Оқу құралы Қостанай 2016



бет2/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

© Суюндикова Ж. Т., 2016
МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ............................................................................................



4

1-тарау. Адам экологиясының пәні, әдістері. Адам экологиясының ғылымдар жүйесіндегі орны..............................

6


2 - тарау. Адам экологиясының аксиомалары...........................

18

3 - тарау. Антропоэкожүйелер – адам экологиясын зерттеу нысаны.................................................................................................

30


4 - тарау. Қоршаған ортаға адамның бейімделуі..........................

44

5 - тарау. Экологиялық жағдай және адам денсаулығы..............

48

6-тарау. Қала және қала тұрғындары............................................

72

7-тарау. Тұрғын үй – қала тұрғынының экологиялық орыны.....

97

8-тарау. Антропоэкологиялық зерттеудегі отбасы.....................

109

ТАРАУ 9-тарау.Демография және экологиялық мәселелер.....................

124

10-тарау. Қауіпсіздік ережелері.....................................................

128

Адамның экология пәнінен өз білімін тексеруге арналған тестік сұрақтар.................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................

147
160




КІРІСПЕ

Алғаш «адам экологиясы» термині 1921 жылы Америка ғалымдары Р.Е. Парк пен Э.В. Берджес еңбектерінде қолданылған. Олар бұл терминді әлеуметтік жұмыстарында қолданған.


Адам экологиясы – адам мен оны қоршаған көпкомпонетті, қарқынды дамып отыратын, қоршаған ортамен қарым - қатынасының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. ХХІ ғасырдың І-ші жартысында берілген қысқа да нұсқа анықтамалары әлі күнге дейін сақталған.
Сонымен, адам экологиясы адамның адаммен, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасының заңдылықтарын, өмір сүру жағдайлары мен адам организміне әсерін зерттейтін ғылым.
Биосфераны, оның уақытша және кеңістіктегі құрамдас бөліктерін, биосфераға антропогендік факторлардың әсерін зерттеу адамнан, адам популяциясынан, адамзаттан бөлек болмайды.
Адам экологиясы антропоэкожүйенің әртүрлі деңгейлерін ғаламдықтан жергілікті, микрожергіліктіге дейін зерттейді. Тіпті бүкіл Жер шары өзінің ауа қабаттарымен жақын ғарыш кеңестігімен де адам экологиясының зерттеу объектісі бола алады.
Ғаламдық антропоэкожүйені бүкіл Жер қабатын құрайтын биосфераны техникалық құралдармен табиғат ресурстарын қолданатын халқы бар – антропоэкосфера деп қарастыруға болады. Антропоэкосфера адамдардың топтарынан тұратын шағын, шектелген кеңістіктен, төмен деңгейлі антропоэкожүйеден тұрады. Бірақ антропоэкологиялық зерттулердің объектісі болып түрлі аумақтағы территориялық кешендер болады.
Адам экологиясы – бұл адамның мекен ету ортасымен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым болып табылады. Бұл қарым-қатынастардың негізінде адам организімінің ортаның әсерлеріне морфофизиологиялық реакциялары жатыр. Организімге қоршаған ортаның абиотикалық (физикалық, химиялық), биотикалық және антропогенді факторларының әсері анықталады.
Адамдардың жыл сайын күшейіп келе жатқан іс әрекеттерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін, пайда-зиянын, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланып, қалпына келтіріп отырған жолдары мен әдістерін де адам экологиясы зерттейді. Оның негізгі тақырыбы – адамдар мен табиғаттың арақатынасы, олардың іс әрекетінің қоршаған ортаға пайдасы мен зияны. Адам экологиясы адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының, денсаулығының экологиялық факторларын қарастырып, әлеуметтік-экономикалық келесі мәселелерді пайдалы шешу, адамдардың өмір сүруін жақсарту, табиғат пен қоғамның ара қатынастарын ұтымды ұйымдастыру жолдары мен әдістерін зерттейді.
Адам экологиясы экологияның үлкен бір бөлігі болып есептеледі.
Адамдардың табиғатпен арақатынастары көп қырлы және көп сырлы болады. Оларды түсініп білу үшін терең білім мен зерттеу әдістерін жете меңгеру қажет. Адам экологиясы құрлымы жағынан биологиялық, әлеуметтік, антропогендік, қолданбалы компоненттерден тұрады.
Адам экологиясын оқытудың мақсаты – адамдық қоғамда өтетін үрдістер мен адамның өмірлік ортасын оңтайландыруды жүзеге асыруға көмектесетін ақпаратпен қоғамды қамтамасыз ету.
Адам экологиясын оқытудың міндеттері –

  1. Адамның әлеуметтік жағымды және қауіпсіз, экологиялық таза ортасын жасау

  2. Халыққа табиғи, әлеуметтік және тұрмыстық факторлардың мәдениеттің, дәстүрдің, діннің әсерінің заңдылықтарын оқып үйрену.

  3. Экологиялық-әлеуметтік-демографиялық үрдістердің салдарын, бағытын анықтап, олардың түзілу себептерін айқындау.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет