскеудің шаруашылық – сауда орталық ретінде дамуы үздіксіз болды, бір жағынан – Ресейді жан – жақты қарастырсақ, дискреттік (уақыт аралығы үзіліс) жүйе екеніне көз жеткіземіз.
Кез келген уақытты шектеу, мысалы Мәскеу 1147 жылы→ Мәскеу 1500 жылы – 1612жылы → Мәскеу 1812 жылы Мәскеу 1900 жылы→ Мәскеу 1924 жылы Мәскеу 1941 жылы → Мәскеу 1960 жылы→ Мәскеу 2000 жылы, біздің алдымызда үнемі басқа антропоэкожүйе екенін көрсетеді, өз ережелері бойынша тіршілік етіп, дамиды, басқа аумақты алады, халық құрылымы бойынша басқа, өзіне ыңғайлы заманауи ортада ойланып, әрекет жасайды. Антропоэкологиялық құбылыспен жүйелерді қарастыра тұра, уақыт аралықтарын өте мұқият таңдаған жөн, оның негізінде салыстыру мен болжауларды жүзеге асыру керек.
Антропоэкожүйені зерттеу белгілі бір мақсатта, теория жүйесі негізінде келесідей қалыптастыруға болады:
1)көптеген басқа обьектілерден нақты жүйелерді көрсету;
2)жүйенің құрылымын зерттеу;
3)жүйенің мінез-құлығын зерттеу;
4)жүйенің мінез-құлығын болжау;
5)жүйемен басқару;
Ескертерлік жағдай, антропоэкожүйе белгілі бір тұрақтылыққа ие, жетекшінің жауапсыз қылығымен, халықтың өзімен, сыртқы күшінің әсерінен бұзылуы мүмкін.
Антропоэкожүйеде жүретін процестерді, жүйелерді бағалау және анализ көмегімен білім алып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндіктер береді. Жүйенің мінез-құлығын шынайы қылып көрсетеді. Болжау, өз алдына, бүкіл жүйемен болмаса да, оның бөлшектік блоктарын, кейде барлық жүйелердің басқару жолдарын меңзейді.